Қазақстан ұлы жоспарлар арқылы ұлы болашақ қалыптастыруда (100 нақты қадам)

«100 нақты қадам» – бұл ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ЖАУАП және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ҰЛТТЫҢ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОТЫЗДЫҒЫНА КІРУІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАРЫ.

«100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН НЫҒАЙТУҒА, ЖОЛДАН АДАСПАУҒА, КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢНЕН СЕНІМДІ ӨТУГЕ жағдай туғызатын БЕРІКТІК ҚОРЫН жасап беретін болады.

Жоспардың негізгі мақсаты «АУРУЛАРДЫҢ СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІН» СЫЛАП-СИПАП ҚОЮ ЕМЕС, ОЛАРДЫ «ЖҮЙЕЛІ ЕМДЕУ» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.

Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес инс­титуттық реформасына арналған халықаралық дөңгелек үстелі болып өтті. «100 қадам» – Ұлт жоспары «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» халықаралық қоғамдастық тарапынан кең көлемді резонанс туғызды. Сарапшылар Ұлт жоспары Қазақстанның әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуіне мүмкіндік беретініне сенімді. Ал «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы тәуелсіздіктің барлық жетістіктерінің сабақтастығы мен қазақстандықтардың болашаққа ұмтылысын нақтылайтын тұғырнама қызметін атқаратын болады.

Дөңгелек үстелдің спикері Қазақстан Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Бағлан Майлыбаев болды. Өздерінің пікірлерін Австрия Ұлттық қорғаныс академиясының аға ғылыми қызметкері Мартин Малек, Дж. Неру атындағы университеттің Ресей мен Орталық Азияны зерттеу орталығының төрағасы (Үндістан) Моханти Арун, саясаттанушы, Ұлттық стратегия институтының халықаралық жобалар бойынша директоры (Ресей Федерациясы) Юрий Солозобов секілді т. Б. белгілі ғалымдар ортаға салды.

Бағлан МАЙЛЫБАЕВ, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары

«100 нақты қадам» – Қазақстан дамуының аса ірі әлеуетін ашып көрсететін маңдайалды міндеттерді нақпа-нақ жүзеге асыру.

Бұл қалыптан тыс жоспар, онда мемлекеттің, экономика мен қоғамның кезең-кезеңімен жаңғыр­тылуының одан арғы бағытының негізін қалайтын 100 егжей-тегжейлі және практикалық шешімдер бар.

Біздің еліміздің жаһандық деңгейдегі нақтылы артықшылықтарын жасау мен қайта жаңғырту үшін Қазақстанға бес институттық реформа ауадай қажет.

Ұлт жоспары – нақтылы, дәйекті және айқын жоспар.

Ол миллиондаған қазақстандықтар үшін Болашаққа баратын даңғыл жолды белгілеп берді.

Президенттің Ұлт жоспарының әрбір жолынан «Біздің ел, біздің ұлт, біздің болашақ» деген жасампаз тарих -айқын көрініп тұрады.

«100 қадам» – Елбасының 100 нақты тапсырмасы, олар мемлекеттік даму мен қоғам өмірінің барлық қырларын реформалауды қамтиды.

15 қадам мемлекеттік аппарат кәсібилігін түбегейлі арттыруға арналған. 19 қадамсот жүйесі мен құқық қорғау органдарының жұмысын жаңғырту жөніндегі тиімді іс-қимыл. 50 қадам – жаңа жоғары технологиялы экономикалық өсу мен адам капиталын дамытуға ынталандыратын, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға айқын бағдарланған нақты да дәл шешімдер. 6 қадам – қоғам бірлігінің жалпықазақстандық біртектілігін нығайтуды, «Мәңгілік Ел» құндылықтары жүйесін дамытуды көздейтін толыққанды шаралар. 10 қадам «Ашық Үкіметтің» жұмыс тетіктерін, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін жетілдіруді, қоғамдық бақылауды күшейту мен іске азаматтық тұрғыдан араласуды қамтамасыз етеді.

