Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков (1938-2014 жж.)

Ниязбеков Шакен Онласынович (1938 г.)

Дүниеге келгені: 1938 ж. қарашаның 12-інде

Тараз

Мансабы: Дизайнер

Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков — суретші, Қазақстанның Мемлекеттік туының авторы.

Мазмұны:

1. Қысқаша өмірбаяны;

2. Негізгі шығармашылық жұмыстары;

3. Марапаттары.

Қысқаша өмірбаяны

Ежелгі Тараз жерінде дүниеге келген, шеше жағынан полковник, Кеңестер Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туысы болып келеді. Бабасы — дана Төле би. Он жасқа келген кезде, бір жыл ішінде әке-шешесі өліп, кенеттен тұлдыр жетім қалады.

Орта мектепті бітіргеннен кейін Шәкен Ниязбеков атақты «Мухинкаға» (Ленинградтың В. И. Мухин атындағы жоғары көркем-өнеркәсіптік училищесі) оқуға түседі. Студент кезінде ол Эрмитаж, Исаак соборы және Петродворецті қалпына кетіру жұмыстарына қатысады. Шәкен Ниязбеков өзінің ең басты ұстазы ретінде Әбілхан Қастеевті атайды.

Соңғы отыз жылдан астам уақыт көлемінде суретші көптеген конкурстарға қатысып, бірнеше рет жеңімпаз атанды. Өмірінің кейбір кезеңдері: 1961 жыл — «Глобус» теледидарының дизайны үшін Чехословакияда берілген алтын медаль, 1964 жыл — Ленинградта өткен «Бейбітшілікті қолдаймыз!» атты плакаттар конкурсында бірінші орын, 1982 жыл — Алматы қаласындағы Республика алаңын көркем безендіруден өткен конкурста бірінші орын…

«Құрманғазы», «Көбік шашқан», «Исатай Тайманов», «Абай», «Шоқан Уәлиханов», «Мұхтар Әуезов», «Сырым Датов», «Жамбыл», «Қазақстаннан келген солдат», «Ана» деген жұмыстар суретшінің жеке көрмелеріндегі каталогтардан қомақты орын алады. Оның жетістіктеріне, сондай-ақ, патриот Бауыржан Момышұлының зиратына қойылған құлпытас пен Алматы қаласының елтаңбасын да жатқызуға болады.

Шәкен Ниязбеков — Қазақстанның мемлекеттік туының авторы. 1992 жылы ол Қазақстан, ТМД, Түркия, Германия, Монғолия елдерінен 1200-ге тарта суретші қатысқан конкурста жеңіп шықты.

Негізгі шығармашылық жұмыстары

Марапаттары

Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи тұлғалар
Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков (1938-2014 жж.)