Нұртас Оңдасынов Дәндібайұлы (1904 — 1989 жж.)

Нұртас Оңдасынов (1904—1989жж.) Нұртас Дөндібайүлы Оңдасынов — қоғам қайраткері, тілші-ғалым. Ол кісі заманның ауыр кезеңінде 13 жыл бойы Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болды. Үкімет басына келісімен бірінші кезекте елде жүріп жатқан сауатсыздықты жоюды қолға алып, аяқтайды. Шалғай аудандарда мүғалімдер даярлайтын курстар, училище, облыс орталықтарында Мұғалімдер институтын ашып, Орталық Комитеттің саясатының жүзеге асуына күш салады. Қазақстан Орталық Комитетінің бюро мүшесі ретінде ол мәдениет мәселелеріне жауапты болды. Н. Оңдасынов соғыс жылдарының ауыртпалығына қарамай Абайдың 95 және 100 жылдық мерейтойын аса биік дәрежеде атап өту жөнінде Үкімет қаулысын шығарып, комиссияның төрағасы өзі болып өткізген. Қыздар педагогикалық институты, Үлттық консерватория, Дене шынықтыру институты, Политехникалық, технологиялық институттар ашу және медицина, шет тілдер институттарына көптеген жаңа факультеттер қосу сол кісінің түсында істелінген істер. Опера және балет театры қүрылысының жедел аяқталуын тікелей бақылап, облыстарда театрлардың ашылып, филармония, ән-би ансамбльдерінің үйымдасуына да үйытқы болған.

КСРО Ғылым академиясының дербес қүрылуына бірден-бір атсалысқан адам. Соғыстың жүріп жатқанына қарамай жаңа ғимараттың салынуына қаражат қарастырып, оның іргесі қаланғанда ырымдап: «Қазақ ғылымы күмістей таза болсын» деп, күміс ақша шашқаны мәлім. Осы Ғылым академиясының басына Қаныш Сәтбаевтың келуіне де себепші осы кісі. Қ. Сәтбаевтың газетке шыққан мақаласындағы болашақ ғалымның сөз саптасы үнап, жаңа ойларын білуге, танысуға Мәскеуге шақырады. Кездесіп, сөйлескеннен кейін КСРО Ғылым Академиясының президенті В. Л. Комаровқа алып барып: «Қазақтың Ғылым Академиясының болашақ президенті…» — деп, бірден таныстырады. 1942 жылдың басында Кенді Алтай, Лениногорға іссапарға келген Оңдасынов білімді, байсалды Дінмүхамед Қонаевты кездестіреді. Кейіннен Алматыға келіп, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Скворцовпен ақылдасып, өзіне орынбасарлыққа шақырттырады. Д. А. Қонаев он жыл бойы Оңдасыновтың орынбасары болады. Нүртас Дәндібайүлы 1954–1955 жылдары Қазақ КСР Жоғары КеңесіПрезидиумының төрағасы, сосын Гурьев (Атырау) облыстық атқару комитетінің төрағасы және осы облыстың партия үйымын басқарды. «Жауапты қызметте жүріп, шығармашылықтан қол үзбейтін. Араб, парсы тілдеріне жүйрік еді. 1962 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін шығармашылықпен шындап айналысқан.

1969 жылы „Арабша-қазақша түсіндірме сөздігі“, 1974 жылы „Парсыша-қазақша түсіндірме сөздігі“ жарық көріп, қалың оқырманның ыстық ықыласына бөленді» — дейді Д. А. Қонаев өзінің «Өтті дәурен осылай» кітабында. Алматыдағы Абай ескерткішінің авторы Хакімжан Наурызбаевты да Қостанайға барған іссапарында байқап, Алматыға алып келіп, оқытып, ат бағушыдан қазақтың түңғыш мүсіншісін жасаған осы кісі.

Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Нұртас Оңдасынов Дәндібайұлы (1904 — 1989 жж.)