Ол қадамдар халықтың және әрбір қазақстандықтың мүддесіне сай келеді.

Біздің, қазақстандықтардың әрқайсысы өзінің мамандығында, өзінің жұмыс орнында, өзінің қоғамдық өмірінде бүкіл елмен бірге осы маңызды 100 қадамдыжасауға тиіс.

Ұлт жоспары мемлекеттік қызметкерлерге жауапкершіліктің жаңа жүгін артады. Ендігі жерде мемлекеттік аппаратта жұмыс істейтін әрбір адам Президенттің «100 қадамын» орындауының өзіндік нақты сегментіне жеке жауап береді. Әрбір мемлекеттік қыз­мет­кер өзінің нақты жұмыс учаскесінде жеке басы не істеді деген сұ­раққа кез келген уақытта нақпа-нақ жауап беруге дайын тұруға тиіс.

Халық пен елге талмай қызмет ету, өзінің еңбегі мен қам­қорлығының арқасында Қазақстанның және қазақстан­дықтардың мүддесіне пайда келтіру арқылы мұндай жоғары жауапкершіліктің үлгісін бізге Елбасы көрсетуде.

Қазақстан кеңістігінде халқының саны миллионға жуық мегаполистің жаңадан пайда болуы ең алдымен экосаланың, оның байланыстары мен өмір салтының өзгеруі.

Астананың өркендеуі – Елбасының идеялары мен іс-қимыл­дарының стратегиялық тұрғыдан түзулігі мен кешендігінің жарқын мысалы.

Елорданың өркендеуі тек қана алдыңғы қатарлы архитек­ту­ралық шешімдердің ғана емес, Астана маңындағы табиғи ландшафттың жоспарлы түрде өзгеруінің арқасы, онымен бірге қазақстандықтардың экологиялық ойлау жүйесі де өзгеріп келеді. Астананың «жасыл белдеуі» жасалуда.

Жаңа орман бар жерде таза ауа болады, онда топырақ эрозиясы тоқтайды, жел соғуы бәсеңдейді. Ол жерде демалу орындары көбейіп, туризм өркен жаюы мүмкін. Ол жерде экологиялық санасы жетілген, сапалық тұрғыдан жаңа ұлт қалыптасады.

Ұлт жоспарын ұсына отырып, Мемлекет басшысы Қазақстандағы жаңғырту үдерісінің жаңа парадигмасын орнықтыруда.

Біріншіден, бұл – мәселенің тұғырнамалық тұрғыдан тыңғылықталуы және анық мақсат белгіленуі.

Стратегиялық сатыластықтың ұшар шыңына елдің болашақ бейнесін айқындайтын басты екі мақсат шығарылған.

Бұл мақсаттар – 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу және Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сай келуін жүзеге асыру.

«100 қадамды» терең саралау және дәл есептеу ел үшін, мемлекет үшін, әрбір қазақстандық үшін жаңа мүмкіндіктер келешегін ашады.

Екіншіден, бұл – үздіксіздік және инклюзивтілік.

Дамушы әлемнің көптеген елдері қуып жетуші жаңғырту тұжырымдамасын ұстанғаны белгілі.

Ұлт жоспарының және тұтастай алғанда, Қазақстан жолының негізіне жаңғырту үдерісінің инклюзивті сипаты алынған, ол бұл іске барлық әлеуметтік топтардың белсенді араласуын қажет етеді.

Оған қоса, инклюзивтілік мемлекет пен қоғам «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру орайында қабылдап жатқан шараларды үйлестіру мен өзара келісілгендікті білдіреді.

«100 қадам» – біздің ұзақ мерзімді даму стратегиямыздың табиғи түрдегі құрамдас бөлігі және Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосу жөніндегі нақты бағдарлама.

Осы арқылы Қазақстанның ХХІ ғасырдағы табысты дамуының сабақтастығы мен үздіксіздігі көптеген онжылдықтар бойында қамтамасыз етіледі.

Үшіншіден, бұл – ең таңдаулы халықаралық тәжірибеге арқа сүйеу.

