Көркем әдебиет

Ахметбеков Кәрібай. Қасірет: Роман. -Алматы: «Жазушы», 1991. -432 бет. Жазушының жаңа романы-ақтаңдақ жылдардың қайғы қасіретін арқау еткен күрделі туынды. Онда 1932–1937 жылдардағы ел басынан өткен нәубаттар барынша табиғи да нанымды суеттелген. Жазықсыз халық жауы атанып, сүйгенінің өзі жасырын көмілген. Ескермес, аштықтың тырнағынан ғайыптың жазуымен ғана әзер аман қалған Ошақбай, Қарашаш сынды кейіпкерлердің тақсіретті тағдырлары оқушысын жайбарақат қалдыра алмайды.
Алтай Халифа. Алтайдан ауған ел. — Астана. — 2011, 280 бет. Алты тараудан тұратын бұл кітап ХІХ ғасырларда Алтай, Тарбағатай аймақтарын қоныстанған халықтардың атамекендерінен жат жерлерге амалсыздан қоныс аударуы суреттеледі. Олардың көш уақытында көрген қиындықтары мен ауыртпалықтары туралы әңгімеленіп, автордың басынан өткен қилы заман хикаяларын бүкпесіз, боямасыз баяндайды.
Дулатбеков Н. Алаш ардақтылары: Санк-Петербург іздері. — Алматы: «Таймас», 2013. -240 бет. Кітапқа заң ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесі Н. Дулатбековтың 19–20 ғасырлар тоғысында Санкт- Петербург университетіндебілім алған бір топ Алаш ардақтыларының өмірі мен қайраткерлігіне қатысты бірәз жылдардан тұрақты зерттеп, жариялап келе жатқан мақалалары топтастырылған. Нақтылы мұрағат материалдарына негізделген жазбалар сонау ел басына күн туған алмағайып кезеңде қазақ халқын ұлт қылып ұйыстырып, ел қылып қалыптастыру мақсатында еселеп еңбек сіңірген, сол жолда бастарын бәйгеге тіккен текті тұлғалардың тағдырлары жайында баян етеді. Кітап көпшілік қауымға арналған.
Елубай Смағұл. «Ақ боз үй». Роман-трилогия. Алматы: Атамұра, 2008. -520 бет. Трилогияға кешегі кеңестік кезеңдегі қазақ халқының жазылмаған шындығы, айтылмаған тарихы арқау болады. «Ақ боз үй» романында өткен ғасырдың 1930 жылдарындағы ашаршылық зардаптары, «Мінажат» романына қуғын-сүргін оқиғалары өзек болса, «Жалған дүние» 1980 жылдары рухани толықтыру дәуірінен сыр шертеді.
Есенберлин Ілияс. Қатерлі өткел: Роман. -Алматы: «Көшпенділер» баспасы. 2001. -288 бет. Қазақтың белгілі жазушысы І. Есенберлиннің «Қатерлі өткел» шығармасы алғаш рет 1967 жылы «Жалын» баспасында жарық көрді. Шығарма басқа тілдерге аударылды. Бірінші бөлімде «Адасқан ақын», бұл өмірдегі өзгерісте өзінің дұрыс жолын таба алмаған, сондай-ақ аумалы-төкпелі қиын заманда кімнен ақыл сұрап, сүйеуші болар адам іздеген жас ақынның өмірі суреттеледі. Ол қазақ даласына келген жаңалықты жан жүрегімен қабылдай алмай күйзеледі. Өз елінің ертеңі, еркіндігі үшін өз жанын құрбан етуге даяр. Осындай шешімі жоқ қиын кезеңде оған дұрыс жол сілтейтін адам болмайды. Оның жан жолдасым деп сенген адамы, оған опасыздық жасайды. Ал екінші бөлім: «Жол үстіндегі сергелдең» ақынның қосылған жарымен еліне саяхат жасауы. Осы сапарда өзінің шешімін таппаған сұрақтарының шешімдерін табуға тырысады. Үшінші бөлімде «Өмір-жеңіс», бұл ақынның өз көзқарасының өзгеруіне бар күш жігерін салуы баяндалады
. Есенжанов Хамза. Ақ Жайық: Трилогия. -Алматы: «Жазушы», 1988. -336 бет. Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» романының екінші кітабында 1919–1928 жылдар арасындағы қазақ аулындағы түбегейлі өзгерістер баяндалады. Жайық бойындағы халықтың тұрмыс тіршілігі толығымен суреттеледі.
Қалибек Хакім туралы естеліктер. (Азаттықты аңсап, Гималай асқан көш). -Құрас.: Ә. Ілиясұлы. Алматы: «Білім», 2009. — 288 бет. Бұл жинақта шығыс Түркістан қазақтарының ұлт- азаттық қозғалысының басшыларының бірі болған, көтеріліске басшылық еткен Қалибек Райымбекұлының өмірі мен қызметі жайлы естеліктер, батыр туралы жазылған жыр- дастандар, ерлік істері тартымды әңгімеленеді.
