Астананың алтын алқасы

2009 жылы әлемнің басты қалалары сияқты елордадаға «Астана –Арена» сияқты ірі ғимарат қосылды. Оның ресми ашылу салтанатына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Жаңа стадион «Астана арена»атына ие болған бұл спорт кешенінің де өзіндік ерекшеліктері жеткілікті.

Біріншіден, ол әлемдегі 10 мың шаршы метрден асатын жылжымалы шатырлы жүйесі бар алты спорт кешенінің бірі болып табылады. Ол осы арқылы толық жабылады. Бұрынғы Кеңестік елдерде біздің аренаға тең келетінбасқа тап осындай ғимарат жоқ.

Екіншіден, біздің стадион барлық халықаралық стадиондардың талаптарына жауап бере алады, ол УЕФА –ның халықаралық сарабынантабысты өткен.

Үшіншіден, кешен өзінің көп функциялылығымен және қолайлылығымен ерекшеленеді. Стадион ең бірінші кезекте футбол ойынын өткізуге лайықты. Сонымен қатар, ішкі құрылымдарын бейімдеп, жылыту арқылы спорттың күрес, гимнастика, дзюдо, бокс, және каратэ сынды көпшілікті көп үйір ететін түрлері бойынша сайыстар ұйымдастырылады. Жабық спорт кешені солтүстік, оңтүстік, батысжәне шығыс деп аталатын 4 трибунадан тұрады. Табаны жасанды шөппен көмкерілген, ал орындықтары пластик материалдан жасалған.

Стадионның жалпы аумағы 23 гектар жерді құрайды. 30 мың адамды қондыра алатын арена екі деңгейлі үлкен амфитеатр құрылымы ойластырылған.

Астанадағы аренаның тағы бір артықшылығы, ол бар жоғы 20 минут ішінде айқара ашылып, сонша уақытта қайтадан қымтыла жабыла алады. Стадионның инфрақұрылымы онда әлемдік деңгейдегі түрлі спорттық жарыстарды, үлкен концерттер мен цирк қойылымдарын ешбір кедергісізөткізіп тұруға толық мүмкіндік береді.

«Экспо-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге әзірленуде. 2017 жылы Астанада өтетін Халықаралық ЭКСПО мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру мен өткізу туралы заңды қабылдауы қолдағандықтары үшін ризашылық білдіріп, заң қабылданғалы көрме нысандарының құрылысын ұйымдастыру мәселелерін шешу жеделдегенін Талғат Ермегияев баяндамасында мәлім етті.

ЭКСПО-индустрияландырудың символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме. Ең алғашқы ЭКСПО Англия ханзадасы Альберттің ұсынысы бойынша 1851 жылы Гайдпаркте өткен болатын. 2012 жылы 22 қарашадағы Көрмелер бюросының халықаралық Басассамблеясының 152- сессиясында ЭКСПО — 2017 Астанада өтетін болып шешілген.

Астанада өтетін ЭКСПО –ның тақырыбы: «Болашақ энергиясы» болмақ. Көрмеге қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты таныстырады. Әсіресе, қазіргі таңда сұранысқа ие балама энергия көздерін алу мақсатындағы құрылғыларын әкеледі. Сарқылмайтын энергия көздеріне жататын: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергияалу-болашақта адамзатқа қажетті ресурс түрі.

Көрменің бізге қандай пайдасы бар екен? Біріншіден, еліміздегі техника саласының дамуы. Қазақстанда балама энергия көздерін пайдаланатын аймақтар бар. Мысалы Алматы қаласының маңында жерасты ыстық сулары бар, Жоңғар қақпасынан жел энергиясын алуға болады. Байқоңырдың орналасу траекториясы күн энергиясын алуға қолайлы жер. Ендеше, болашақта энергиядан тапшылық көрмеу үшін «Болашақ энергиясы» атты көрменің бізге берері мол. Екіншіден, өзге елдердің көрмеден алған пайдасын санап көрелік. 2000 жылы Шанхайда өткен көрмеден түскен пайда 12 млрд. АҚШ доллары болса, Ганноверде өткен көрменің пайдасы 350 млн. Еуроға жеткен. Біздің мемлекетке де айтарлықтай пайданың болары айдан анық. Үшіншіден, өзге елдермен достық қатынастарымыз нығаяды. Оның көрсеткіші ретінде, қазіргі уақытта Қазақстан Германия мемлекетімен көрмеге дайындықты бастады.

Төртіншіден, ЭКСПО халықаралық көрмесі Қазақстанның мәртебесін күллі әлемге паш етеді. Бельгияға -44 дауыс, Қазақстанға-104 дауыстың берілгені халықаралық аренада үлкен қызығушылыққа ие екеніміз және өзіміздің мүмкіндігімізді көрсетудің алғашқы қадамы болды.

Н. Назарбаев «Қазақстан – 2050 жолы „ жолдауы жайлы

“Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Қазақстанды мәңгілік мемлекет ету идеясын ерекше бөліп көрсетеді.

«Мәңгілік» сөзі баршаға түсінікті. «Ел» сөзі дәстүрлі қазаққы ұғымда "мемлекет « деген мағна береді. Бұл термин көне түркілер заманынан бері қолданылуда. Ал әлемнің кез келген халқы мемлекетінің мәңгілік болғанын қалайтыны түсінікті. Бірақ ол арманның бәрі орындала бермейді Өткен ХХ ғасырдың өзінде ғана жер бетінде 10 мемлекет өмір сүруін тоқтатыпты. Сондықтан Президент „Мәңгілік ел“ болудың оңай болмысын биылғы Жолдауында ашық айтып, ескертті.

„Біз 2050 –дің мақсатына“ қарай күрделі жаһандық бәсекелестік жағдайында ілгерілейміз…»

Кез келген мемлекет ұрпағын Отанының мақтанышы болуға тәрбиелейді. Жалпы "патриотизм " ұғымына ғылымда философиялық, педагогикалық, психологиялық тұрғыда әртүрлі анықтамалар беріледі. « Қазақстандық патриотизм әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну».

Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи хроника
Астананың алтын алқасы