Еуразиялық экономикалық одақ

Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойды.

Бұл күн-Қазақстан, Ресей және Беларусь елі тарихының жаңа бетін ашқан тағдырлы күнге айналды. Қазақ елінің бас қаласы- Астананың төрінде, Тәуелсіздік сарайында үш ел көшбасшысы салтанатты жағдайда « Еуразиялық Одақ құру туралы» Келісімге қол қойды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл күнді «Еуразиялық ықпалдастық күні» деп атады.

Беларусь, Қазақстан және Ресей экономикалық интеграциясының мақсаттары:

Экономиканы нығайту арқылы даму тұрақтылығын арттыру. Ұлттық мемлекеттілікті нығайту. Ұлттық экономикаларды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашу.

Беларусь, Қазақстан және Ресей экономикалық интеграциясының қағидаттары:

Экономикалық прогматизм

Еуразиялық кеңістіктің ашықтығы

Дамудың эволюцилылығы

Егемендікті сыйлау

Еріктілік Барлық шешімдерді қабылдаудағы тең құқықтылық

ЕАЭО-ға енуден Қазақстан үшін тиімдіктер:

Әлемдік дағдарыстарға тұрақтылықты арттыру

Тарифтік және тарифтік емес кедергілерсіз 170 млн. Адам үшін біртұтас рынок

Өндіріс пен технологияны жаңарту және өндірістік қуатты ұлғайту

Сыртқы сауданың өсуі

Неғұрлым жоғары талаптар есебінен өнім сапасын арттыру

2030 жылға дейін ІЖӨ- ні 25%-ға өсіру

Бәсекелестіктің артуынан бағаны төмендету

Бірлескен кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындарын құру

Экономиканың шикізаттық емес секторының айтарлықтай дамуы

Инвестициялық ахуалды жақсарту

Қызмет көрсетурыноктарын, адам ресурстарын дамытудың жаңа деңгейіне шығу

Жаңа капитал және ғылымды қажетсінетін салаларды ашу

Астананың алтын алқасы:

Мәдениеттің мәнді мәйегі: Ұлттық музей — ұлт мұрасы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен және тапсырмасымен өмірге келген Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі.

Қазақстанның Ұлттық музейі тәуелсіз мемлекеттің символы- «Қазақ Елі»монументі орналасқан алаңда жақсы үйлесім тауып, Тәуелсіздік сарайын, Бейбітшілік және келісім сарайын, Ұлттық өнер университеті, «Әзірет сұлтан» мешітімен бірге бірыңғай архитектуралық композицияны құрап тұр. Музейдің жалпы аумағы 7 блоктан тұратын 74 мың шаршы метрді құрайды, оның ішінде экспозициялық алаң 14 мың шаршы метрден астам жерді алып жатыр, ал мұражай (фондохранилище) шамамен 5 мың шаршы метр болады. Музей ғимараттарына Ежелгі және орта ғасыр тарихы залы, Тарих залы, Алтын залы, Этнография залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Астана залы, Заманауи өнер залы экспозициялары орналасқан.

Экспозиция залдарынан басқа, уақытша көрмелерді өткізуге арналған бөлмелер, «Халық қазынасы» ғылыми- зерттеу институты, қалпына келтіру шеберханалары, зертханалар, мұражайлар, оқу залы бар кітапхана, ілеспе аудармаға арналған жабдықтары бар мәжіліс залы, кәдесый дүңгіршегі, дәмхана мен буфет. Ұлттық музей дүние жүзіндегі басқа музейлерден айрықша сәулетімен, қайталанбас дәулетімен ерекшеленеді.

Қазақстан азаматтарын еліміздің дәстүрлі құндылықтары негізінде тәрбиелеп, қоғамды жаңа сапалық сатыға көтереді. Осындай тарихи және мәдени мұраларымыз жастарымызды лайықтытұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Астанадағы Ұлттық музейдің бой көтеруі еліміздің мәдени өміріндегі айтулы оқиға.

Астананың алтын алқасы: «Астана опера»

"Астана опера " елорданың, Отанымыздың мақтанышына айналып, Қазақ елінің атын дүние жүзіне шығарып, өнерін паш ететін болады. Италиялық опера әншілері Даниеле Дзанфардино мен Мақсимилиано Фикера «Астана Опера» театрының мәрмәр залында ән салып, жаңа көкжиекке бет түзеді. Камералық залдарда мүмкін бола бермейтін акустикалық кеңістікке айтарлықтай жол ашылды. Оның ішкі, сыртқы сәулетін қоса алғанда, барлық жағдай әлемдік стандарттарға сай келеді. Ғимаратқа ең жаңа студиялық жабдықтар қойылған.

