Көркем әдебиет

Адырбекұлы К. ХХ ғасыр: Соңғы репресия. — Алматы: « Алаш», 2006. -285 бет. Кітапта Желтоқсан көтерілісене қатысқан жастар, Халық қаһарманы Қ. Рысқұлбеков, Ж. Сабитова, Н. Сабильянов, М. Әбдіғұлов және сол көтеріліс жөнінде Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің арнайы құрылған комиссиясының тең төрағасы М. Шаханов туралы мұрағат деректеріне сүйеніп жазылған қызықты жайлар баяндалады.
Азаттық аңсағандар: Деректі шығармалар жинағы,/Құраст. -Оразақын Асқар. — Алматы: «Жалын», ЖШС, 2006. -256 бет. Жинақ Желтоқсан ұлт азаттық көтерілісінің 20 жылдығына арналған. Сол оқиғаға қатысушылардың ерліктері, көрген қуғын сүргіндері, т. б. тарихи жағдайлар баяндалады.
Ақболатова Р. Менің Президентім! Ақ патша./ Қазіргі заман желісіндегі үш тілді ертегі. — Алматы: 2010. -55 б. Суретті. Бастауыш сынып оқушыларына арналған үш тілді ертегі. Түрлі-түсті суретті кітап өте мазмұнды да тартымды.
Алдаберген0ызы Т. Әйел-Әлем. — Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2012. — 304 бет. Халқымыздың сан ғасырлық тарихында орын алған азапты жолдарында ер – азаматтармен бірдей білек сыбана күресе білген асыл аналарымыз аз болмаған. Журналистің бұл жинағыаты айтып тұрғандай, сол аналарымыздың бүгінгі жалғасы – Тәуелсіздік тұсында да мәдениетіміз бен әдебиетімізде, қоғамның түрлі салаларында қызмет жасаған азаматтар мен қыз келіншектер өмірі жайлы болмақ.
Ахметбекұлы А. Көк тудың желбірегені/ Алмас Ахметбекұлы. — Алматы: Сардар, 2015. -320 бет Ақынның танымал «Көк тудың желбірегені» атты ән- өлеңдері нотасымен топтастырылып енгізілді. Ақын өлеңдерінде рухани бостандық, адамдық өмірге деген сенім, мемлекетке деген құштарлық, биік рух асқақ шабытпен, бейнелі өлеңдермен өрнектеледі. Автордың «Сөзтану» атты кітабынан поэзия- өлең өнері туралы пайымдаулары кітап соңына арнайы кір-гізілді. Кітап қалың оқырманға арналған.
Байғабылұлы Е. Ядролық зұлмат. — Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2012. — 304 бет. Жазушының бұл кітабындаел өміріндегі саяси – экономикалық, мәдени-әлеуметтік өзгерістерге әлем елдері тәжірибесімен салыстыра отырып, сараптама жасалады. Автор ядролық зұламат қарудан өз еркімен бас тартқан мемлекетіміздің ғаламдық бастамалары мен бүкіл әлемді алаңдатқан ядролық қауіпсіздік түйткілдеріне қатысты ой толғайды.
Егемен Қазақстан тарихы: Тәуелсіздікке 20 жыл: Тарихи құжаттық зерттеу/Құраст: Б. Ғ. Аяған, Х. М. Әбжанов, Г. Р. Нұрымбетов/ Б. Ғ. Аяғанның ред. — Алматы: Раритет, 2011. -400б. Жинақта тәуелсіз Қазақстанның саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік салалардағы жетістіктері, сыртқы саясаттағы табыстарына қатысты құжаттар мен деректер, өзекті ғылыми мақалалар жинақталып берілген.
Елбасы: эсселер, ой-толғамдар, өлең-жырлар, сұхбаттар. — Алматы: «Ана тілі», 1996. -544бет. Қазақстан халық жазушыларының және басқа да танымал саяси өкілдердің Республика Сарайында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың қызметіне кірісу салтанатында сөйлеген сөздері.
Есімбай С. Үшқоңыр –алтын бесігім. -Алматы: «Кітап», 2010. -472 б. Бұл кітап еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Президенті Н. Ә. Назарбаевтың туған жері, балалық шағы, өскен ортасы, бірге оқыған сыныптас достары жайында сыр шертеді. Жетісу өңірінің, әрі қалың қазақтың мақтанышына айналған, тарихи тұлғалары, қайталанбас дарынды өнер иелері жайында баяндалады.
