Өзіңді тексер

Шанхай ынтымақтастық ұйымы – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларының бірі

1. Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан сыртқы істер министрлері орынбасарларының кездесулері қашан және қайда болды?

а) 1992 ж. қыркүйек Минск қаласында

ә) 1993ж. Алматы

б) 1994 ж. Мәскеу

в) дұрыс жауабы жоқ

2. Шанхай қаласында бес мемлекеттің басшылары ҚР, ҚХР, Қырғызстан, РФ, Тәжікстан Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы тарихи келісімге қашан қол қойды?

а) 1995 ж.

ә) 1996 ж. 26 сәуірде

б) 1997 ж. 4 мамыр

в) 1998 ж.

3. Мәскеу қаласында ҚР, ҚХР, Қырғызстан, РФ, Тәжікстан Республикасы арасындағы шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімге қашан қол қойды?

а) 1994 ж.

ә) 1996 ж.

б) 1997 ж. 24 сәуір

в) 1995 ж.

4. Екі келісімнің қолданылу мерзімі неше жылға созылды?

а) 2030 ж. дейін

ә) 2015 ж. дейін

б) 2050 ж. дейін

в) 2020 ж. 31 желтоқсан кейіннен 5 жылға ұзартылды

5. РФ Сыртқы істер министрі Е. М. Примаков қай кездесуге қатысты?

а) 1998 ж. 3 шілдедегі Алматы қаласындағы кездесуге

ә) ешқандай кездесуге қатысқан жоқ

б) 1999ж. Астана қаласындағы кездесуге

в) дұрыс жауабы жоқ

6. Бішкек қаласында «Шанхай бестігінің» саммиті қашан өткізілді?

а) 1998 ж.

ә) 1999 ж. 24–25 тамыз

б) 2000 ж.

в) 2001 ж. 16 тамыз

7. «Шанхай бестігіне» қай елдер кіреді?

а) Ақш, Ұлыбритания, Жапония, Өзбекстан, Иран

ә) Египет, Ресей, Қытай, Қазақстан, Түркия

б) ҚР, ҚХР, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы

в) дұрыс жауабы жоқ

8. ШЫҰ Лаңкестікке қарсы өңірлік құрылым қашан құрылды?

а) 2000 ж.

ә) 2002 ж.

б) 2005 ж.

в) 2004 ж.

9. Санкт-Петербургтегі саммит қашан болды?

а) 2003 ж. 28–29 мамыр

ә) 2001 ж.

б) 2004 ж.

в) 2005 ж.

10. ШЫҰ-ң атқарушы хатшысына кім тағайындалды?

а) И. Тасмағамбетов

ә) ҚХР-дің Мәскеу қаласындағы елшісі Чжан Дэгуан

б) Қ. Тоқаев

в) дұрыс жауабы жоқ