Қыдырәлі Д. Қ. Мұстафа. — Астана: Деловой Мир Астана, 2012. — 276 бет. Түркістанның бірлігі мен тәуелсіздігін ту етіп, оны өмірлік мұратына айналдарған, сол жолда құрбан болған Мұстафа Шоқайдың тұлғасы күн өткен сайын биіктей бермек. Түбі бір түрік жұртының тағдыры талқыға түскен шақта басын бәйгеге тіккен, саналы ғұмырын ұлт мүддесі мен ел мұраты жолына арнаған сан қырлы қайраткер тұлғасын тың деректерге сүйеніп, тартымды суреттейді. Кітаптың ойы орамды, тілі шұрайлы.
Қырғызбаев Ө. Созақ қасіреті: /Тарихи роман/. — Алматы: "Ана тілі " баспасы ЖШС, 2013. — 272 бет. Қаламгердің бұл туындысы қазақ халқының тарихындағы ақтаңдақ, атышулы Созақ көтерілісінің сексен жылдығына орай нақты деректерге негізделіп жазылған. Кезінде тағдыр тәлкегіне, қуғын-сүргін зобалаңына ұшыраған қарапайым халықтың басынан өткен азапты өмір шығармада шындықтан алшақ кетпей ашық суреттеледі.
Ләмбекұлы Сапарғали. Арыстар: Роман. -Астана: Елорда. 2000. -368 бет. Жазушы Сапарғали Ләмбекұлының «Арыстар» романы XIX-XX ғасырлар алмасуындағы алмағайып заманның шер-мұңын арқалаған арыстардың тағдыр-тақсіретін өзек етіп, ащы шындықты көркем тілмен жеткізеді. Жазушы Сапарғали Ләмбекұлының «Арыстар» романы XIX-XX ғасырлар алмасуындағы алмағайып заманның шер-мұңын арқалаған арыстардың тағдыр-тақсіретін өзек етіп, ащы шындықты көркем тілмен жеткізеді.
Нұрпейісов Әбдіжәміл. Қан мен тер. Трилогия. Алматы. «Жазушы», 1977. -824 бет. Әбдіжәміл Нұрпейісов-қазір әлемге аты әйгілі есімдердің бірі. Үш кітаптан тұратын бұл трилогияның әрбір парағынан жусан иісі мен Арал даласының аптабы, теңіз сарыны есіп тұрады. Кешегі аумалы-төкпелі замандағы дала тұрмысының қат-қабат шежіресін шерткен «Қан мен тер» бұл күндері талай жерді аралап кеткені оқушыға аян. 1974 жылы бұл трилогия СССР Мемлекеттік сыйллығының лауреаты болды.
1937–2007 Тауқымет пен тағзым. Құрас.: Б. Төлепберген. — Алматы: РИИЦ АЗИЯ, 2007 -296 бет. «1937–2007 Тауқымет пен тағзым» кітабы 1937 жылдардағы саяси қуғын-сүргінге 70 жыл толуына арналып отыр. Кітап өмірбаяндық анықтамалық, құжаттар мен мақалалардан тұрады. Қазақ халқының басына төнген сонау жылдардағы нәубет пен зобалаң тарихи-танымдық тұрғыдан сипатталады. Кітап аталған тақырыпқа қызығушылық танытқан барша оқырманға арналады.
Тасымбеков Армиял. Жан дауысы: Деректі публицистикалық повесть. -Алматы: «Жалын», 1994. -176 бет. Тарихымызда «ақтаңдақтар» деп аталатын уақыттың қайғысы мен қасіреті көп жыл тұмшаланып келді. Ақ жаулықты аналарымыздың мұң-зарын араға жарты ғасыр салып естіп отырмыз. «Ештен кеш жақсы» деген. Қазірде көзі тірі, 1937 жылдардағы қуғын-сүргінді басынан кешірген аналар, халқы үшін аянбай қызмет еткен абзал азаматтардың жарлары сол бір әділетсіз жылдарды өкініш, күйінішпен еске алады. Кітап авторының жүздеген аналарды іздеп тауып, олардың естеліктерін ізін суытпай жариялауы азаматтық іс екенін айта кеткен жөн.
Тілеухан Т. Роман және әңгімелер. — Алматы: «Қайнар» ЖШС,2013. — 384 бет. Романда әке-шешелері отыз жетінші жылы қуғынға ұшырап кеткен үш сәбидің тағдырына араша түскен қарт әйелдің сонау Сібірге дейін балаларыніздеп барған ерлікке пара- пар іс-қылықтары бейнеленген… Адам тағдыры мен мінез- құлықтарының әр түрлі қыр-сырын сүйреттейтін әңгімелерде адам өміріндегі сан қилы құбылыстардың сыр-сипаттары әңгімеленеді.
Смайыл А. Арқаның Бетпақ деген даласы бар. Повестер. Астана: Елорда, 2000. — 320 бет. Жазушы бұл повестер жинағында ХХ ғасырдың қасіретіне айналған, Кеңес Одағы атты ұланғайыр кеңістікте үстемдік құрған қызыл идеологияның тұтас ұлтты қалай рухани жұтқа ұшыратқаны жайлы көркем баяндалады. Халық трагедиясы сыртқы қысым рухани зұлматқа айнала келіп, ұлттың өз ішінен сол сайқал саясаттың сойылын соғушылырды тудырғанда қалыңдай түседі. Повесті оқи отырып бұған көз жеткізесіз.