Алайда, біздің тәжірибеміз өзгелерді сол күйінде көшіре салу дегенді білдірмейді. Біз басқа елдердің дамуындағы табысты практиканың тиімді белгілерін өзіміздің ұлттық жағдайларымызды, құндылықтарымызды және азаматтардың мүдделерін ескере отырып, табиғи түрде қолданамыз.

Президенттің «100 қадам» Ұлт жоспары да осындай, ол өз бойына әлемдік практикадағы ең таңдаулының бәрін де жинаған.

Төртіншіден, бұл – зияткерлік пен жаңашылдық.

5 реформаның бәрі және 100 қадамның әрқайсысы білім мен озық технологияға арқа сүйейді, олар жаңғыртылған қазақстандық қоғамның іргетасына, оның зияткерлік құрамдас бөлігіне айналады.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды әлемдегі интеллект, білім мен біліктілік бәсекесіне бейімдеп отыр. Мұның өзі ХХІ ғасырдағы барлық табысты қоғамдардың қалыптасуы мен дамуының түбірлі факторы.

Ұлт жоспары – бұл таза зияткерлік бағдарлама, ол мем­лекеттің, азаматтық сектор мен ғылыми-сарап­та­малық қоғамдастықтың сындарлы өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын қажет етеді.

Міне, сондықтан да «100 қадамды» жүзеге асырудың барысын сапалы зерттеушілік пен сарап­та­малық-талдамалық тұрғыдан қолдау көзделуде, ол жаңа идея­ларды шығару мен қазақстандық жаңғыр­тудың сын-қатерлеріне нақты жауап табудың бастау көзіне айналатын болады.

Бесіншіден, бұл – санқырлылық.

«100 қадам» – Тәуелсіздікті нығайтудың мем­ле­кет­тік бағыты­ның іске асырылуы.

Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған дәйекті инклюзивті жаңғырту жоспары біздің социум өмірінің барлық қырын – экономиканы, бі­лімді, ғылымды, денсаулық сақтауды, мәдениетті, қоғамдық және саяси қарым-қатынастарды, мемлекеттік басқаруды, Ұлттық қауіп­сіздікті және басқаларды қамтиды.

Біздің қоғамның және әрбір қазақстандықтың өмірінің бірде-бір жағы атам заманғы немесе тоқырау күйінде қалмайды.

Әрбір қадам – Мемлекет басшысының нақты практикалық тапсырмасы.

Жаңару үдерісі дегеніміз дамудың байқалып отырған «бос аралықтарын» жүйелі түрде жою ғана емес, ол сонымен қатар, елді жаң­ғыртудың әрбір бағытының жаңа көпфункциялылығын құры­лымдауды да білдіреді.

Біріншіден, талапты қатайту және сонымен қатар мемлекеттік қызмет жүйесінде кәсіби мемлекет қалыптастыру жолындағы ахуалды жақсарту кәсіби мемлекеттік аппараттың жаңа сапасын қалыптастыруға бағытталған.

Екіншіден, заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі жаңа көзқа­растар сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Сот төрелігі институтына қоғамдық сенім арта түседі. Еліміздің инвестициялық тартымдылығы бірнеше есе көбейеді.

Үшіншіден, ұлттық экономиканы терең реформалау стра­тегиялық инвесторларды дәл тарту мен ғылым жұмсалатын өндірісті көтеру арқылы жоғары технологиялы өңдеуші секторды басым дамытуды көздейді.

Төртіншіден, «Мәңгілік Ел» идеясы мен Баршаға ортақ еңбек қоғамы идеяларын одан әрі ілгерілету азаматтық біртектілікті күшей­теді және Болашағы Біртұтас Ұлттың бойындағы жасампаздық әлеуетті түбегейлі ашуға мүмкіндік береді.

Бесіншіден, мемлекеттің ашықтығы мен есеп берушілігін кезең-кезеңімен дамыту, қоғамдық бақылаудың рөлін күшейту, азаматтық қатысуды кеңейту, мониторинг пен бағалау тетіктерін жетілдіру тұтастай алғанда мемлекет басқарудың тиімділігін арттырады.

