Нәзір Төреқұлов (1892-1937 жж.)

Нәзір Төреқұлов (1892-1937 жж.)

Дүниеге келгені: 1892

Қандоз

Ұлты: қазақ

Мансабы: Алашорда қайраткері

Нәзір Төреқұлов-Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, елші, ғалым Нәзір Төреқұлов 1892 жылы Түркістан маңындағы Қандоз деген жерде туған.

1900–1903 жылдары Қоқандағы медреседе оқыған.

1903–1905 жылдары осындағы орыс-түзем школында оқыған.

1905–1913 жылдары Қоқан коммерция училищесінде оқыған.

1913–1916 жылдары Мәскеу коммерция институтының экономика факультетінде оқыған.

1916 жылы Минскіде Батыс майданындағы «Земеоюзда» нұсқаушы болған. Сол жылы «Еркін дала» атты жасырын ұйым құрған.

1917 жылы Орынборда өткен бірінші жалпықазақ сиезіне қатынасқан. Сол жылы бүкілресейлік «Земсоюздың» Торғай облысындағы нұсқаушысы.

1918 жылы «Қазақ мұңы» газетінің редакторы (Орынбор), Қоқан совдеиі ревкомының хатшысы, «Халык сөзі» газетінің редакторы (Қоқан).

1918–1919 жылдары Ферғана облыстық ревкомының төраға орынбасары, төрағасы, халық ағарту комиссары, осы жылы Түркістан ОАК мүшесі.

1920 жылы Түркістанның халық ағарту комиссары, «Вестник просвещения и коммунистической культуры» журналының редакторы.

1920–1922 жылдары Түркістан ОАК төрағасы, сол шақтағы барша сиездерге қатысушы.

1922 жылы КСРО халықтары орталық баспасы басқармасының төрағасы (Мәскеу).

1923 жылдан осында «Темірқазық» журналының редакторы кызметтерін атқарады.

1924 жылы Орынборда өткен Қазақ білімпаздарының бірінші сиезіне қатынасады.

1922 жылдан жаңа түрік әліпбиін енгізу комиссиясының төрағасы болып сайланады.

1926 жылы Бакуде түріктанушылардың сиезіне қатысып, латын әрпі туралы сөз сөйлейді.

1928 жылы Орталық жаңа түрік әліпбиін енгізу комиссиясының құрамына енеді.

1928 жылы Сауд Арабиясындағы КСРО-ның бас консулы, КСРО-ның осы елдегі төташіе елшісі және өкілетті министрі болып тағайындалады.

1936–1937 жылдары Москва мен Ленинградта Шығыс халықтары институтының ғылыми қызметкері, оқу ісі жөніндегі проректоры.

Қайраткер ғалым ретінде отандық тіл білімі саласына үлкен үлес қосты. Оның «Жат сөздер», «Ұлт мәселесі және мектеп», «Қазақ-қырғыз үшін жаңа әліпби» сынды еңбектері мен өзге де мақалаларында емле, әліпби, терминология жүйесі ғылыми негізде талданып отырады. Сондай-ақ қаламгердің әдебиет туралы пікірлері де ерекше. Ол С. Сейфуллиннің «Асау тұлпар», «Бақыт жолына» атты шығармаларына, өзбек каламгері А. Қадыридің еңбектеріне сын жазды. Өзбектің «Инқилоб» атты журналына жазған ислам діні, жәдитшілдік, Түркістан тарихы туралы мақалалары ғылыми нақтылығымен көзге түседі. Қайраткер 1937 жылы 15 шілдеде ұсталып, 3 қарашада атылды.

Ұжымдастыру және жаппай жазалау(1930 — 1940 ж.ж.)