«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

Біз бүгін –өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекетпіз. Біздің алғы шепті алуымыз қымбатқа түсті. Ел 20 жыл бойы егемендігіміз бен саяси салмағымызды нығайтуға жұмыс істеді. 20 жыл өткен соң бұл мақсатқа қол жетті. Қалыптасу кезеңі табысты аяқталды. Қазақстан ХХ1 ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр. Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз –егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХ1 ғасырда орнықты дамуды жалғастыру.

Біздің басты мақсатымыз- 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ. Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады. Дәл осы себепті мен сіздерге жаңа Жолдау ұсынып отырмын. Бұл-еліміздің даму перспективаларына жасаған өзіндік пайымдауым. Бұл- жаңа саяси бағыт…

Елбасы Жолдауынан, 2012 ж.14 желтоқсан

Қазақстан Республикасы президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Қазақ елінің дамыған отыз елдің қатарында болу мақсаты баяндалған.

Жолдау стратегиясының жеті бағыты анықталған:

1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты-пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген экономикалық прагматизм.

2. Ұлттық экономикамыздың жетекші күші-кәсіпкерлікті жан-жақты қол- дау.

3 Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері-әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік.

4. Білім мен кәсіби машық –заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары.

5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту.

6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат-ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту.

7. Жаңа қазақстандық патриотизм –біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыздың табысының негізі.

Жолдауда «Бәріміз бір атаның-қазақ халқының ұлымыз», «Бәріміздің де туған жеріміз біреу-ол қасиетті қазақ даласы», «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан».

Білім сапасы халықаралық стандарттарға сай болуы тиіс. Бұл туралы «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деді Елбасы өзінің «Қазақстан-2050»стратегиялық Жолдауында. Бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру- білім беру саласы мамандарының басты мақсаты.

Мемлекеттің жаңа саяси бағытын айқындап берген «Қазақстан-2050» стратегиясында бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін сауаттылығы мол елге айналу керектігіне аса мән берілгені мәлім. Осы елдің ертеңі, болашағы –бүгінгі өскелең ұрпақ десек, оларға осы бағытта дұрыс тәлім-тәрбие, сапалы білім берілуі міндетті шара.

Қазақстандық патриотизм-Қазақстанды Отаным деп сезініп, басқа этностардың қазақ халқына құрметпен қарауын, әр этностың құқықтық еркіндігін қуаттай отырып, туған жерін және оны қорғауға дайын болу. Елбасы Жолдауында /Қазақстан-2050/ біздің қоғамымыздың табысының негізі-жаңа қазақстандық патриотизм екендігі айтылды. Бұл ретте біз ел тәуелсіздігі мен қоғамдық келісімді сақтауға және нығайтуға тиіспіз.

Жоғары патриоттық сезімдер-ұлттық намыс, өз ұлтының жетістіктерін бағалау, отан қорғауға әрқашан дайын болу, ерлік дәстүрін қадір тұту.

Төменгі патриоттық сезімдер-өзінің бойында ұлттық намысы жоқ, өз ұлтының жетістіктеріне қарсы болу, құлдық сезім т. б. жатады. Мұндай төменгі патриоттық сезімдердің ішіндегі құлдық сезім өте қауіпті.

Патриоттық тәрбиенің негізі, қазақ патриотизімі ерте кезден бері қалыптасты. Себебі сонау сақ дәуірінен, Күлтегін, Тоныкөк, Білге қағаннан, Қазан төңкерісіне дейінгі кезенде туған жер үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен күресіп, келешек ұрпағына Отанымызды, «қазақ” атауын біздерге мұра етіп қалдырған батырлар, билер, хандар заманында ауызекі түрде жыр, өлеңмен тараған патриоттық өсиеттердің негізінде бізге жеткен. Демек, қазақ патриотизімі-рухы биік жеке тұлғаны қалыптастырудағы ата-бабаларымыздың қаһармандық, батырлық отансүйгіштік тәлім-тәрбие беру идеалдарының жиынтығы деп айтуымызға болады.