Алайда, ең бастысы, барлық бес реформа қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға, Қазақстанның Экономикалық ынты­мақ­тастық пен даму ұйымына мүше елдерде қол жеткізілген жоғары әлеу­меттік стандарттарға ұмтылуға бағытталған.

Президенттің «100 нақты қадам» Ұлт жоспары біздің елімізде мем­лекеттік құрылыстың жаңа тарихи деңгейіне алып шығады.

Бес реформа – 5 күш векторы, олар қосыла келгенде Қазақ­стан­ның табанды түрде тек қана алға басуын айқындайды.

Қазіргі таңда әлем күрделі де қарама-қайшылықты кезеңді бас­тан кешуде.

Анағұрлым ауқымды сілкіністердің болу қаупі әлі де әлемнің көп­теген елдері мен өңірлеріне төніп тұр.

Жаңа экономикалық цунамидің кіндігі қайда, қандай жағ­дай­да және қашан шыға келуі мүмкін дегенді іс жүзінде болжап білу мүмкін емес.

Негізгі әлемдік нарықтардың – көмірсутектердің, алтын және басқа металдардың, азық-түліктің, технологиялардың және басқалардың құнының құбылуы күшейе түсті.

Осындай жағдайда барлық жерде дерлік тоқырауды күту бой көрсетуде.

Бүгінде әлемдік экономиканың ірі ойыншылары өздерінің ішкі ресурстарын кеңінен пайдалануда.

Көптеген елдерде гуманитарлық және фискалдық сипаттағы шаралар қабылдануда.

Тарихи тәжірибе сонымен қатар, дағдарысты және дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономикалық дамудың тиімді қозғаушы күші ин­фра­құрылымға салынған инвестициялар бола алатынын көрсе­теді.

Тарих Фрэнсис Бэконның атақты үштағанының дұрыстығын дәлелдеумен келеді. Ол ұлтты ұлы және берекелі ететін үш нәрсе бар деген еді: құнарлы топырақ, іскер өнеркәсіп және адамдар мен тауарлардың жеңіл қозғалуы.

Үшінші құрамдастың көкейкестілігін бүгінгі экономистер дәлелдеп отыр. Олардың мәліметтері бойынша, инфрақұрылымға са­лынған 1 доллар инвестиция экономикада 2 долларға дейінге қозғау сала алады.

Сондықтан, инфрақұрылымды дамытудың маңызын ескере келіп, Президенттің тапсырмасы бойынша кең ауқымды мем­лекеттік «Нұрлы Жол» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бұл бағдарлама Қазақстанның әлемдегі инфрақұрылым сапасы бойынша алда келе жатқан елдер қатарына қосылуына қол жеткізуге тиіс.

Екінші бесжылдықтың міндеттерін жүзеге асыру барысында елдің алдыңғы қатарлы инфрақұрылымдық қаңқасы тұр­ғызылатын болады.

Қазақстан – территориясы бойынша әлемдегі тоғызыншы ел. Инфрақұрылым құрылысы көп инвестицияны талап етеді, бірақ оның маңызы келер ұрпақтарға қалатын мұра ретінде ғасырларға кетеді.

Алдағы 3 жылда жаңа жолдардың құрылысына, электр желі­лерін, коммуникация салуға 14 миллиард доллар бағытталады. Бұл қаржының үштен бір бөлігінен астамын халықаралық қаржы институттары бөледі.

Астанадан өңірлерге қарай шапақ түрінде тарайтын автожолдар желісі тартылады. Бұл елдің барлық өңірлерінің теңгерімді да­муына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Экономикалық дамудағы, сон­дай-ақ, әлеуметтік-демографиялық тұрғыдағы сәйкессіздіктер азай­тылады. Шағын және орта бизнес өндіріс шығындарын азайта алады, мұның өзін шекті деңгейден өңірлік деңгейге көтерілуге жағдай жасайды.