Театрдың ерекшелігі – сахна ауқымының орасан зор кеңдігі, «Астана Опера» негізгі сахнының, арьерсахнаның және екі қаптал қалталарының есебі бойынша спектакльдердің тоқтаусыз циклын жүргізуге қауқарлы. Мұндай бөліну сахналық кеңістікте декорацияларды бір мезгілде 3 көрініс бойынша ұстауға мүмкіндік береді. Таға тәріздес көрермендер залы 1250 орынға есептелінсе, оркестрлік шұңқырға 120 музыкант қатар орналаса алады. Және мұнан басқа 26 аумақты зал қарастырылған. Сондықтан да әлемдік деңгейдегі музыканттар бірегейлік дыбыс сапасы мықтап ескерілген театрда өнер көрсетуді өздеріне үлкен мәртебе санайтын болады. Тамаша акустикаға қоса, орындықтар, айналар, декоративті мәнерлі жапсырмалар, барлығы дерлік дыбыс дірілін жоғалту, болмаса жұтуға есептеліп жүзеге асырылған. Орынтақтың еңістік бұрышы немесе айналысы миландық «Ла Скаланың»ішіндегі өрнектерге өте жақын. Елбасы ойластырған идеяны жүзеге асыруға Беджет Паколли атсалысқан.

Театр 8,51 га жерді алып жатыр. Ғимараттың жалпы көлемі -64 163 шыршы метр. 1500 орын бар, оның ішінде 250 орын камералық залда орналасқан. 325 орындық көлік тұрағы бар. Әрбір бағана, әрбір ою-өрнектің ажары ежелгі ата-бабалар тарихынан сыр шертер тағлымға толы.

Астананың алтын алқасы: Тәуелсіздік сарайы

Тәуелсіздік сарайы бұл- мемлекттік ресми іс-шараларды, әлемдік форумдарды, мәжілістерді, халықаралық кездесулерді съездерді өткізу орны болып табылады. Сарайдың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, қолайлылығы мұндай ауқымды іс-шараларды халықаралық деңгейде өткізуде және көрсетуге мүмкіндік береді. Бас сарайдың ірі концерттерді, мерекелік жиындарды өткізуге барлық мүмкіндіктер бар. Тәуелсіздік сарайы конгресс зал, пресс- орталық, өнер және этнография, археология және антропология галереясы, Астана тарихының музейі, кинотеатры, 360 градусты айналмалы кинотеатр, электронды кітапхана маркет залдарынан құралған.

Тәуелсіздік сарайының ғимараты үш қабаттан тұрады.

Бірінші қабат- ұлттық және қазіргі заман сәулет өнерінің біртума үйлесімділігінен көрініс береді.

Екінші қабатта қолөнер және этнография, археология және антропология галереясы орналасқан. Композициялық үйлесімділігі археология залы Алтын адам, Сармат батыры, Берел аттары, құпия жазуы бар тастар сияқты сирек кездесетін көне дәуір жәдігерлермен жабдықталған. Жалпы аумағы 7058 шаршы метрді құрайтын көрме залдары жасыл және сары түске боялған. " этнографиялық галереяның " ішінен жеке отау тіккен «Шеберлер ауылы» экспозициясын ерекше атап өткен орынды.

Үшінші қабатта Астана қаласы тарихының мұражайы қоныс тепкен. Арқа төсінде салтанат құрған Қазақстанның жаңа елордасының алғашқы қазығы қағылған күннен басталатын шежерелі тарихы туралы осы мұражайдан мол мағлұмат алуға болады.

Көркімен де, келбетімен де, көлемімен де көңіл өсіретін Астананың ажарлы архитектуралық ансамблінде өзінің лайықты орнын алған Тәуелсіздік сарайы- бас қаланың Бас сарайы ретіндегі дәрежесіне барынша лайық. Дүние жүзінің келелі мүдделері тоғысқан елордадағы халықаралық басқосуды өткізудің әмбебапорталығы болып саналатын Тәуелсіздік сарайы елорданың шежіресінде өзінің айшықты ізін қалдыра бермек.

Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи хроника
Еуразиялық экономикалық одақ