»Қазақстан-2050"стратегиялық бағытын жүзеге асыруда біздің-қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Тағлымы мол тарихымыз бен ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. Осыдан үш ғасыр бұрын Аңырақайда болған шайқаста ата-бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дәлелдеген. Сын сағатта туғын елге деген перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген. Бізді бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де батыр бабаларымыздың бостандық жолында төгілген қаны деп білеміз. Біз бәріміз бір атаның-қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу-ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз Қазақстан.

Патриотизм-бұл болашақ елдің игілігіне жұмсалатын инвестиция. Ол- білім, жасампаз еңбек арқылы қалыптасады. Патриотизм- бұл өз Отанына деген көркем махаббат. Жүрегінде еліне деген сүйспеншілігі болмаса, қанша білікті болсаңда өмірің зая кетті.

Тарих. Егемен Қазақстан патриотизмі.

«Патриоттық –ұлы ұғым»-Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы №64мектеп-лицейдегі оқыған дәрісінде «Биылдан бастап мектептерге „Қазақ елі“ деген пән енгізіледі. Бұл патриоттыққа тәрбиелейтін пән… Нағыз патриоттық тәрбие үйден, өз отбасынан бастау алады. Ата-ананы, іні-қарындасты, туған-туыстың баршасын жақсы көру патриоттық сезім қалыптастырады. Солардың қамын ойлау арқылы Отанға жақсылық жасайсың „деді Президент. Адамның өз Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімін сыйдыратын патриотизм ұғымы адамзат қоғамында мемлекет құрылған кезеңнен бері қалыптасып келе жатыр. Тарихтың ұзына бойында патриотизмнің сан түрі көрініс тапты. Полистік патриотизм антик дәуіріндегі қала-мемлекеттерде бой көтерсе, империялық патриотизм империяға адал берілуді әуезе етті, этностық патриотизмнің бүйрегі бәрінен бұрын өзінің сүйегіне бұрылса, мемлекегтік патриотизм алдымен мемлекеттің мүддесін ойлауды, туған елге деген перзенттік сүйіспеншілікті ту етіп ұстады. Елбасымыз адам парасатының парқы ең алдымен оның патриотизмінен танылатынын дәйекті дәлелдеді.

“Патриотизм»-грек тілінен аударғанда-Отандас, Отан, туған жер, деген мағананы білдіреді. Қазақ ұлттық энциклопедиясында: «Патриотизм-Отаншылдық, отансүйгіштік, адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүріне, мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі»деп анықтама берілген.

Ұрпақ бойына қаншалықты асыл қасиеттерімізді сіңіре алсақ, жылдар өте, жемісін көреміз. Ұрпақ тәрбиелеу ісінің жауапкершілігі, күрделілігі мен маңыздылығы да осында. Ұлтжандылық, отан сүйгіштік, адамгершілік қасиеттер адам бойына ұлттық рұхымыздан нәр алып, ұрпақтан ұрпаққа сіңелі. Ол-Отан тарихы мен әдебиеті, мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, тілі, ділі мен діні. Осылар біздің нәр алатын терең тамырымыз.

Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.

Қазақстан Елулікке енді

Қазақстан Бүкіләлемдік экономикалық форумның рейтингіне бірнеше жылдардан бері қатысып келеді. Мәселен, осыдан бес жыл бұрын біздің ел осы рейтинг бойынша 67-ші орында тұрған болатын. Демек бес жылдың ішінде 17сатыға көтерілген екенбіз. Бұл- үлкен жетістік. Егер сол кездегі бізбен көршілес, одақтас елдердің сол кездегі жағдайына назар аударатын болсақ, осыдан бес жыл бұрын Ресей-63-ші орынды, Әзербайжан-51, Литва-53, Түркия-61, Латвия-68, Украина-82, Грузия-90, Тәжікстан-122, Қырғызстан-123-ші орынды еншілеген болатын. Жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік жөніндегі жаңа тізімді Швейцария бастап келеді.

