Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауы

Жоғары деңгейдегі саясаткер, мемлекетіміздің басшысы жаһандану заманы ұсынған дағдарыстарды, түрлі қиындықтарды алдын- ала болжап, оның алдын алудың жолдарын іздеп, бағдар беріп отыр. Жаңа жолдауда түрлі маңызды мәселелер жан-жақты көрініс тапты. Жолдаудың ең басты мақсаты- негізінен қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыруды көздейді. Жастарға жағдай жасау секілді көптеген статегиялық қадам жасауды алға қояды. Бұл мақсаттарға жету үшін қажетті әлеуеттердің бәрі бар. Жаңа экономикалық Саясаты- әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруге жасалған ғаламат қадам, деп көрсетеді Жоғары білімді, шебер мамандар да қаржылық қуат та жеткілікті. Ендеше, неге халықтың тұрмысын одан әрі арттырмасқа? Президент өзінің Жолдауында осы сұрақтарға жауап береді. Жасаған бағдарламалардың бәрі де халықтың барлық жоқ- жігін ескерген. Нұротандықтардың мақсаты – бөлінетін қаржының орнына жұмсалуын қадағалау. Жаңа жолдауда түрлі маңызды мәселелер жан-жақты көрініс тапты. Оның ішінде жұмыссыздық мәселесі. Сонымен қатар, тұрғын үй- комуналдық шаруашылығын қамқорлыққа алу мәселесі айтылады.

Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына арналған Жолдауларының барлығында жастардың елдің ертеңі екенін нақтап айтады. Бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі жас маман елін сүйсе, елі мен жерін көркейту оның қолынан әбден келеді. Әр жас өзінің меңгерген мамандығы арқасында елінің дамуына үлес қосуға ұмтылады. Жолдау да осыған бағыттайды.

"…" Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара" деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Көне замандарда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы Жібек жолын жағалай қоныс тепкен. Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол- шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар темір жолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астана тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бір-бірімен сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету- бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ"

Жолдар – ол Қазақстан үшін өмір желісі

1. Жолдар салу есебінен шамамен 200 000 жұмыс орны құрылады

2. Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейінің артуы және табыстардың өсуі

3. Экономиканың басқа салаларына мультипликативті әсер: құрылыс материалдары, цемент, бетон, битум, жабдықтар өндіру және сәйкесті қызметтер.

4. Жаңа көлік желісі: Астанадан барлық бағыттарға автомобиль, т/ж және авиациялық магистральдар тарайды.

5. Жаңа магистральдар біздің экономика мен қоғамды жаңартады. Біздің байтақ еліміздің барлық түпкірлерін берік байланыстырады.

6. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғайяды.

7. Ел арқылы транзит көлемі артады.

8. Заманауи және сапалы автомагистральдарымен қазақстандықтар кез келген өңірге қауіпсіз және тез жете алатын болады.

9. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа әрі заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызмет көрсетеді

10. Әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сапасы артады.

11. Жаңа инфрақұрылым біздің болашақ буынның байлығына айналады

Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты «Нұрлы жол» болашаққа бастар жол

Ұлттық қор қаржысынан 500 миллиард теңге мөлшерінде транш

1. 100 миллиард теңге ШОБ-ты, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікті несиелеуге

2. 250 миллиард теңге Банк секторын сақтандыру «жаман» несиелерде сатып алу. Проблемалы несиелер қорын қосымша қаржыландыру

3. 81 миллиард теңге Жаңа инвестициялар тарту үшін жағдайларды жақсарту

4. 40 миллиард теңге 2017 жылы ЭКСПО- 17 кешені құрылысын жалғастыруды несиелеу үшін.

5. 29 миллиард теңге 2015 жылы астаналық әуежайдың жаңа терминалының құрылысына және ұшу- қону жолағын қайта жаңғыртуға

Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи хроника
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауы