Қызылорда облысының әкімшілігі 8 әкімшілік-аумақтық бірліктен тұрады: Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Белкөл, Қосшыңырау, Қызылжарма, Қызылөзек, Ақсуат, Ақжарма ауылдары.
Қала негізі Қамысқала атты елді мекенде 1817 ж. салынған Қоқан хандығының Ақмешіт бекінісі ретінде қаланды. 1854 жылдың тамызынан басқыншы, генерал В. А. Перовскийдің атымен бекініс Перовск порты аталды. 1857 ж. Перовскіге қала мәртебесі беріліп, уезд орталығына айналды. 1901–1906 ж.. Орынбор — Ташкент темір жолы салынған тұста қала халқы тез қарқынмен өсті. 1917 ж. 30 қазанда (12қараша) Кеңес өкіметі Қазақстанда бірінші болып Перовскіде орнады. 1922 ж. қаланың Ақмешіт аты қайтарылғанымен 1925 жылдың сәуірінде Қызылорда деп қайта өзгертіліп, Қазақ АКСР-нің астанасының мәртебесі берілді (1929 жылға дейін).
Қалада 1926 жылы 13 қаңтарда Қазақ драма театры (қазіргі М. Әуезов ат. Қазақтың мемлекеттік академиялық театры) ашылды. Денсаулық сақтау, білім беру орындары көбейді.
1938 жылы облыс орталығына айналды.