Төртінші өнеркәсіптік революция

10 қаңтар 2018 жыл: ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев кезекті Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Жолдау «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталады. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік Революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды. Біз саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға кірістік – дейді жолдауда.

Соңғы жылдары, сарапшы -саясаткерлер- әлемде өнеркәсіптік өзгерістердің жылдам дамып, Тарих уақытының тым шапшаң жүріп жатқанын айтуда. Ол шындық. Бұл Ақпарат ғасырының адуыны. Тіпті бірін- бірі алмастырып жатқан жаңалықтар, ғылым мен техниканың, технология мен инновацияның шапшаңдығы адамды таңғалдырмай қоймайды. Осының өзі- көмірсутегі экономикасы дәуірінің бірте- бірте аяқталып келе жатқанын анық байқатады. Бұл – 3-ші индустриялық революция саналатын еді.

Ендеше Адамзат 4-ші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басып келеді. Президентіміздің Жолдауының өзегі де- осы Төртінші индустриялық революцияға қамданудан туындайды. Адамның мұқтаждығынан шығаратын, алысты жақындатып, баяуды тездетіп, ауырды жеңілдететін де адам ақыл- ойының жемісі. Осындай ой жемісінің нәтижесінде дүние дамуында Өнеркәсіптік Революциялар бірінің орнын бірі басты. (Тарихтан Еуропадағы Өнеркәсіптік төңкерісті білесіздер — жұмысшылар станокты сындырып, талқандап, жұмыс орындарынан айырылып қалғандықтан өндірістік жаңалықтарға наразы болғандығын.) ХІХ ғасырда пайда болған көмір мен будың қозғалтқыш күші — 1-ші өнеркәсіптік революцияның тірегіне айналды. Алғаш отарбалар пайда болды. Келе- келе бу машинасының орнын Электрлендіру, энергетика басты. Бұл — ХХ ғасырда орнаған 2-ші өнеркәсіптік революцияның енуімен парапар. Энергетиканың алшаңдауы түрлі жаңалықтарды тудырды. Біртіндеп байланыс дамып, Радио, Телефон, Теледидар дүниеге келді. Іштен жану қозғалтқышына сүйенген бұл кезең дамыған елдерде Өндіріс орындары үдеп, Мұнай мен Газ өндіру барынша етек алуы. Мұнай өнімдерін пайдаланатын автокөлік құралдары, басқа да тұрмыстық техникалар дүниеге кеңінен тарап, бүкіл адамзатқа қолжетімді болды. Осылайша, 3-ші индустриялық революция алға басты. Техника. Технологиялар дамуы арқасында байланыс пен ақпарат саласы алға шығып, Цифрлық байланыс құралдары өмірге келді. 90-жылдары ел- елді компютерлер жаулай бастады. Алғашқы робот-техникалар дүниеге келді. Оның соңынан Автоматтандыру, Кибер- физикалық жүйе әлемнің ауанын мүлде басқаша өрбітті. Сарапшылар 3-ші индустриялық революцияның шарықтау шегін компютерлендірумен қатарласқан Интернетпен байланыстырады. Расында Интернет дүниені өзгертті. Ақпараттар ағыны елдерді шыр айналдырды. Бұндай қарқын Төртінші Өнеркәсіптік революцияны тудырып отыр. Елбасының айтқаны да осы. Өзінің жолдауында: «Әлемде кезекті, Төртінші Өнеркәсіптік Революция басталды. Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер- әрі тарихи сын- қатер, әрі Ұлттқа берілген мүмкіндік»- деген болатын. Елбасы елдің жаһандық бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құруды тапсырды. Әлемдік «Индустрия 4.0» Автоматтандыру, кибер- физикалық даму арқасында біршама озық елдер «Төртінші Өнеркәсіптік революцияны» бастап кетті. «Индустрия 4.0» деп аталатын революцияның төркіні Германияға тиесілі деушілер бар. «Индустрия 4.0» — жаңа заманғы нұсқаны ғана емес, индустрияның жаңа ғасырын да білдіреді. Сонымен, қазіргі таңда әлемнің әртүрлі елдерінде «Индустрия 4.0» тұжырымдамасын енгізудің орташа және ұзақ мерзімді бағдарламалары қабылданған. Бұлар: Германияда, Францияда, Италияда, Жапонияда, Үндістанда, ОҢ. Кореяда, Испанияда т. б. елдерде.

Қазақстанда «Индустрия 4.0» қалай жүзеге аспақ? — Елбасы Жолдауында көрсетілгендей, өнеркәсіп өндірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін, Үкімет «Төртінші өнеркәсіптік революция» элементтерін жаппай енгізуде. Осы бағытта Қазақстан әлемдік жетекші компаниялармен серіктесе жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Бұл ретте 2017 жылы жаңа экономиканың элементтерін қолдануға әзір өңдеу секторы анықталатын болады. Аталған секторларда «Индустрия 4.0» технологиясын енгізу жөніндегі пилоттық жобалар жүзеге асырылады. Осыған байланысты Қазақстанда жаңа индустрия құрудың басты бағыттарының бірі электромобильдер өндірісі мен қажетті инфроқұрылым дарды дамыту болып табылады. Жалпы «Индустрия 4.0» элементтерін енгізу Қазақстан өнеркәсібіне қолданыстағы жүйені жеңілдетуге көмектеседі. Өндірісті автоматтандыру адам еңбегін алмастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, роботталған дәнекерлеу кешенінің бір операторы, бізде тапшылығы ұдайы сезілетін 5–10 білікті дәнекерлеушіні алмастыра алады. Министр Жеңіс Қасымбек мырзаның дерегі бойынша «Индустрия 4.0»-ті еңгізу өңдеу өнеркәсібінде өнімділікті бірнеше миллион теңгеге дейін арттыруға септігін тигізеді екен. Дамыған елдерде осылай «Индустрия 4.0» элементтерін еңгізу дайындығына алдын ала қол жеткізілген екен. Сарапшылар ’Төртінші Өнеркәсіптік Революцияның" бұрынғы ғылыми- техникалық дамудан бір ерекшелігі ретінде ғылым мен экономиканың әлеуметтік міндеттерінің артуын алға тартады. Яғни, бұл өнеркәсіп саласының қоршаған орта зиянын азайта түсуі, экономиканы монополиядан ажыратуды, мемлекеттің халық алдындағы кей жауапкершіліктерін корпорациялардың мойнына жүктеуге де болады. Сондықтан, «Жаңғыру 3.0 бағытын» бетке алған Қазақстан үшін шын мәнінде «Төртінші Өнеркәсіптік Революцияның» қағидаларының маңызы ерекше. Біз еліміздің әлемдегі Төртінші индустрияландырудан қалып қоймауымыз қажет. «Бізге ахуалды еңсере алатын, сандық технологияларды меңгерген, адами капиталды құру үшін жағдай жасауға қауқарлы мемлекеттік және қоғамдық институттардың, әділ бизнестің тығыз интеграциясы қажет» дейді сарапшы Мұрат Әбенов мырза.

Құрметті әріптестер, Индустрия -4.0 дәуірінде жаһандану ағымында жұтылып кетпеуіміз үшін халықтың сандық сауаттылығын арттырып, рухани азық беріп, тұрмысын жақсартып, электрлік үкімет қызметін одан әрі дамытуымыз қажет.

Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи хроника
Төртінші өнеркәсіптік революция