Ассамблея тарихы - ел тұрақтылығының тарихы

Бүгінгі күні кең –байтақ қазақ жерінде 130 – дан астам ұлттар мен ұлыстар өкілдері тең жағдайда бейбіт қатар өмір сүріп жатыр. Әлемнің көптеген елінде мұндай татулық жоқ. Бір-бірімен ортақ тіл таппай, араздасып, дауласып жатқандар қаншама. Тіпті, тілі ортақ, діні ортақ, ділі ортақ славян халықтарының арасында да ішінара ортақ тіл табыса алмай, қырқысып жатқандары бар екенін көріп отырмыз.

Біздің байтақ еліміздегі барлық ұлыстар өкілдері бір анадан туғандай болып, бір кісінің баласындай, бір мақсатқа, бір мүддеге жұмылып, тілектерін бір арнаға тоғыстырып келеді. Бұл әрине, Елбасымыздың жүргізіп отырған сарабдал саясатының арқасы. Бұл үлкен ұйым өзінің қажеттілігін дәлелдеп қана қоймай, оны бүкіл әлемге үлгі етіп отыр. Қазір ондаған дамыған шетелдердің өзі ұйымның тәжірибесін үйренуде. Ассамблеяның арқасында еліміздегі барлық этностар ұйысып, бірігіп отыр.

Мерей той жылында болған Ассамблеяның ХХІІ сессияның жұмысына 1500- ден астам адам қатысып отырды. Олардың арасында еліміздің барлық өңірлерінен келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, мемлекеттік орталық атқару органдары, ЖОО-дың басшылары, шетелдік дипломатиялық миссиялар мен шығармашыл зиялы қауым өкілдері болды. Баяндама жасау үшін сөзді Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа берді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Біз биылғы жылдың (2015 ж.) Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Бұл Ассамблеяның мерейін асыру арқылы нығая түсетін Ел бірлігі жылы. Тарихи жылда біз Қазақстан халқының мызғымас бірлігі мен Ұлы Отанға мәңгілік сүйіспеншілігін ұлықтай түсеміз, дей келе, Өздеріңіз білесіздер сталиндік қуғын- сүргін жылдарында Қазақстанда АЛЖИР, КарЛАГ; СтепЛАГ. ДальЛАГ т. б. лагерлері сияқты жүз жүз мыңдаған тұтқындар қамалған 11 арнаулы лагерьлер құрылды. Бостандыққа шыққан соң бәрі кетіп қалған жоқ. Сонымен қатар соғыс кезінде Қазақстан 350 мың эвакуацияланған халықты қабылдады. Бүтіндей алғанда ХХ ғасырдың басынан Қазақстанға 5,6 миллион адам қоныс аударды. Ол кезде жергілікті халық шамамен 6 миллиондай адам болатын. Біз топтаса білдік, қатыгезденген де жоқпыз, өшіккен де жоқпыз, ХХ ғасырдың қатаң қасіреті үшін ешқашан ешкімді кінәлаған да емеспіз, деп атап көрсетті Нұрсұлтан Әбішұлы. Біз төтеп бере білдік, өз төңірегімізге барлық этностар мен конфессияларды біріктіре отырып, өз тәуелсіздігімізге бейбіт жолмен қол жеткіздік. Бүгінде біздің еліміз толеранттылық, келісім мен бір- біріне деген сенім негізінде алға қарай қадам басуда. Сессия соңында, Қазақстан халқына Үндеу қабылданды. Онда ҚХА ХХІІ сессиясы Мемлекет басшысының «Мәңгілік Ел» идеясы, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты сияқты көрнекті бастамаларын толығымен қолдайтындығы айтылды. Сондай-ақ, қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайтып, тілдердің үштұғырлығын дамытып, орта тапқа негізделген «Болашағы біртұтас ұлт» қана табысты мемлекеттің сенімді іргетасы болатыны атап өтілген.

Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи хроника
Ассамблея тарихы - ел тұрақтылығының тарихы