Жолдасбеков М. Тәуелсіздік тағылымы. Траихи сөздер, мақалалар. -Астана: «Күлтегін», 2012. — 480 бет. «Тәуелсіздік толғауы» сериясымен шығарылған бұл еңбекте халқымыз ғасырлар бойы аңсап қол жеткізген тәуелсіздіктің тағлымы, оны баянды етіп, байырғы түрк бабаларымыз армандаған «мәңгілік ел орнату»идеясымен ұштастыру жолындағы елдік, мемлекеттік, отаншылдық, елтұтқалар тақырыбында сөйлеген тарихи сөздер, мақалалар мен сұхбаттар енгізіліп отыр. Тағлымы мол бұл еңбекті ұлт тағдырына бейжай қарай алмайтын ойлы оқырман қауымға арналған.
Зәңгіров Е. Біз білмейтін қазақтар. — Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2012. -304 бет. Тәуелсіздігіміздің 20 жылында жас мемлекетіміз орасан зор жолдан өтті. Бүгінгі таңда қазақ ұлтының өкілдері қоғамдық- саяси өмірде де, әлемдік саясатта да белсенді позиция ұстанып отыр. Автор кітабында халықаралық қауымдастықта жауапты қызмет атқарып жүрген бізге беймәлім қазақстандықтар туралы сөз етеді. Кітап көпшілік оқырманға арналады.
Қалдыбаев М. Жорға мінген жолаушы: Деректі роман / М. Қалдыбай- Алматы: Хан Тәңірі, 2014. 386 б. Жазушының бұл жаңа деректі романында облыс орталығынан шалғайдағы ауылдың қарапайым тұрғыны, тағдырдың ауыр талқысынан өтіп, ел құрметіне бөленген, дүниеге өз көзқарасы, өз ой- пікірі бар қарияның ешкімге ұқсамас, шар болаттай шыныққан күрескер тұлғасы жан- жақты сомдалған. Әдебиетімізде бұрын- соңды көріне қоймаған тартыс негізінде бейнеленген қаһарман өмірі үлгі- өнегеге толы тұрғысынан баяндалған. Шығарма тілі көркем, жеңіл, оқиғасы қою.
Кенжалин Ж. Ер Жәуке мінбегенмен алтын таққа: Деректі әңгімелер, эсселер, сараптамалар. — Алматы: ҚАЗақпарат, 2012. — 536 бет. Бұл кітапта әйгілі Кенесары-Наурызбай басқарған ұлт- азаттық қозғалысының қаһармандарының бірі, жаужүрек Төлек Жәуке батырдың өшпес ерлігі мен елжандылығы, туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі баяндалады. Кітапта сондай-ақ автордың ел тәуелсіздігінің соңғы 20 жылдығында атқарылған жұмыстарды орй елегінен өткізетін деректі әңгімелері топтастырылған. Автор аға ұрпақ өкілдері мен біздің замандастарымыз арасындағы дәстүр сабақтастығына, қазақстандық патриотизмді, елжандылық қасиетті қалыптастыру мәселелеріне айрықша назар аударады.
Құттыбек А. Тәуелсіздік желтоқсаннан басталады. –Алматы: «Қазығұрт» баспасы,2012. — 304 бет. Кітап авторы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін екі жарым жылын темір тордың арғы жағында өткізіп келгендіктен Тәуелсіздік атты ұлы ұғымды жастар қозғалысымен сабақтасрыра отырып белгілі тұлғалармен сұхбат құрады, өскелең ұрпақты Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу мақсатындаой қозғайды «Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі-Алматы қаласы» жайында өзі байқаған жәйттерді әңгіме етеді.
Күмісбаев Ш. Әңгімелер мен хикаяттар./ Алматы: «Кітап»,2010. -152 б. Суретті. Қаламгер шығармасында тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың балалық шағы, болашақ елбасының қаршадайынан еңбекті сүйгендігі, қиындықтан қорықпай, биік мақсатқа ұмтылғандығы бала танымына лайықты баяндалады.
Қырғызбаев Ө. Қырдағы қызғалдақтар: Повестер мен әңгімелер. -Алматы: «Қайнар» баспасы, 2011. — 320 бет. Кітап бүгінгі қыр қазақтарының Тыныс- тіршілігінен сыр шертеді. ХХІ ғасырдағы өркениет қарқыны мен ауыл тұрмысының қатар көрсетілуі халқымыздың даналығына ой жүгіртуге жетелейді… Адам баласының дәулетіне қарай жіктелуі, студент қыз бен жігіттің басы қосылмаған махабаты, шайпау ене мен келін арасындағы отбасын шайқалтқан кикілжің, әдемі, текті, ұстамды, ойлы қыз баланың төңірегіне шашқан шуағы- әрбір жанды адамгершілік қағидаларына лайықты болуға үндейді.
