Күнтізбе

1986 жыл 17–18 желтоқсан – Г. В. Колбиннің Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті бірінші хатшысы болып сайлануымен байланысты республика жастарының наразылығы күндері.

1989 жылғы қыркүйек — «Қазақ КСР-дегі тіл туралы Заң» қабылданды.

1989 жыл маусым – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.

1990 жыл 24 сәуір – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н. Ә. Назарбаевты республиканың алғашқы Президенті етіп сайлады.

1991 жыл – Қазақстан жерінде Семей полигонындағы ядролық жарылыс тоқтатылды.

1991 жыл 2 қазан – Бірінші қазақ Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1991 жыл 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Егеменді, өз алдына тәуелсіз мемлекет деп жарияланды.

1992 жыл 30 қаңтар- Қазақстан ЕҚЫҰ-ға мүшелікке кірді.

1992 жыл наурыз – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

1992 жыл 4 маусым – Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.

1992 жылы қазан – Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы Алматыда болып өтті.

1993 жыл 28 қаңтар – Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.

1993 жыл 12 қараша - «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шықты.

1994 жыл 30 маусым – қазақ халқының екінші қыраны ғарышкер Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.

1994 жыл 6 шілде – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезекті жалпы отырысында Президенттің астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысы мақұлданды.

1995 жыл 29 сәуір – Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттік мерзімі 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.

1995 жыл 30 тамыз – Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.

1997 жыл 10 қазан – Президенттің жарлығымен мемлекеттің астанасы болып Ақмола жарияланды.

1997 жыл 11 қазан – Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына «Қазақстан-2030» Жолдауын қабылдады.

1999 жыл 10 қаңтар – Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып қайтадан сайланды.

1999 жыл 11 маусым – Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы жарияланды.

1999 жыл 28 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 2000 жыл-Мәдениетті қолдау жылы деп жарияланды.

2002 жыл. 12 маусым Лиссабон хаттамасына қол қойды. Онда «Терроризмді тоқтату оның қауіпсіздігіне бірігіп күресу.» қарастырылған.

2005 жыл 18 ақпан - «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңарту жолында» атты ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.

2005 жыл 4 желтоқсан – Қазақстан Республикасының президенті сайлауында Н. Ә. Назарбаев Президент болып сайланды.

2006 жыл 1 наурыз – ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында” атты жолдауы жарияланды.

2007 жыл 28 ақпан – ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына „Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан“ Жолдауы жарияланды.

2008 жыл 7 ақпан – Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты туралы Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.

2010 жыл қаңтар. Еліміздің президенті 2010 жыл ЕҚЫҰ-ға бұрынғы ТМД елдері арасында алғашқы болып төрағалық етті.

2011 жыл Қазақстан Президенті Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етеді.

2011жыл ақпан. Азия елдері арасында қысқы спорттық Олимпиада ойындары болды.

2011 жыл 25 қазан. ”Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” Заң қадылданды.

2012 жыл сәуір. Қазақстан халық Ассамблеясының 19-шы сессиясы болды.

2012 жыл мамыр 4-ші Әлемдік және дәстүрлі Діндер құрылтайы.

2012 жыл желтоқсан. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың „Қазақстан-2050 стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты“ Қазақстан халқына жолдауы қабылданды.

2013 жыл сәуір. Қазақстан халық Ассамблеясының 20-шы сесиясы.

2013 жыл 4–5 қыркүйек. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Ресей Президентінің шақыруымен Әлемдегі ірі -20 ел самитіне қатысты. Онда Сирия мәселесі қаралды.

2013 жыл 9 қыркүйек Астанада ТМД елдерінің ішкі істер басшыларының кеңесі болды.

2013 жылы 18 қазан „НұрОтан“ партиясының ХVсъезіболды.

2014 жыл 17 қаңтар — Қазақстан Республикасының Президенті-Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Бұл-

„ Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ“-Егемен еліміз- дің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған тарихи құжат.

2014 жыл 29 мамыр — Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің басшылары Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойды.

2014 жыл 12 қараша — Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Жолдау Қазақстанның жаңа экономикалық саясатын айқындайтын „Нұрлы жол – болашаққа бастар жол“ деп аталатын тарихи маңызы өте зор мәселелерді көтереді.

