Ағынтай батыр (1599-1672 ж.ж.)

Ағынтай батыр (1599-1672 ж.ж.)

Ағынтай – Орта жүздің құрамындағы Арғын тайпасынан шыққан батыр.

Ағынтай- қазақ батыры. Есім хан мен Жәңгір ханның сенімді серігі, ержүрек батыр болған. Ағынтай батыр 1620 жылдан бастап жоңғарлармен болған ірі шайқастардың барлығына қатысқан. Қалмақ батырларымен әлденеше рет жекпе-жекке шығып, үнемі мерейі үстем болып отырған. Ағынтай батыр 1643 жылы Орбұлақ шайқасында Батыр қонтайшының 50 мың әскерлеріне төтеп берген Салқам Жәңгірдің 600 сарбазының ішінде болған. Шапырашты Қарасай батырмен бірге Жәңгір ханды қалмақ тұтқынынан босатуға қатысқан. Халық аузындағы аңыздарда Ағынтай батырдың орасан зор қара күш иесі екендігі айтылады. Ағынтай бптыр қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Қарасай батыр бейітінің қасына жерленген.

Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Ағынтай батыр (1599-1672 ж.ж.)