Өткен жылдың нәтижесіне назар аударсақ, Қазақстан онда 51-ші орынға ие болып, біз мақсат еткен елуліктің табалдырығына табан тірегенболатын. Енді міне, елуліктің ішіне ендік. Мұнымен де тоқталып қалмасымыз анық. Өйткені, Елбасымыз Қазақстан дамуының 2050 жылға дейінгі стратегиялық мақсатын айқындай отырып енді 30 елдің қатарына кіру талабын алға қойып отыр. Демек, келешек көкжиесіндегі алға қойған мақсатымыз қазіргіден әлдеқайда биік. Қазақстан әлемді кернеген дағдарысқа қарамастан жыл өткен сайын жүйелі түрде алға басып келе жатқандығын қазіргі күні әлемнің әр шалғайындағы халықаралық сарапшылар назарға алып, атап көрсетуде. Халықаралық рейтингтер бойынша Қазақстанның жылдан-жылға алға басуы соның айқын көрінісі.

«Нұр Отан» партиясы.

18 қазан 2013 жылы Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХҮ съезі болып, оның жұмысына Елбасы- партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі. Съезд жұмысын партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жүргізді.

Елбасымыздың «Қазақстан-2050»Стратегиясындағы елімізді алдына барынша дамыған 30 мемлекеттің қатарына енгізу туралы жаңа міндет қойып, «Нұр Отанның»болашаққа жол сілтейтін темірқазығы болатындығын айтты. Сонымен бірге партия көшбасшысының тапсырмасына сәйкес «Нұр Отан»партиясының жаңа Доктринасы қабылданды. Сөйтіп, партиямыздың ХХІ ғасырдағы миссиясы мен «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру ауқымындағы рөлі айқындалды.

Съезд партияның атауын қайта өзгерту жөнінде ұсыныс енгізді. Енді партияның атауынан «халықтық демократиялық» деген сөзді алып тастап, «Нұр Отан» деп аталатын болды. Б. Байбек «Нұр Отан» Саяси кеңесінің партиялық символиканы да өзгертуді ұсынды.

Алматы қаласы. Алатау ауданы,2008 жылдың маусымында Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда 7-ші аудан- Алатау ауданын құруға Жарлық шығарып, ұзақ жылдар шиеленісіп келген тамыры терең мәселені күрт шешкен еді.

Аумағы 8 мың гектарды алып жатқан Алатау ауданы жылдан жылға, күннен-күнге өркендеп, гүлденіп келе жатар. Шаңырақ бүгін шырайлы мекенге айналды. «Шаңырақ» халқының көңілі шат, қарны тоқ.4549 га. жер теліміне байланысты дау-жанжал шешімін тапты. Барлығы заңдастырылды. Ауданда халық саны жылма –жыл өсіп, қала бюджетінен бөлінген қаржы қарызсыз игерілуде. Ауданда қазір екі жүз мыңнан астам халық тұрады. Ауданда 18 ықшамаудан,578 көше бар. Ауыз су құбыры, газдандыру ісіне көңіл бөлінген. Ауданда 1 жоғары,2 арнайы білім беретін мекеме, 22 мектеп, 1 спорт мектебі, 9 мемлекеттік, 6 жекеменшік балабақша жұмыс жасайды. Өткен 2012 жылы өнеркәсіп саласы бойынша 21 млрд. 217 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Қазіргі кезде үш емхана жұмыс жасаса, биылғы жылдың аяғында ауданда 1,7 мың орындық Мәдениет сарайы пайдалануға берілгелі отыр.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жыл 17 қаңтардағы Жолдауы — егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс- жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат болды.

Осы стратегиялық құжатта Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір қазақстандықтың, әрбір отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынады. Бұл жолдағы негізгі бағдарымыз-" Қазақстан-2050" стратегиясын орындаудың жеті бесжылдық кезеңді қамтитын маңызды міндеттерін атап көрсетті. 35 жылды 7 "бесжылдыққа " бөлді. Әр кезең сайын экономиканың жаңа белестерін бағындыру әрбір бесжылдықтың нақты нәтижесі болып табылады. Әсіресе индустриялық- инновациялық даму, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, білім-ғылым салалары осы Жолдаудың ең салмақты тұстары екені сөзсіз.