Қазақстандықтарды жасампаздықтың табысты қазақстандық жолымен, ертеңге нық сеніммен қадам басып бара жатқан Біртұтас Болашақтың Ұлты деп сипаттаған Президент идеясының мәні де осында.

*******************

Хуман САДРИ, Ақпарат және саяси талдау орталығының президенті (АҚШ)

Бес ха­лық­тық ре­фор­маны жү­зе­ге асы­руға бағыт­талған «100 то­лық салмақты қа­дам» – ол жан-жақты даму ма­гис­­тралі бойын­ша тұ­рақ­ты қоз­ғала оты­рып өтетін Қазақ­станның нақ­ты маршрутының ара­қа­шықтығы.

«100 қадам» әлемнің ең өркендеген және дамыған отыздығына ену үшін қуатты тұғыр қалыптастырады.

Бүкіл әлем Қазақстанды Нұрсұлтан Назарбаевтың Көшбасшылығымен айқын бағытпен жүріп бара жатқан қуатты және сенімді мем­лекет ретінде көріп дағ­дыланды.

Таяудағы жылдарда әлем­дік жүйенің «қарайып қою­лана түскен аспанында» қазақ­стандық жолдың «жол көр­сетуші шамшырағы» дәл осы Ұлт жоспары болмақ.

Ағымдағы тарихи сатыда Қазақстан үшін бұл бағ­дар­лама айрықша және жоғары стратегиялық құндылыққа ие.

Біріншіден, Ұлт жос­пары Нұрсұлтан Назар­баев­тың жаңғырту үдері­сі­нің үз­дік­сіздігі мен бөлін­бес­тігін, мемлекет пен қоғам дамуы­ның шынайы сабақ­тас­тығын айқындайтын басқару­шылық стилін, континуумын барынша үздік түрде бей­нелейді.

Қазақстан Көшбасшысы мемлекеттің иммундық жүйесін тұрақты түрде ны­ғайтып отыру керектігін айқын түсінеді.

Осы тұрғыда «100 қадам» – «Қазақстан-2050» Стра­те­­гиясында және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын­да қа­ланған шешуші басым­дық­­тарды жүзеге асырудың нақ­ты жол нұсқаушы картасы.

Бұл жағдайда дәл осы «Мәң­гілік Ел» дамудың берік негізі және өзекті катализаторы міндетін атқарады. Қо­ғам бір­лігінің осынау қазақ­стан­дық моделі әлемнің көп­теген мем­лекеттері үшін үлгі бола алады.

Реформаны табысты орын­дау үшін жаппай бар­шаға: мемлекетке, қоғамға, әр­бір қазақстандыққа жұмы­луға тура келеді.

Оған деген барынша қатыс­тылық ұлттың жауапты дамуының ішкі санасына бойлаған Көшбасшының «100 қадамының» қуатты жа­сам­паз пайымдарымен қамта­масыз етіледі. Таяуда өткен президенттік сайлау нәти­же­лері оған айқын дәлел болды.

Бесіншіден, бес халықтық реформаны жүзеге асыру Қазақстанның халықаралық рей­­тингтердің «шендер та­бе­лін­де» алға жылжуына жағ­дай жасайды.

Әрине, әрбір қадамды орын­дау, қалай болғанда да, топ-30-да тұрған мем­ле­­кеттің «өркениеттілік пас­­портын» құрайтын жаңа экономикалық және әлеу­­меттік биіктерді алуын қарас­тырады.

Бұл орайда Ұлт жос­па­ры­­ның өзін­дік мақ­саты – ол тек қазақстан­дық­тардың кө­кей­­кесті өмірлік мәсе­­лелерін жүйе­лі түр­де ше­шу. Бес ре­фор­маның бә­рі де ең алдымен әлеу­меттік си­пат­қа ие.

Дегенмен, ең бас­тысы, Нұр­сұлтан Назарбаев Ұлт жос­парын алға тарта отырып XXI ғасырдағы Қазақ­станның болашақ бейнесін көз алдына айқын елестете алды. Елдің таяу жылдарда не нәрсеге ұмтылуы керектігін айқын түсіндірді.

Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген бес реформаны жоспарлы түрде жүзеге асыру Қазақстанның өз дамуында жаңа сапалы серпіліс жасауына, әлемнің табысты мемлекеттерінің отыздығына енуіне жағдай жасайды.

Ол болашаққа сеніммен қарайтын қалыптасқан табысты мемлекет.

Біз XVIII-XX ғасырлардағы елеулі жаңғыртушылық жобаларды білеміз.

Бұл ретте Назарбаев моделінің елдің прогрессивті ырғақты дамуының және ХХІ ғасырдағы тиімді мемлекеттік менеджменттің эталоны болуға шынайы мүмкіндігі бар.

****

Юрий СОЛОЗОБОВ, Ұлттық стратегиялар институтының халықаралық бағдарламалар бойынша директоры (Ресей)

100 нақты қадам, бес президенттік реформа – бұл бүкіл мемлекеттік аппарат, бүкіл қоғам, әрбір азамат үшін жұмыс майданы. Мұндай қа­дамның өміршеңдігі Қазақ­с­тан­ды жаңғырту табыс­ты­лығының бөлінбейтін факторы болып табылады.

Қуатты мемлекеттің бас­ты бір ерекшелігі, оның өз дамуының әрбір кезекті кезеңіне әр­дайым айқын мақсат және нақты бағдарламамен көшетіндігінде жатыр.

Бұл тұрғыдан алғанда нығайып және қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның жолы болуда. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаевтың көрнекті идея­лары, терең ойластырылған тұжы­рым­­дамалары мен бағдарламалары ың­ғайында дамып келеді…

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы бұл ретте тәуелсіздіктің барлық жетістіктерін бекіте түсетін және қазақстандықтардың болашаққа ұмтылысын нығайтатын платформа ретінде әрекет етеді.

«Мәңгілік Ел» – бірлік пен келісім жағдайында өмір сүруші гүлденген қоғамның «сапа стандартының белгісі». Бұл бүкіл әлем ұмтылуға тиіс стандарт болып табылады.

XXI ғасырда дүние жүзінің ешбір елінде барлық азаматтар үшін жайлы болып табылатын жалпы­ұлт­тық идея­лар формуласы ойлас­тырылмаған.

Мұндай формула тек Қазақстанда ғана бар.

«Мәңгілік Ел» – Нұрсұлтан На­зар­­баевтың аса көрнекті дүние­тану­шы­лық және саясаттанушылық жаңалығы.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея­сы ұлтаралық және дінаралық тар­тылыстың мәңгілік заңы секілді жұмыс істейтін болады. Ол барлық қазақ­стандықтарды біріктіреді.

Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың ин­телектуалдық мұрасындағы жар­қыраған тәж.

Қазақстанның Экономикалық ын­тымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) клубына енуге дайын тұруы­ның символдық мәні болып табылады.

Мен бұл нақты және тереңнен ойластырылып жасалынған 100 шара әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруге ұмтылыс танытып отырған Қазақстанның көрсеткіштерін көтеріп қана қоймай, оның әрбір азаматының өмір деңгейін сапалық тұрғыда арттыратындығына сенімдімін.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Астанада Тәуелсіздік сарайында салтанатты жиын өтті

Жиынға ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ Халықаралық қауымдастық өкілдері, Қазақстан Республикасы Сенаты және Мәжілісінің депутаттары, спорт қауымдастық өкілдері мен мәдениет және қоғам қайраткерлері

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиын мемлекеттік әнұранмен басталды. Бүгінгі торқалы тойды отандастарымызбен бауырлас елдердің басшылары — Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев пен Әзірбайжан Президенті Илхам Әлиев, Түркия Республикасы Парламентінің төрағасы Исмет Йылмаз келді. Жиын барысында сөз алған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тарихы сонау тереңде екендігін атап өтіп, тәуелсіздіктің қазақ халқы үшін құндылығына тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев — Қазақстан Республикасының Президенті:

