Алғыс айту күні белгіленді (01.03.2016 ж.)

Алғыс айту Күні Қазақстан халқының Ассамблеясының құрылған күнінде, барлық этностардың бір- біріне және тағдыр тәлкегімен жан- жақтан келген этностарды туғандарындай қарсы алып, қайырымдылық көрсеткен қазақ халқына алғысын білдіру күні деп белгіленді

Қаазақстанда қазіргі уақытта 120 ұлт өкілдері өз салт-дәстүрлерін сақтай отырып жас Егемен мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін көрсетіп жатыр.

Республика азаматтарының өз ара қарым- қатынастың ерекше моделі қалыптасқан. Адам құқықтары мен бостандығы, бір- біріне деген құрмет қағидалары, ұлтаралық келісім мен іскерлік байланыстардың нығаюы.

Қазақстан Республикасы аймағында тұратын кез- келген халық ұлы да байтақ елдің бір бөлшегі екендігі ретінде өз ризашылығын білдіреді. Саяси қуғын- сүргін және жер аудару милиондаған адам бір- біріне көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін ризашылық танытуы. Сол қуғын- сүргін жылдарының куәгері мен олардың ұрпақтары Қазақстанның қасиетті жерінде көрген қамқорлық пен қонақжайлылықты, толерантылықты қазір айрықша жылылықпен еске алып алғыс айтты. «… Қазақтар да бауырластарға туған өлкеге деген сүйіспеншілігі үшін, жеріміздің түрленуіне қосқан үлесі үшін, ұлттық мәдениетке, тілге және дәстүрге деген құрметтері үшін алғыс білдіреді.» деген Ел басымыз.

Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. «Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды — киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сүрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым», — деді ол.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», — деді Қазақстан Президенті.

Халықтар Достығының ортақ шаңырағында Ашық аспан, әрдайым бейбітшілік болсын! Елбасы жарлыққа қол қойған Алғыс айту күні- енді ұлттық күнтізбедегі Еңбек күні, Отбасы күні сияқты өзге де мерекелердің қатарындағы жаңа дата. Бұл мереке қазіргі уақытта аса қажет, біздің қоғамдағы сенімді, келісім мен достықты бұрынғыдан да нығайта түседі.

Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи хроника
Алғыс айту күні белгіленді (01.03.2016 ж.)