|
ӘдібаевХ. Отырар ойраны: Тарихи роман. -Астана: Елорда, 2001. — 460 б. Көп қырлы, сыры мол роман адамзат тарихының ең бір шырғалаң қайшылыққа толы кезеңі – татар-моңғолдың атақты Батыс жорығы мен Отырардың қаһармандық күресіне арналған. Әл-Фараби мен Шыңғысханнан бастап Иуда Искариот сынды әлемдік тұлғалар арқылы әдіптелген. Тартыстың бел ортасында «арыстан жүрек» отырарлықтар мен айбынды қолбасшы Қайыр хан, Кербұғы жырау, Қадыр үлем, Тархан бек, т. б. Қаһармандардың қилы ғұмыры мен тұрлаулы тағдыры, рухани-адамгершілік қасиеті қан селдеткен алашапқында ашылады. |
|
Бегалин Қ. Сүбедей баһадүр. Тарих, тұлға, уақыт. -Алматы: «Аруна» баспасы. 2004. -92 бет. Шыңғыс ханның дәуірі әлемге танымал талантты қолбасшыларды өмірге келтірді. Солардың ішінде Сүбедей баһадүрдің орны ерекше. Ол ұранқай тайпасының даңқы жер жарған ежелгі жаугер руларынан шыққан Қабыл ноянның ордабасында дүниеге келген. Моңғолдарда үйдің кенжесі «қарашаңырақ иесі» атанған. Сол көне дәстүр бойынша, әкесі көз жұмған соң Сүбедей де барлық мал-мүліктің мұрагері болып, туған ауылын қорғауды өз қолына алуы тиіс еді. Алайда тағдыр өз дегенін істеді. Сонау бір алыста қалған аласапыран заман туралы моңғолдардың «Киелі аңыз» жылнамасында: «Жұлдызды аспан төңкеріліп жерге түсті- жерге нәубет келеді. Тірі жан көз ілмеді, кімнің күші жетсе, сол елді қан қақсатты, тонады», — делінген. Мұндай жағдайда Сүбедей баһадүр әсери өмірден басқа нәрсені таңдауы мүмкін емес еді. Ол өзінің даңқты ерлік жолдарының басында-ақ «баһадүр» деген атаққа ие болды. Кейін «Шыңғыс ханның көк бөрісі» деген лақаппен танымал болады |
|
Әбенов Шәкір. Шыңғыстау: Дастандар- Алматы. Жазушы, 1980. -288 бет. Шәкір Әбеновтың есімі қазақ оқырмандарына көптен таныс. Белгілі ақынның сексенге толған торқалы тойына орай, әр жылдарда жарық көрген «Кейпін батыр», «Қозы Көрпеш- Баян сұлу», «Таңшебер-Жапал» дастандарын оқырман қауым назарына ұсынып отырмыз. Қазақ дастандарында «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамырдан» кейін диалогты кең пайдалану дәстүрі қалыптаса бастады. Халық тұрмысына, әдет-ғұрыпқа, салт-санаға қатысты, көшпенді, өмірдің қазіргі ұрпақ біле бермейтін сан алуан қызықты көріністерін ақын зор шабыт, үлкен ықыласпен жырлайды: жүйрік аттың сыны, ізге қарап сыр түю, батырлардың жекпе-жекгі, табиғат суреттері- осылардың баршасы ақын бояуының неше түрлі байлығын танытады. Жүрек сырын киік мойнына таққан тұмарға жазған қаңлы қызы Таңшебер, жауласқан елдерді тату еткен Жапал, қиындыққа шыдап, достық үшін тас өткел, тар босағадан өткен жастар тағдыры поэмада жан-жақты, сан алуан көрініс табады. |
|
|
Әлімқұлов Тәкен. «Сейтек сарыны». Повесть және әңгімелер. Алматы. «Жазушы», 1966. -160 бет. Жазушы Тәкен Әлімқұловтың сын-зерттеу мақалаларын, өлеңдерін айтпағанның өзінде, оның «Ақбоз ат» романы бұл күнде оқушы-көпшіліктің жылы қабылдауында болды. Сонымен қатар сүйікті шығармасына айналды. Соңғы жылдары жазушы жылы, лирикалық әңгіме, новеллаларымен қатар романтикалық «Сейтек сарыны» сияқты повестермен республикалық газет-журнал бетінде көрініп, тағы бір қырыннан танылды. Ол жасаған күйші Сейтек пен Тәттімбет, ақын композитор, әнші Ақан сері бейнелері қайталанбас сомдығымен, терең сезім, толғаныс иесі ретінде есте қаларлықтай. «Сейтек сарыны»- жазушының талғампаз оқушыларына ұсынылып отырған елеулі табысы. |