2015 жыл 24–25 ақпан — Алматы қаласында ҚР Мәдениет және спорт Министрлігі ұйымдастырған »Алматы- Ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы " атты халықаралық конференциясы болып өтті

2015 жыл 11 наурыз Астана қаласында Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының кезекті ХҮІ съезі болды. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Сайлауына үміткер ретінде түсуге келісімін бере отырып, қазақстандық мемлекеттілікті нығайтудың 5 реформасын ұсынды.

2015 жыл 26 сәуір Кезектен тыс Президенттік сайлауда белсенділік танытқан барша қазақстандықтар еліміздің бірлігі мен ынтымағының жарқын үлгісін көрсете білді. Сайлау науқанына халқымыздың 95,11% -зы бір кісідей қатысып, өз таңдауларын жасады. Елбасымыздың саясаты Қазақ елінің қарыштап дамуына үлесін қосты. Біздің халық Елбасы саясатын толықтай қолдап Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа өз дауыстарын берді.

Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы- 2015 жыл тамыздан бастап Алматы қаласының әкімі.

1974 жылдың 19 наурызында Алматы қаласында туған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 3 жоғары білімі бар: педагогикалық, сыртқы экономикалық және музыкалық.

2002 жылдардан бастап Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде бірқатар қызметтерді атқарды. 2009 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2013 жылдың қаңтарынан – «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары. 2015 жылдың тамызынан – Алматы қаласының әкімі.

2015 жыл 2 қыркүйек- Қазақтың 3-ші ғарышкері – Айдын Айымбетов Ғарышқа ұшты. 12 қыркүйекте аман –есен жерге қонды.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Союз ТМА- 16 М» экипажының мүшелерімен: кеме командирі- Г. Подалка, Бортинженерлер- Андреас Могенсен және Айдын Айымбетовпен кездесті. Экипаж мүшелерін аман-есен оралуымен және Халақаралық ғарыш стансасындағы маңызды миссияларының аяқталуымен құттықтады.

2015 жыл 30 қараша- Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын жолдады.

30 қараша- 11 желтоқсан 2015 жыл аралығында Парижде Бүкіләлемдік экономикалық саммит өтті.

БҰҰ-ның әлемдік климаттың өзгерісі жайлы конвенциясының 21 –ші конференциясы болды.

2015 жыл 21 желтоқсан – Н. Ә. Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесіне және Жоғарғы Еуроазиялық Экономикалық кеңес отырыстарына қатысты. 2016 жылы Қазақстан ЕАЭК –те төрағалық етеді.

2016 жыл 29 қаңтар – ҚР «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХҮІІ съезі болды. Съезге екі мыңнан астам адам қатысты, олардың қатарында республиканың барлық өңірінде өткен конференцияларда сайланған делегаттар, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтердің басшылары, мәдениет және спорт қайраткерлері, дипломатиялық корпустың, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар ұйымдарының, бастауыш партия ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Съезд қорытындысы бойынша парияның Сайлауалды бағдарламасы қабылданып, а. ж. 20 нарызда өтетін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің сайлауына үміткерлердің партиялық тізімі бекітілді. Сонымен қатар съезд партия Саяси кеңесінің құрамындағы өзгерістерді қарады.

2016 жыл 20 наурызда – Кезектен тыс ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы болды. Сайлауға қатысу көрсеткіші 77 пайыздан асып, айқын басымдықпен жеңіске жеткен "Нұр Отан " партиясына қазақстандықтардың 82 пайызы дауыс берді. «Нұр Отанға»- 84 мандат, «Ақ жол» мен ҚКХП- ға 7 мандаттан берді.

2016 жыл 26 сәуір – Қазақстан халықтар Ассамблеясының ХХІҮ сессиясы болды. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев сессияға қатысып, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық Патриоттық акт қабылдады.

2018 жыл 10 қаңтар – ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев кезекті Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Жолдау «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталады. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік Революция (Индустрия 4.0) әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды. Біз саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға кірістік – дейді жолдауда.