Орынбор (1938–57 ж. Чкалов) — Ресей Федерациясындағы қала, облыс орталығы. 1735 ж. бекініс қамал ретінде қаланып, аты Ор өзенінің атына байланысты қойылған. Орынбор Жайық өзенінің жағалауында орналасқан Солтүстік батыс бөдігі Сақмар және Жайық өзендерінің қосылған қиылысына дейін жетеді. 1735 ж. 15 тамызда И. Кирилов бастаған экспедиция Жайықтың сол жақ жағалауына құяр сағасына қала (қазіргі Орск) сала бастады. «Орынборды» 200 шақырым Жайық ағысымен төменірек жерден, Қызылту стансиясының іргесі қаланды.
Жаз айларында арадағы сауда қатынасы Жайық өзенінің сол жағалауында жүргізілді. Осы жерде ірі сауда алаңы ашылып, сауда сарайы салынды. Сауда алаңынын Орынбордаға және қазақ даласына қараған екі үлкен қақпасы болды. Орынбор 1868 жылдан Ресейдің Қазақстан және Орталық Азиямен арадағы ірі сауда орталығы болды. 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қазақ өлкесі Кеңестерінің құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР-і құрылды. Орынбор 1920–1925 ж. Қазақ АКСР-інің астанасы болды.
Қазіргі уақытта Орынбор облысында 120 мыңдай қазақтар тұрады. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты облыс қазақтары «Достық». «Үркер», «Қазақ тілі» және т. б. мәдени орталықтарға бірігіп, өздерінің «Айқап» атты газеттерін шығарады.