Елбасының Жолдауында әдеттегідей әлеуметтік салаға айрықша көңіл бөлінді. Соның ішінде, студенттердің стипендиясы, денсаулық, білім, әлеуметтік қорғау және "Б" корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы, мүгедектікке және асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақылардың өсетіндігі атап айтылды. Ал ең бастысы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін Мәңгілік ел ұлттық идеясы жариялан-ды. Сондықтан бұл Жолдау-жоспарлау саясаты, ұзақ мерзімді даму мен экономикалық өсуді мақсат еткен мықты мемлекетіміздің тағы бір стратегия-лық жоспары.

Бұл жоспар біздің дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатымызға жаңа серпін беретіні сөзсіз. Жолдауда айтылғандай, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында Елбасының айналасына бірігу Мәңгілік ел мұратымызға жетудің берік негізі болып табылады.

Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуға ұмтылысымызды біз екі кезеңде жүзеге асыруымыз қажет.

Бірінші кезең ХХІ ғасырдағы « Мүмкіндіктер көзін»пайдалана отырып, жаңғырту серпілісін жасау қажет болатын 2030 жылға дейінгі ке- зеңді қамтиды. Қазақстан осы уақыт ішінде дамыған елдердің өткен жүзжылдықтағы индустриялық дүмпу кезінде жасағанын жүзеге асыруы қажет. Мұны іске асыруға әбден болады. Оңтүстік Корея, Сингапур осын- дай жолдан өтті. Бұл кезеңде біз экономикамыздың дәстүрлі салаларының қарқынды өсімін қамтамасыз етіп, қуатты индустриялық өңдеуші сектор құрамыз.

Екінші кезеңде 2030–2050 жылдар аралығында еліміздің ғылыми қамтымды және жасыл экономика қағидаттарына негізделген орнықты да- муын қамтамасыз ету қажет. Біз қуатты өңдеуші өнеркәсіп қалыптастырамыз. Дәстүрлі салаларда жоғары өңделген өнімдер шығаруға көшу жүзеге асырылып, ғылыми қамтымды экономиканың базасы ретінде инжинирингтік қызметтер дамиды.

Үкімет пен Ұлттық банке осы жылға арналған нақты тапсырмалар берілді:

Бірінші. Үкімет биыл экономика өсімін 6–7 пайыз деңгейінде құам- тамасыз етуге тиіс. Бұл орайда биылғы жыл қорытындысы бойынша, халық- тың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 14,5 мың доллардан кем болмауға тиіс.

Екінші. Ұлттық банк пен Үкіметке 2014 жылғы 1 мамырға дейін инфляцияны орта мерзімді перспективада 3–4 пайызға дейін төмендетудің кешенді шараларын әзірлеуді тапсырамын.

Үшінші. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, 2014 жылғы 1 маусымға дейін Қаржы секторындамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді бағдарламасын әзірлеуі қажет.

Төртінші. Үкімет « Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, мемлекет- тің қатысы бар борлық компанияларға талдау жүргізіп, жеке сектороға берілетін кәсіпорындар тізімін анықтауы керек. Тура осындай жұмысты қал- ған мемлекеттік секторларда да жүргізу қажет. Биылғы жылдың бірінші тоқ- санында жекешелендірудің 2014–2016 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы қабылдануға тиіс.

Бесінші. Үкімет жылдың соңына дейін Астана және Алматы қалаларында агломерациялар қалыптастырудың 2030 жылға дейінгі кезеңге арна-лған стратегиясы жобасын әзірлеуі керек.

Алтыншы. Үкімет халықаралық сауданы іске асыру кезіндегі кедергілерді алып тастау мәселелерін қарастыра отырып, Қазақстанның тран- зиттік әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін әзірлесін.

Жетінші. Төртінші мұнай өңдеу зауыты мен атом электрстансасы-ның орны, инвестициялар көзі мен құрылыс мерзіміне қатысты мәселелерді Үкімет биылғы бірінші тоқсанның соңына дейін шешкені жөн.

Ендігі ұрпақ-Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы — Мәңгілік Ел!

Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана — Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі—қамшылап отыруымыз қажет.

«Қазақстан — 2050» — Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!

Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи хроника
«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты