«Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам»

Мемлекет басшысы: «Қазір еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Біз бүгінде бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты ел құрудамыз», — деді. Олай болса, әрбір қазақстандықты өз елінің өркендеп дамуына қандай үлес қостым, деген сауал ойландыру тиіс. 30- шы жылдары АҚШ президенті Франклин Рузвельт дағдарыс тұсында Америка халқына «қарап отырмаңдар, қалаған ісіңді істе. Еңбектен…»деген екен. Осындай күрделі кезеңде Елбасы Қазақстан халқына еңбек қана әлемді дағдарыстан алып шығатынын ескертеді. Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық 20 тапсырмада еліміздің әлеуметтік дамуының басым бағыттарын, алда атқарылар ауқымды қадамдар мен міндеттерді айқындап береді.

Елбасы баршамызды ел игілігі жолында бар қиындықты жеңдіретін жемісті еңбекке шақырады. Тұжырымдамада: «… біздің әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және күшті жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға бағытталуы тиіс… болашақта ХХІ ғасырда тек еңбек қана барлық қазақстандықтардың әл-әуқатқа және жаңа өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ете алады», -деп атап көрсетті. Бүгінгі таңда елімізде жүзеге асырыла бастаған «Жұмыспен қамту- 2020» Бағдарламасы үш бағытты қамтиды.

Бұл бағдарламаның, әсіресе, бірінші және үшінші бағаттары жастар мәселесін шешуді көздейді. Жастар – елдің келешегі. Қазіргі жастардың білімділігі, оқу мен еңбекке деген ынтасы, олардың отаншылдығы мен парасаттылығы, этносаралық келісім мен төзушілік қасиеті болашақта ел тағдырын айқындайтыны белгілі. Жастар дегеніміз, қоғамның ең белсенді тобы. Сондықтан, әрбір жас өмірде өз қабілетіне сай дұрыс білім алып, адал еңбек ету. Жаңа онжылдықта елді жаңғыртудың басты нысанасының бірі сапалы білімге қол жеткізу, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Қазіргі кезеңде 12 жылдық білімге көшуге байланысты, оқушылардың кәсіби мамандық алуына жете көңіл бөлінуде.

Заман талабы, уақыт ағысы жастарды кәсіби мамандық алуына итермелейді. Қазір еліміздің экономикасы көтерілген, халқымыздың әл-ауқаты, тұрмыс жағдайы жақсарған кез.

«Нұр Отан» партиясы.

- «Нұр Отанға»- 15 жыл. «Нұр Отан» партиясының Төрағасы-Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

- Партия 1999 жылы 1 наурызда құрылған.

- Төрағаның бірінші орынбасары-Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы.

- «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында бар.

- Партия қоғамда одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және кофессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі менг жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады.

- Осыдан 14 жыл бұрын партияның алғашқы съезіне 400-ақ делегат қатысқан болса, 2013 жылғы ХҮ съезіне 1 мың 194 делегат қатысты. « Нұр Отан» партиясының 250 филиалы, 6300 бастауыш ұйымы бар. Бүгінде партияның 900 мыңға жуық мүшесі бар. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие.

ЭКСПО-17

2012 жыл 21–22 қарашада Парижде өткен Халықаралық Көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 152 сесиясында ЕХРО-ға мүше 161 елдің басым көпшілігі (103 дауыс) Астанаға дауыс берді. Сөйтіп Астана соншама ауқымды іс- шараны өткізетін қала ретінде әлемдік танымалдылыққа ие болды. ЕХРО -2017 көрмесі Қазақстанды тағы да күллі әлемге танытады. " Болашақтың энергиясы "-бүгінгі күндегі маңызды тақырып. Бұл көрме әлемдік экономика дамуының күн тәртібін анықтайды. Біз Астана ЕХРО -17 көрмесін тұрғызамыз, өз экспозициямызды заманауи технологиямен қамтамасыз етеміз. Бұл- біздің мүмкіндігімізді көрсететін бүкіл Қазақстан үшін, барша қазақстандықтар үшін жақсы оқиға. ЭКСПО көрмесін өткізу Республикамыздың инновациялық дамуына серпін береді. Көп жылғы тарихы бар ЭКСПО көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі. ЭКСПО-2017 Астанада өтетін болса, ол 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін созылып, үш ай мерзімде жүреді. Оған жүздеген елден және ондаған әлемдік ұйымдардан өкілдер қатысады. Ал көрмені тамашалауға келетін адамдар саны кем дегенде 5 млн. Болатын шығар деп күтілуде.

Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи хроника
«Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам»