Ежелгі Қазақстан

Тас дәуірі – адамның және адам болмысы басты қасиеттерінің қалыптасу кезеңі.

Тас дәуірі бірнеше кезеңнен тұрады: палеолит (ерте тас ғасыры) 2,5 млн – 12 мың жыл аралығын қамтиды, ол өз кезегінде ежелгі (2,5 млн – 100 мың жыл бұрын), ортаңғы (100 – 40 мың жыл бұрын), кейінгі палеолитке (40 – 12 мың жыл бұрын) бөлінеді.

Мезолит (орта тас ғасыры) б. з. б. 12 – 5 мың жыл арасын қамтиды. Жаңа тас ғасыры (неолит) б. з. б. 5 – 3 мың жыл деп шамаланады. Тас дәуірінен қола дәуіріне өтпелі кезең энеолит б. з. б. 3 мың жыл деп есептеледі. Алғашқы мемлекеттер мен жазудың пайда болуына дейінгі тарихтың бүкіл кезеңін алғашқы қауымдық құрылыс деген атау қалыптасқан.