Жаңа астананың құрылуы

1992 жылы қалаға оның ежелгі атауы Ақмола қайтарылды, ол ақ мол дегенді білдіреді. Ал тағы 2 жыл өткенде Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның астанасын осында көшіру туралы ұсынысын алға тартты.

Астананы көшіру туралы ойын алғаш рет 1994 жылы 6 шілде де елдің Жоғарғы Кеңесінің сессиясында ортаға салған Президент оны табанды әрі жоспарлы түрде іс жүзіне асыра берді. Депутаттар оны өз қаулысымен қолдады. 1997 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлығы шықты.

1998 жылы 6-мамыр жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылы 10-шілде Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсауы кесілді. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Әлем қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды.

Жаңа астана үшін оның сәулеткерлік бейнесі орасан зор маңызға ие болып отыр. Алғашқы жылы-ақ Президенттің бастамасымен Астананың нобайлық идеясына халықаралық байқау жарияланған болатын. Ол ескерусіз қалған жоқ. Оны жүзеге асыруға ат салысу туралы үндеуге есімі әлемге әйгілі талай сәулетші үн қатты. Жеңімпаз ретінде дүние жүзіне белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава танылды. Оның ұсыныстарының негізінде қала дамуының 2030 дейінгі Бас жоспары әзірленді.

Қазір астана құрылысы шапшаң жүруде, жаңа тұрғын үйлер мен зәулім ғимараттар көбейіп келеді. Аз уақыттың ішінде Президенттік Мәдени орталық, Конгресс-хол, Мәдениет сарайы, Л. М. Гумилев атындағы Евразия университеті, ауқымды жаңа тұрғын ықшамаудандар, халықаралық деңгейдегі мейманханалар салынып, Абай мен Кенесары ханға ескерткіштер орнатылды.

2002 жылы Еуразияның кіндігі – Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана-Бәйтерек» монументі салынды. Бұл монумент қазақ елі тамырын мәуелі бәйтеректей тереңге жіберген ел екенінің дәлелі іспеттес. Монументтің биіктігі – 105 метр. Мұнда көркем галерея, үлкен аквариум, мейрамхана және 97 метр биіктікте қаланы жоғарыдан тамашалауға болатын обсерватория алаң бар.

Ақ Орда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жағалауында, Сулы-желекті бульвардың бас жағында, «Бәйтерек» монументінен 300 метр жерде орналасқан. Ғимараттың ауданы 36 720 шаршы метр. Ақ Орданың жанында Республика Парламентінің ғимараты, Үкімет үйі, Жоғарғы Сот ғимараты, Министрліктер үйі орналасқан.

2003 жылы «Бейбітшілік және келісім сарайы» салынды. «Бейбітшілік және келісім сарайы» — ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік символы тәрізді. Биіктігі 62 мерт және негізіндегі ені де сондай түзу пирамида формасында салынған. Ғимарат жасанды он бес метрлік үйінді үстінде орналасқан. Әртүрлі әлемдік дәстүрлі діндер өкілдері жиналатын жерде Мәдениет мұражайы, Өркениет университеті, 1500 орындық Опера театры орналасқан.

«Нұр-Астана» — 2005 жылы 22 наурызда бой көтерген мешіт Елорда халқын имандылққа ұйытып отырған бірден-бір қасиетті мекен. Әйнек, бетон, құрыш, гранит, алюкобондтан салынған мешіттің сәулетінен шығыстың нәзік нақышын байқау қиын емес. Көлемі 4 мың шаршы метрлік мешіттің ішіне 5 мың адам сияды. Ал алдыңғы алаңда 2 мың адам бір мезгілде Аллаға мінәжат ете алады. Әрқайсысы 62 метрлік 4 мұнара қаланың халқына Жаратушының кеңдігі мен шапағатын еске салып тұрады.

2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы Елбасы Н. Назарбаев. Монументтің биіктігі 91 метр. Бұл қазақ елінің 1991 жылы алған тәуелсіздігі мен арман-мақсатының символы.

