V ғасырдан бастап Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар арасында қоғамдық қатынастың жаңа түрі орнаған еді. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына қоғамдық қатынастың жаңа түрі – феодалдық (немісше феод — "жер”, аль — "иесі”, яғни жердің иесі деген ұғымды білдіреді) қатынастың орнауынан бастап, XV ғасырдағы Қазақ мемлекеті мен қазақ халқының қалыптасуына дейінгі кезең кірген.
Қазақстандағы ортағасырлық тайпалардың арасында негізгі екі тап: феодалдар табы мен шаруалар табы қалыптасады. Феодалдар мал мен жердің негізгі иесі болды. Феодалдық қатынастың орнауы Қазақстанның оңтүтігінде басқа өңірлерге қарағанда жедел жүрді. Феодалдық қатынас соғыс, шапқыншылық, жорықтар негізінде қалыптасты. Орта ғасырдағы Қазақстан тарихының басты ерекшеліктерінің бірі осы феодалдық-патриархаттық қатынастың орнауы болды.