Матайқызы Д. Т. Айналайындарым менің./ Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні. — Алматы: «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, Мереке баспасы, 2015. — 288б. Өмірден көргені мен түйгені көп мейірбан ананың бұл кітабы жас ұрпақтың тәрбиесіне арналған. Автор өзінің өмірбаяндық деректерін ұлттық салт- санамызбен, дәстүрімізбен, әдет- ғұрпымызбен байланыстыра отырып кейінгі толқын- жас ұрпақтың снасына ғибратты әңгімелерді құяды. Кітап, оқырманын ойландырады, ойландыра отырып, Отан сүйгіштікке, туған халқы мен ана тілін шексіз сүюге, қайратты да қайсар, өжет те ержүрек әрі ақылды һам парасатты болып өсуге тәрбиелейді.
Мүсіреп Ғ. «Тарихты тұлғалар жасайды». — Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2012. — 304 бет. Автордың басты кейіпкерлері ел тәуелсіздігін қалыптастыруда өзіндік орны бар тұлғалар болып табылады. Қаламгер, сондай –ақ, өз мақалаларына мемлекеттік, ұлтжандылық мәселелерін арқау етіп, өтпелі кезеңнін проблемаларын да назардан тыс қалдырмайды.
Нұразхан Е. Өз елім менің- өзегім менің: Мақалалар, сұхбаттар. — Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2013. — 288 бет. Ұлтымыздың рухы жасымай, рухани дүниеміздің кедейленбеуін, мемлекеттік тіл мәртебесінің өз дәрежесінде қолданысқа түсуін, саяси- экономикалық дербестігіміздің нығая беруін назарда ұстайды. Сондай-ақ, танымал тұлғалармен сұхбаттасып, пікір алысады.
Назарбаев Н. Ә. Ғасырлар тоғысында. — Алматы: Атамұра, 2003. -256 бет, суретті. «Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге құштарлық, қайтадан жығылған еңсені көтеріп, тәуекелге бел буғызды… Қанша қиындақ көрсе де, абзалдығы мен сабырлылығын, басқа халықтарға деген сыйлаушылығын сақтай білген халықты, қазіргідей қиыр- шиыр тарихи сын кезінде өзім ажырамас бөлшегіе айналып отырған асыл жұртымды, ХХІ ғасыр табалдырығынан аттап, өз талайын тағы бір сынап көргелі отырған тәуекелшіл ұлтымды қалай мақтаныш етпекпін. Қалайша бас имеспін!» деп Елбасымыз ХХ ғасыр оқиғалары мен келер ғасыр тоғысындағы өзгерістерді қызықты да тартымды етіп баяндайды.
Назарбаев Н: Әділеттің ақ жолы. -Алматы: Қазақстан, 1991. — 288 бет. Кітапта автордың өмірбаяндық очерк түріндегі естеліктері де, соңғы 20–30 жыл ішінде елімізде, соның ішінде әсіресе Қазақстанда болған саяси және экономикалық өзгерістер туралы оның жеке өзінің пікірлері де, белгілі саяси және қоғам қайраткерлеріне берген бағалары да бар.
Оңғарсынова Ф: Толық шығармалар жинағы/ Оңғарсынова Фариза. — Т.1-Алматы: «Сардар»баспа үйі, 2015. -. — 320 бет. Қазақтың көрнекті ақыны, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың бұл он екі томдық толық шығармалар жинағы- тұтас бір тарихи- әдеби дәуірдің бейнесін жан- жақты сомдаған рухани құндылығымыз. Ақын- өз заманның ар- ожданы, әлемдік мәні зор, поэтикалық әсері әрқашан мөлдір жырларының өз оқырманына берері мол.
Отанымыздың тәуелсіздігіне тарту. (Құрастырушылар: Н. Махмудов, Қ. Исина, А. Кемелбаева, И. Рачковский) — Алматы: 2006–380 бет. «Қазақмыс»корпорациясы «Отанымыздың Тәуелсіздігіне тарту» атты патриоттық тақырыпта әдеби конкурс өткізді. Байқау қорытындысы бойынша 28 автордың шығармалары іріктеліп алынды. Жинақта Тәуелсіздігіміздің 15 жылдығына орай тартымды шығармаларды ұсынады.