2010 жылдың 1–2 желтоқсанында Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жоғары деңгейдегі жетінші саммиті өтті. Қай жағынан қарасақ та, Астана күн санап емес, сағат санап бой түзеп әрі сұлулана түсуде.

Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол «киелі орын», «босаға» деген мағыналарға ие. Қаланың атауы Қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді.

Астана қаласының Бас жоспары — Астана қаласының тіршілік –тынысының қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті, табиғат пен мәдени мұраларды сақтау мақсатында жасалған қала құрылысының жоспары. Бұл жоба Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен іске асып жатыр.

Астанаға-15 жыл. Қазақстанның халықаралық даңқы Астана даңқымен еселене тсуде.

Ел ордамыздың аты қазірдің өзінде Еуроазия мен Солтүстік Америкадан 56 елдің мемлекет пен үкімет басшыларын жинаған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ХХ1 ғасырдағы алғашқы саммиті өткізілген жер ретінде жаһандық тарихқа енді.

Ү11 Азия ойындарын, Бүкіл әлемдік туритстік ұйымы Бас ассамблеясының ХҮ111 сессиясын, Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 37 сессиясын қабылдады. Осында, 2003 жылдан бастап Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының төрт съезі, сондай-ақ, басқа да көптеген халықаралық форумдар өтті.

Бүгінде бүкіл әлем Астана туралы «Болашақтың энергиясы” ұранымен өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің болашақ қожайыны ретінде болады. Бұл көрмеге әлемдегі 150-ден астам ел қатысады. Астананың серпінді экономикасы бар-жоғы он бес жылдың ішінде дамыды. Астананың өңірлік жалпы өнім көлемі 45 есеге жуық өсіп, 60,5 миллиард теңгеден 2,6 триллион теңгеге жетті. Қала инфрақұрылымдарын жаңғырту мен кеңейту үдерістері белсенді жүріп жатыр.

»Астана-Бәйтерек” кешені керемет құрылыс. Астананың қасиетті белгісі болып табылады. Ғимараттың биіктігі -97 метр, аумағы 22метр. Темірден, шыныдан, бетоннан орнатылған алып бәйтерек. Салмағы 300 тонналық "Хамелеон” әйнегінен жасалған шар Астананың көркін келтіріп тұрған ең әдемі кешен. "Бәйтерек”, Елорда, Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. "Бәйтеректі”-өмір ағашы- деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі "Ер төстіктің” оқиғасы желісімен өрілген. Өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне де ұя салған самұрық құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты-баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған "Бәйтерек”- Бас қаламыздың символы. "Астана-Бәйтерек” үш бөліктен- тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Бәйтеректің ең жоғарғы қабатынан Астананың жан-жағы алақандағыдай көрінеді. Қазақстанның бас қаласы Астана қаласының орналасқан жері- құтты мекен, топырағы құнарлы, төскейі шұрайлы.

Астана-күн санап көркейіп келе жатқан қала. Оның өсіп өркендеуі, сөз жоқ, мемлектіміздің абыройы. Осы аз уақыт ішінде Астана сыртқы келбетіне ішкі сұлулығы үйлесіп, қанат жайып, сырттан келгенді де, іштен барғанды да тамсантып тастайтын ғажайып қалаға айналды. Қалада соңғы жылдары қазақтың зиялы қауымы да шоғырланып қалды. Олар жаңарған қалаға өзіндік ұлттық сипат дарытып, өркениет сатысына көтере түсері анық.

Біз-17 миллионбыз!

Оңтүстік Қазақстан облысы, киелі Сайрам ауданы, Таскен аулында 17 миллионыншы қазақстандық тіркелді. Ол Алтынбек есімді ұл бала. Ұлты- қазақ. Анасының есімі-Гүлмира мұғалім. Әкесінің есімі- Мұрат Есқаратегі.

Осы Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт баурайында 11 миллионыншы Қазақ дүниеге келді. Есімі Мұхтар, анасының есімі- Шолпан, әкесі-Мәлік. Мұндай қуанарлық оқиғалар еліміздің мақтанышы, ұлысымыздың ұйтқысы саналатын өңірдің демографиялық мәртебесі.

Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи хроника
Жаңа астананың құрылуы