Ертедегі түрік тайпалары

Қысқаша сақтар жайлы «Алтын киімді адам», Алматының күн шығыс жағында 50 шақырымдай жерде, Іле Алатауының баурайындағы жазықта 40-тан аса оба орналасқан. Соның ішінде "Есік обасы « бар. Оба б. з. б. 5–4 ғасырлармен мерзімделеді. Антропологтардың анықтауы бойынша „Есік“ обасына 17–18 жас шамасындағы жігіт -сақ ханзадасы жерленген. Жауынгердің үстіндегі киімі ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Оның киіміне, бас киімі мен аяқ киіміне 4000-нан астам көркемдігі жоғары алтын жапсырмалар мен тілікшелер тағылған. Әсіресе бас киімінің ою-өрнектермен безендірілген. Есік жауынгерінің барша сән-салтанаты тыңғылықты ойластырылған. Одан шебердің білімі, іскерлігі, безендіру өнерінің әртүрлі әдістерін меңгеру дәрежесі айқын көрінеді. Есік бұйымдарының көпшілігі құю, қалыптау және оймыштау әдісімен металдан әзірленген. Көркем бұйымдар жұмыр мүсін, бедер, оймыш, және жалпақша нобайлық бейне түрінде жасалған.
Есік обасындағы аң тұлғалары бейнесінің, сондай-ақ, Жетісудағы сақ ескерткіштерінің жалпы ерекшеліктері олардың жергілікті туындылар екенін көрсетеді және бұл зергерлік бұйымдар сырттан әкелінген деуге негіз жоқ.
Заттардың „аңдақ нақыштағы“скифтік-сібірлік өнермен ортақ сипаттары көп бола тұра жергілікті шеберлердің қол таңбасын танытатын белгілері де жеткілікті.
Ілдіргісі бар сырға. Есік қорғанынан табылған.
»Алтын киімді адамның « бас киімі.
Сақтар жануарларды тек сәндік үшін бейнелеген жоқ, олар бұған мән-мағна, мазмұн берді. „Аң стилі“ өнерінің негізгі адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы ежелгі аңыздарда сақталған түсініктері мен байланысты екендігі аңғарылады. Тұяқты жануарлардың тұяқтары мен мүйіздері т. б. мүшелері мейлінше мұқият айқындалған. Арқарлардың, текелер мен киіктердің қайратты мүйіздері, қояндардың бадырайған дөңгелек көздері мен ұзын құлақтары ұлғайтыла түскен.
Сақтардың әрбір ру, тайпа лары өзінің шыққан тегін әр түрлі аңдармен байланыстырған және оларды өздерінің қасиетті тұмары санаған. Хайуандардың түр айырмашылықтары да бірден көзге түседі. Жыртқыш аңдарды бейнелеу барысында дене буындарының иілгіштігі мен азуларының айбындылығына, үш бұрышты құлақтарына баса көңіл бөлінген.
Есік обасынан табылған өте көп заттардың ішінен табылған антропоморфтық бейненің маңызы ерекше зор. Мөр сақинаның бетіне адам басы ойылып бейнеленген. Ол бір қырынан, бет пішіні српқтау, қыр мұрыны ұзын, иегі сүйірлеу етіп берілген. Көздері бадамшалау, құлағы майысыңқырап тұр. Бас киімі таңқаларлық.
Есік қорғанынан табылған заттардың ішінен 26 таңбалы жазуы бар, күміс табақша ерекше орын алады. Ол – Қазақстан жеріндегі ең көне жазба ескерткіш. Бұл этнографиялық жаңалықтың аса маңызды жағы – сақтардың б. з. б. ҮІ-ІҮ ғасырларда- ақ жазуы болғандығын дәлелдейді.
Түрік қағандығының тарих сахнасында пайда болуы Бумын қағанның есімімен тікелей байланысты. Түркілер 552 жылы Бумын қағанның басшылығымен жуань-жуаньдарды тас-талқан етіп жеңді. Олардың арасында аса қуатты ашина тайпалары да бар еді. Көне түркілер заманында тас мүсіндер жасау, бейіт басына ескерткіш қоршаулар орнату белең алды.
Күлтегін Түрік қағандығы әскерлерінің бас қолбасшысы блды. Қапаған қаған өлгеннен кейін ол орнын бауыры Білге қағанға беріп, өзі әртүрлі оқиғалар салдарынан бірәз әлсіреп қалған Түрік қағандығының бұрынғы қуатын қалпына келтіруге кіріседі. Ол Орхон-Енесей жазбаларында көрсетілгендей 685 жылы дүниеге келіп, жасшағынан өзін ержүрек текүштіжауынгер ретінде танытқан. Оныңжорықтары туралы сол тасқа ежелгі түркі руникалық жазуымен қашалған жазбалардан білуге болады.
Түркі халқының бақытты жолында күші мен білімін сарып еткен Тоныкөк өзі туралы тас тақтада: Елтеріс қаған ісі үшін, Түрік Білге қаған үшін, Қапаған қаған үшін Түнде ұйықтамадым. Күндіз отырмадым. Қызыл қанымды төктім, Қара терімді ағыздым. Күш-қуатымды аямады, — деп жазған.
Түркі сөзін әдеби және тарихи тәжірибеге көк түркілер енгізген. Күлтегін жазбаларында олар өз халқын „түркілік“деп атайды. Кейбір зерттеулерде „Тұр“ тәртіпті жауынгер деген сөз деп түсіндіреді. Басқа ғалымдар „Түрк“ мықты, табанды, күшті деген сөз деп дәлелдейді.
Тарихи деректемелерге қарағанда Қорқыт ата ҮІІІ ғасырда Сырдария алқабында өмір сүрген. Ол белгілі батыр, ақын, күйші-сазгер, ақылына хандар тоқтаған сәуегей болған. Қорқыттың шешесі қыпшақ қызы, әкесі қарақожа руынан. Қорқыт өмір сүрген уақыт түркілердің үш үлкен бірлестігі- оғыздар, қыпшақтар және қарлұқтар. Қорқыт туралы аңыз-жалған тіршіліктің опасыздығы туралы терең философиялық мағнасы бар, жан дүниеңді қозғайтын шерлі әңгіме.1872 жылы Қорқыт ата мазары „Туркестанский альбом“басылымына шықан. Кейін Қызылорда облысының Қармақшы ауданында Қорқыт ата мемориялы салынды. Көгілдір қасқыр басы- түркілердің найзалары мен жалауларының жоғарғы ұшы. Түркі халықтарының арасында мейірімді көк бөрі туралы аңыздар мен ертегілер, жырлар, гениеарогиялықәфсаналар өте көп. Солардың ішінде біздің дәуірімізге дейін жеткен ең көнесі біздің дәуірімізден бұрын-ақ өз мемлекеті болған үйсіндер әфсанасы.
„Қайта өрлеу дәуірінің“ортағасырлық Шығыстағы атақты Ғұлама саңлақтарының шоғырын түркінің ұлы филологі, ақыны және тарихшысы Махмұт Қашқари жалғыстырады. Ол ежелгі түркілердің түсіндірме сөздігін-»Диуани лұғат ат-түркті" жазған.
Бішкекте Ж. Баласағұни мен М. Қашқариге орнатылған ескерткіш. Ақынның (Ж. Баласағұни) басты кітабы «Құтты білік»-ежелгі түркі поэзиясының шығыс ақындарының көптеген ұрпақтарына үлгі болған көрнекті шығарма.
Бүкіл дүние жүзіне "Екіншіі ұстаз "ретінде белгілі Әбу Насыр әл-Фараби данышпан ғалым, философ, математик, өнертанушы, әдебиетші, ақын болған. Әл-Фараби Қазақстан жеріндегі Отыда өмірге келген.
Қызылорда қаласындағы «Қорқыт ата кітабына»арналып қойылған ескерткіш