— Тәуелсіздік Қазақстанның өшкенін жандырып, өлгенін тірілтті. Алматы мен Астанада, облыс орталықтары және ірі елді-мекендерде Керей мен Жәнібек, Абылай, Әбілқайыр сияқты әйгілі хандарымыздың, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың еңселі ескерткіштері бой көтеріп, олардың есімдері оқу орындарына беріле бастады. Бабалардың ерлік пен күреске толы өнегелі өмір жолдары том-том ғылыми еңбектер мен әдеби шығармалар жазылды.

Осыдан 550 жыл бұрын Қозыбасы тауының бөктерінде құрылған Қазақ хандығы мемлекетке жалғасып, қазір еңсесі биік, өркендеп келе жатқан елдердің қатарында келеді.

Жасыратыны жоқ, бүгінде Қазақстан үйренуші елден үйретуші елге айналуда. Жиын барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үшін үш мұхитқа жолдың ашылғандығын тілге тиек етті.
Ата-бабамыз қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, жау аяғын елімізге басқызбай ұрпаққа ұлан-ғайыр даланы мирас қылып қалдырды. Алайда, еліміз үшін мұхитқа шығатын жол болмаған екен. Ал егемендік алып, еңсемізді көтергелі бері жалпы ұзындығы 2 мың 500 шақырым темір жол салынып, Қазақстанның барлық облыстары байланыстырылғанын Елбасы тағы бір мәрте еске салып өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев — Қазақстан Республикасының Президенті:
— Нәтижесінде Қазақстанның болат жолдары Қытай арқылы Тынық мұхитына шықты, ағайынды Түрікмендер жері арқылы Парсы шығанағы арқылы Үнді мұхитына шықты. Ресей арқылы Батыс Еуропадан Атлант мұхитына жететін болдық. Бұған қосымша батыс Қытай, батыс Еуропа Евразиялық автомагистральді пайдалануға беруге дайынбыз. Мінекей Қазақстан үш мұхитқа бірдей ашылған жолдармен тасылатын жүктердің әр тоннасы ел байлығын еселейтін тұрақты табыс көзіне айналды. 21-ші ғасырдың нағыз Жібек жолы деп осыны айтуымыз керек.
Қазақстанның кешегісі мен бүгінгісін салыстыруға келмейді. Көпті басынан өткеріп, төзімділігі мен табандылығының арқасында армандағы жетістіктерге жетті. Экономикасы алға басқан мемлекеттермен терезесін тең қылуға тырысқан еңселі еліміздің бағындырар биік асулары әлі алда.

Жарасбай Сүлейменов — Қазақстан Жазушылар одағы СҚОФ директоры:
— Қазақ хандығының 550 жылдығы — біздің еліміз үшін үлкен мереке. Сондықтан, кең байтақ Қазақстанды мекендеп жатқан сан алуан ұлттардың барлығы бір адамдай, бір кісінің балаларындай тойлап жатыр.

Наиль Салимов — Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

— Өткен ғасырдың батырлары Қазақстан гүлденуші және бейбітшіл мемлекет болсын деп күрескен. Бүгінде солардың еңбегі еш кетпегенін көріп отырмыз. Бұл тарихи оқиға өскелең ұрпаққа және барша қазақстандықтарға өткен ғасырларды зерттеуге тың серпіліс бермек. Өйткені, тарихты білмей болашақты болжау мүмкін емес.

Шаймардан Нұрымов — Республикалық ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы:
— Бұл мереке Қазақстан ұйғырларының да үлкен мейрамы болып есептеледі. Ұйғыр мен қазақ баяғы заманнан бауырлас-туысқан, дініміз де қанымыз да бір халықпыз. Құдайға шүкір, жүздеген емес мыңдаған жыл бірге тату-тәтті өмір сүріп келе жатырмыз.