Сатыбалдыұлы Қ. «Ақиқат мінбесі». — Әңгімелер/ Қ. Сатыбалдыұлы- Алматы: «Хантәңірі баспасы», 2015. — 342бет. Автордың бұл шағын прозалық шығармалар жинағына адам бойындағы бойкүйездікті, опазыздықты, дүниеқоңыздықты, сондай-ақ, тіршілік иелері мен табиғат ортасындағы таусылып бітпес теке тіресті, асқақ рухты, өміршең көзқарасты, тектілікті ту етіп көтерген түрлі жандардағы көркем шығармалары еніп отыр. Жазушы шығармалары негізінен бүгінгі күн тақырыбын өзіне арқау етіп, жазылғандығымен де өзінше бағалы.
Сыдықов Ұ. Ұлттық рух және ақпараттық кеңістік: Мақалалар/ Ұ. Сыдықов. — Алматы: «Қаратау КБ» ЖШС; «Дәстүр», 2015. — 288 бет. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Философия ғылымының докторы, профессор Ұ. Е. Сыдықовтың бұл кітабында соңғы жылдары баспасөзде жарияланған ғылыми публистикалық мақалалары топтастырылған. Мақалалардың негізгі өзегі – жаһандану үдерісінің барлық елдер мен халықтарға ықпалы барған сайын артып отырған жағдайда, еліміз әлемдік ақпараттық кеңістікте өмір сүріп жатқан бүгінгі заманда ұлттық болмысымызды әспеттеп, рухымызды асқақтатып, дүние таныған Мәңгілік Ел болудың қам-қарекеті жөніндегі мәселелер. Айтары мол, көңілге қонымды, оқуға жеңіл бұл кітап қоғам проблемаларын зерттеушілер мен студенттерге, бүкіл оқушы қауымға арналған.
Табеев Қ. Т. Қазақтың Желтоқсаны. – Алматы: «Дайк- Пресс», 2006. — 328 бет. Кітапта төрткүл дүниеге серпіліс берген әйгілі 1986 жылдың Желтоқсан оқиғасы баяндалады. Ұлт республикаларын 70 жылдан астам уақыт бойы тас бұғауда ұстап, сан мыңдаған адамның тағдырын күйреткен тоталитарлық мемлекетті ең алғашқы бас көтерген, ұрпаққа ұран болған тәуелсіздік қарлығаштары – қазақ жастарының ерлігі, оларды қолдаған бүкіл халықтың тағдыр- тауқыметі суреттеледі.
«Тәуелсіздікке тарту» /Ақындар мүшәйрасынан/. — Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2012. — 192 бет. Бұл жинаққа жүлделі орын алған және мүшәйра талабына лайық туындалар іріктелініп алынды. Тәуелсіздік тарихының қыр-сырын ашуға ат салысқан, көркемдігі жағынанда биік, тәуелсіз қазақ мемлекетінің тарихына, поэзиясына қосылған еңбектер оқырмандарын қуантары анық.
Тәтімов М. Елбасы және ел саны. Сыр-сұхбат кітабы. — Алматы: « Арыс», 2009. — 224 б. Жинақ «Ұлт Перзенті», «Ұрпақтар қалай ұласқан?», « Болашаққа аманат» деп аталатын үш бөлімнен тұрады. Елбасының адамдық болмысы, қайраткерлік келбеті, және де халқымыздың демографиялық жағдайы, өсіп-өнуі, дамуы кезеңдері туралы нақты деректер, кестелер, болжамдар келтірген.
Тәшенов Т. Тәуелсіз елдің талайы. — Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2012. — 304 бет. Танымал журналист Төреғали Тәшеновтің бұл жинағына ел мен жер тарихы, ұлт руханияты туралы әр жылдары жазылған мақалалары топтастырылған. Тәуелсіз жылдарындағы ел өмірінің әр түрлі саласындағы қиын да күрделі кезеңдер, табыс пен жарыс, құлдырау мен шарықтау кезеңдері жатық тілмен суреттеледі.
Тоқтағазин М. Ақмола үшін айқас: — Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2013. — 288 бет. Бұл кітапқа елімізге танымал тұлғалармен сұхбаттары, көсемсөздік мақалалары енген. Танымдық сипаттағы бұл дүниелербей- жәй қалдырмайды.
Шайхыұлы Е. Ағынан жарылсақ…:. — Алматы: «Қазықұрт» баспасы, 2012. — 320 бет. Ашық та байсалды әңгімелерден замана запыраны, қоғам қайшылығы, шындық үні тұрақты түрде қылаң беріп отырады. Таразы басына салып ой салмақтауға таптырмайтын жинақ. Оның үстіне, автор осынша кейіпкердің басын бір кітапқа қосу арқылы ұлы уақыт шежіресін қағазға түсіруге талпынған.