Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне - 25 жыл

2016 жылдың 16 желтоқсанында — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдықмерейтойы. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді.

Осы кезең ішінде не тындырдық? 25 жылда жеткен жетістіктеріміз қандай? Еліміз халқы үшін, халқы еліміз үшін не істеді? Мәңгілік Ел болуға жараймыз ба? Қандай жетістіктерге жетудеміз? Кемшілігіміз не? Есеп берер кез келді.

Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін жариялағаны баршамызға аян. 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы «Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет»- деп жариялаған Қазақстан Республикасының Ата Заңы- Конституциясы қабылданды. Негізгі байлық- адам, оның өмірі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері- Елтаңба, Ту және Әнұраны бар.

Қазақстан Республикасы- Тәуелсіз Мемлекет бола алатындығын бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет – осы мемлекетіміздің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көртеру. Қазақстанды «Отаным» деп таныған әр азаматтың осыған әлі келгенше үлес қосуы- мұның басты шарттарының бірі. Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан- 2030» стратегиялық бағдарламасының «Қазақстан мұраты»деп аталатын бөлімінде: "… біздің балаларымыз бен немерелеріміз… бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады ", — деп үміт артқан. Қазақстан Республикасы

2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз мемлекет 25 жылдығына аяқ басқалы тұрғанымызды айта келіп: «Бұл — тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.», — деп алдағы кезеңде кездесетін сын-қатерлерден мүдірмей өтуге шақырды. Осы жылдар ішінде еліміз басынан көптеген қиыншылықтарды өткеріп, биік белестерді бағындырды. Әрине тарих үшін жиырма бес жыл ұзақ уақыт емес, бірақ біздің жас мемлекетіміз үшін бұл – үлкен кезең. 25 жылдық тәуелсіз тарихымыздың жетістіктерін тізе берсек өте көп. Ол жетістіктер әрбір қазақстандықтың Отанына деген мақтанышын, сүйіспеншілігін оятады. Әсіресе, жастар арасында осы патриоттық сезімнің өсуі, еңбектің артуы, кәсіптің шыңдалуы Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағына сенімділігін арттырады. Ұлым деген елі бар да, Елім деген ұлы бар- деген емес пе.

Ұлым деген елі бар да, Елім деген ұлы бар

Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи хроника
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне - 25 жыл