Көркем әдебиет

Қазақстан балалар энциклопедиясы. — Алматы, «Аруна». — 2002. — 224 б., илл.

Арийлер біздің заманымыздан бұрынғы 3000–1000 жылдар аралығы. Қазақстанда қола дәуірінде өмір сүрген тайпалар.

Қаратаудың басында кеме
Ол әулие болмаса неге қалған!
Халық жыры.

Бір қызығы – дәл осыған ұқсас аңызды Жер шарының әр қиырын қоныс еткен халықтардың көпшілігі айтады. Ал біз қазақ халқы Нұқ пайғамбардың қасиетті кемесі әулие тау Қаратауда қалғанына кәміл сенеміз.

Бұлардың бәрі -аңыз.

Ертеде қазіргі Қазақстан мен Орта Азия жерінде тұрған арий тайпаларының түпкі Отанын осылай деп атаған. «Авеста» жинағында айтылатын арийлердің Отаны, тұрған жерлері Алтай, Памир таулары, Тянь-Шань (Тәңір тауы) жүйесі одан ағып шығатын Әмудария (ол кезде Ардви деп аталған) және Сырдария (ол кезде Датьи деп аталған). Еділ (бұрын Ранха), Каспий (Варахуша) теңіздерінің жағалауы ғылымда «Арийлер жері» деп аталады. Қазақстан жерінен табылып жатқан мәдени және тарихи ескерткіштер арийлердің осы аймақта өмір сүргенін көрсетеді.

Келімбетов Немет «Ежелгі дәуір әдебиеті». -Алматы: Атамұра, 2005. -336 бет.

Сақтар мен ғұндар дәуірінде өміріге келген қаһармандық дастандардан бастап, қазақ хандығы құрылған кезеңдерге дейінгі ежелгі түркі әдеби жәдігерліктеріне жан-жақты талдау жасайды. Ежелгі түркі қаһармандық дастандары мен қазақтың батырлық жырлары арасындағы мазмұндық, тілдік, модельдік, стильдік ұқсастықтар туралы айта келіп, қазақтың көркем сөз өнерінде сан ғасырлар бойы бір сәтке де үзілмей келе жатқан көркемдік дәстүр жалғастығын сараптап көрсетеді.

Еліміздің қоғамдық, әлеуметтік және саяси өмірінде көптеген маңызды өзгерістер болды. Солардың бірі- ежелгі рухани мұраға деген көзқарас өзгереді. Атап айтқанда, ежелгі түркі әдеби жәдігерліктері жан-жақты зерттеле бастады.

«Алпамыс батыр» — қазақ халқының қаһармандық эпосы. — Алматы: Алматыкітап, 2007. -128 б.

Мазмұны терең, көркемдігі мен тарихи шындықты қамтуы жағынан «Манас», «Қобыланды батыр» т. б. ұқсас. Әлемге танымал жыр. «Алпамыс батырда» халықтың басынан өткен қаһармандық оқиғалар эпикалық әсірелеу заңдылығымен берілген. Жырда тарихи әлеументтік шындықтың биік көркемдікпен жырлануында. Мұндағы бейнеленетін көріністердің бәрі де қазақтың көшпелі өміріне тән жәйттер.

Осы жырдың түрлі нұсқаларын айтқан С. Аққожаев, Ә. Байтұрсынов, Е. Керімбетов, А. Нысанов, Ж. Жақыпов тәрізді ақын – жыршылар өмір кешкен.

Галиев А. Томирис: Тарих, тұлға, уақыт. — Алматы: Аруна,2005. — 92 б.

Тұмар (Томирис) ханша (ж. ж. с. д. 570–520) – күнгей түркі-сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы – Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейді» деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.

Осылайша күнгей түркі-сақтар өздерін жаулауға жасанып келген басқыншылардан елінің тәуелсіздігін сақтап қалады. Осылайша Тұмар ханша елбасылық ұлы тұлғасымен, қолбасшылық асқан ерлігімен тарихқа енеді.

Көпшіліктің сүйіп оқитын кітабы.

Бакбергенов С. Алтын адам: Аңыз-хикая. -Алматы: Жалын,1985. -72 б.

Менің білігім – елімнің аңыздары,

мақал-мәтел, өлең жыр, дастандары, ән-күйі.

Одан қалғаны – әкем айтқа ертегілер.

Автор.

Белгілі жазушының бұл кітабы аңызға бергісіз шындық – Есік маңынан табылған «Алтын адам» жайында сыр шерте отырып, жас оқырманды ертегілер еліне жетелейді, туған жер, өскен өлкенің талай заманғы тарихына үңіліп, табиғатын танып, білуге шақырады.

Ер Тарғын: Батырлар жыры. -Алматы: ДЖҚ, 9*63, 2000. — 520 б.

Эпосты оқығанда балалар қазақ халқының өткенімен, ел қорғаудағы ерлігімен танысады.

Ер Тарғынның ақылы, адамгершілігі, ерлігі жас ұрпақтың бойына Отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезім ұялатады.

Батырлар жыры – ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталынады.

Батырлар жыры халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді.

Батырлар жыры ең алдымен көркем шығарма.

Жанболатов С. Елжау Күнби: Роман. — Алматы: ДЖҚ, 2000. -520б

Романда ірі елбасы, қайраткер, үйсін Күнбиі Елжау Нәндібиұлын бас кейіпкер ете отырып, осыдан ХХI ғасыр бұрын өмір сүрген ұлы Үйсін мемлекетінің Елжау Күнби билеген тұсындағы саяси тіршілігін, әскери және қорғаныс істерін, шаруашылық мәдениетін, тұрмыс-салтын суреттейді. Сонымен бірге Үйсін мемлекетінің ұзақ ғұмырында өзімен замандас, шығыстағы ірі ел Хан қанағатымен тығыз, тату байланыс орнатқандығын нақты болмысымен сипаттайды.

Шығарманың тарихи дерегі мен мағлұматы мол, тілі шұрайлы.

Соловьев А. Аттила (Еділ патша): Тарихи роман. — Астана: Аударма, 2006. — 600 б.

1-ші бөлім: Аттила – ғұндар көсемі

2-ші бөлім: Ғұн перзенті

3-ші бөлім: Алтын тақ

4-ші бөлім: Аттиланың қазынасы.

«Аттила» романы да V ғасырдың басы мен орта тұсында өмір сүрген ғұндар көсемі, атақты қолбасшы Аттила (Еділ патша) өмірі баяндалады.

Шығармада ғұндар өмірі, адамдардың тағдыры олардың жан азабы, махаббаты, достығы және сатқындылығы арқылы тартымды бейнеленген.

Романда ертедегі ата-бабаларымыздың әскери өнері, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүр жайынан мол мағлұмат алуға болады.