Ту (989 - 2008 ҚР СТ)

	Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ТуМемлекеттік Ту — ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнектік жолақ түрінде нақышталған.

Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы — 1:2.

Шұғылалы күннің, қыранның және ұлттық өрнек бейнеленген тік жолақтың бейнесі алтын түсті.

Біріңғай көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Ежелгі түрік тілінде «көк» сөзі аспан деген ұғымды білдіреді. Көктүс түркі халықтары үшін қасиетті ұғым. Тудағы көгілдір түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттілікке ұмтылған ниет-тілегінің, тазалығының, асқақтығын көрсетеді деп қорытуға болады.

Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн — қозғалыс, даму, өркендеудің және өмірдің белгісі. Күн — уақыт, замана бейнесі. Қанатын жайған қыран құс бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Ұлан байтақ кеңістікте қалфықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін паш етеді.

Ниязбеков Ш.Қабылданған күн: — 1992 жылғы 4 маусым.

Ресми тұсауы кесілген күн: — 1992 жылғы 6 маусым, Алматы қаласы.

Авторлары: Шәкен Ниязбеков.


Ту (989 - 2008 ҚР СТ)