Асанәлі Әшімов — Қазақстанның халық әртісі:
— Осы бүгінгі күнді армандаған біздің бабаларымыз жерімізді сақтап қалған, елдігімізді сақтап қалған үлкен ұлы тұлғаларды бүгін еске алудамыз.

Қазақ хандығының 550 жылдығына тарту-таралғы ретінде шетелдіктердің де әкелген сыйлары бар. «Vox populi» ғылыми-зерттеу орталығының президенті Эрманно Визинтайнер бүгін «Қазақ хандығына 550» жыл деп аталатын өз кітабының тұсауын кескелі тұр. Бұл еңбекті жарыққа шығаруда италияндық ғалым көптеген тарихи құжаттарды зерделепті.

Эрманно Визинтайнер — «Vox populi» ғылыми-зерттеу орталығының президенті, Италия:
— Мен өз кітабымды жуырда аяқтадым. Туындым үш бөлімнен тұрады. Алғашқысы ол — Қазақ хандығының рухани бастауы. Мұнда әл-Фарабиден бастап Нұрсұлтан Назарбаевқа дейінгі кезең қамтылады. Өйткені, әлемнің екінші ұстазы халықтың рухани байлығы керек десе, Н. Назарбаев мұны «Мәңгілік ел» тұжырымдамасы арқылы жалғастырды. Екіншісі, ұлы хандар Керей мен Жәнібекке арналған. Олардың жүргізген саясаттары жайлы толық баяндалады. Ал соңғы бөлімі осы елдің ғалымдарының Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды «Қазақ елі» деп атау туралы ұсынысының талқылануы жайлы жазылған.

Кезінде Керей мен Жәнібек хандардың соңынан ерген халықтың саны небәрі екі жүз мың шамасында болса, қазіргі Қазақ елі халқының саны ол он алты миллионнан асады. Яғни, алда қандай қысылтаяң шақтар болмасын «Бірлігі жарасқан ел болады» демекші", бір жеңнең қол, бір жағадан бас шығарып, оны да өткеріп, болашағы жарғын мемлекет болатындығын Елбасы сеніммен айтты.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 ж. 30 қараша

Қазақстан халқы Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын үлкен құлшыныспен қолдады. Аталған құжатта бүгінгі жаһанды жайлаған дағдарыс тұсындағы елдің әлуметтік мәселелерн, жастарды тәрбиелеуге, жұмысшыларды бағалауға қатысты мәселелерді айрықша атап өтіп, кеңінен қамтылған. Бұдан басқа, тәуелсіздіктің 25 жылында бай қуатты болып, материалды жағдайы түзелгеназаматтарға айрықша тоқтала келе, оларға шет елде тіркелген материалдық дүниелерін ашық түрде жария етуге назар аударды. Оларды жекешелендірудің жаңа легіне белсенді қатысып, қаржыны заңдастырып, ашық түрде жұмыс істеуге шақырды.

Мемлекет басшысы заманның қазіргі беталысына баға беріп, біздің аса күрделі, қиын кезеңге аяқ басқанымызды айтты. Мұндай жауапты сәтте ел азаматтарының бірлікті сақтап елдің игілігі үшін аянбай тер төгуі қажеттігіне назар аударды. «Қазақ не көрмеген, қазіргі қиындықты да еңсеретін боламыз», деген тұрғыда түйінді сөз айтып, бұл ретте, азаматтарға үлкен үміт артатынын жеткізді. Ендеше, қоғамдағы әрбір сала мамандары бұл сенім үлесінен шығуғаатсалысуы қажет. Қандай қиындықтар болса да әлемдегі озық 30 елдің қатарынан көріну мақсатынан таймау үшін 5 халықтық реформаны жүзеге асыратын 100 ұлт қадамына қуат беретін 5 міндетті айқындап берді. Олар қаржылық секторды тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаңа инвестициялар тарту, жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыру.

Елбасы рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар дей келіп, қазақстандықтардың жасампаздығына үлкен сенім артып отыр.

Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи хроника
Қазақстан ұлы жоспарлар арқылы ұлы болашақ қалыптастыруда (100 нақты қадам)