Қожықов Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы (1923 — 1988 жж.)

Ходжиков Султанахмет (1923 — 1988 гг.)

Дүниеге келгені: 1923

Тараз қаласы

Қайтыс болғаны: 1988

Алматы

Қожықов Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы (10.3.1923, Тараз қаласы – 11.3.1988, Алматы) – кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1972). Соғыстан оралғаннан кейін мерзімді басылымдарда карикатуралары мен саяси тақырыптағы суреттерін жариялай бастады. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының режиссер факултетін (А. Довженко шеберханасында) бітірген соң, 1952 жылдан «Қазақфильм» киностудиясында режиссер, 1974 жылдан көркемдік жетекші болып істеді. Осында өз сценарийі бойынша, жас ұрпақ тәрбиесі мәселесін қозғайтын «на мен бала» атты тұңғыш көркем фильм түсірді (1955). Тарихи және заманауи тақырыптарда «Біз Жетісуданбыз» (1958), «Егер біздің әрқайсымыз» (1961, екеуінің де сценарийін жазуға қатысқан), «Шыңдағы шынар» (1965) фильмдерін қойды. 1970 жылы Қожықов өзінің басты жұмысы – «Қыз Жібек» фильмін қойды. 1985 ж. Қажымұқан жайлы «Бізді танып қойыңдар» көркем фильмін түсірді. Қожықов 1972 жылы «Қыз Жібек» фильмі үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты атанды. "Қызыл Жұлдыз” орденімен және медальдармен марапатталған.

Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Қожықов Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы (1923 — 1988 жж.)