|
Әлімқұлов Тәкен. «Сырлы наз» Таңдамалы әңгімелер мен повестер. Алматы, «Жазушы», 1977. -360 бет. X ғасырдағы «Огуз-наманың» көп-көп сөзі есіркесе, одан көш құрым жасаған Қорқыттың күйі біздің заманға арнасын жоғалтпай жетті. Сонымен бірге қазақша сайрап тұрды. Осының сыры неде? Жүз жасаған әннің, мың жасаған күйдің құдіреті неде?! «Сырлы назда» оыған жауап табуға болады. Бұнда есте тұратын бір жәйт бар, өнерпаздың қақтығысы, тартысы уақытына, ортасына тәуелді бола тұра түпкі мақсаты сұлулық дүниесіне саяды. Қанға тарап, сүйекке сіңген іңкәрлік айықпас дерт ретінде сыр боп шертіледі. |
|
Дулатұлы М. Хан Абылай: Шығармалары. — Алматы: Мектеп, 2004. Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті қайраткері. Арғы тегі – Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек одан соң Еңсегей бойлы Ер есім хан, Салқам Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақи хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уалибақидың баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған.) «Ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Төле бидің тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Қайранелім», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», т. б. күйлердің авторы. Абылай өмір жолын, ат үстінде жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келеді. Оның есімі тәуелсіздік символында, жауынгерлік ұранға айналды. |
|
Есенберлин І. Алмас қылыш: Тарихи роман. -Алматы: Жазушы, 1971. — 325 б. сур. «Алмас қылыш» атты романында автор қазақ халқының өз алдына дербес мемлекет болып қалыптасу жолындағы күресін суреттейді. Осынау қызылды–жасылды өрнекпен безелген жасыл кілем тәрізді ұшы-қиыры жоқ кең даланың ортасында төңкерілген күміс кеседей жарқырап ақ айдын Ақкөл жатыр. Осы көлдің солтүстік алқабына қонақтарға арнап ақ киізден басылған он екі қанат үш жүз киіз үй тігілген. Хан ордасының ар жағында бес шақырымдай жердегі тулай аққан мөлдір сулы кішкентай Мойылды өзенінің жағасында Шах-Будақтың жесірі – Алтын хан батыры Домбалықтың Аққозы атты қызының келіп қонған ауылы. Ас басталғалы жеті күн болған. Атқа шапқан ханның жеті жасар немересі, Шах-Будақ сұлтанның баласы Мухамед Шайбанидың өзі еді. Хан немересінің жүлде алғанына арнап жеке той жасамақшы. Сайыста қара Қыпшақ Қобыланды жан шыдатпаған. Талай бидің намысқа шауып қабырғасы сөгілер жыраулар айтысы басталған. Асан айтыс тәртібін өзінше құрған. Айтыс төрешісі жүзден асқан ұлы жырауАсан Қайғы. Хан ордасының алдына кілең би, батырлар жайғасып отырғаннан кейін АсанҚайғы айтысты бастады. «Таза мінсіз асыл тас Су түбінде жатады. Таза мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады. Су түбінде жатқан тас Жел толқытса шығады. Ой түбінде жатқан сөз Шер толқытса шығады» — Бұл айтыста Бас бәйге кім де кім жауға қарсы елдің ерлігін дұрыс айтып бере алса соған беріледі. Егер сынай алмаса жеңілген болып саналады. |
|
Дүйсенбаев Д. Домалақ Ана: Тарихи-деректі естелік. — Алматы: Мұраттас ғыл. зерт. орт.,1991. — 71 б. Автордың тарихи естелігі аты аңызға айналған қасиетті Домалақ Ана жайлы сыр шертеді. Ертедегі бабаларымыз бен ғазиз аналарымыздың өмірлі өнегесі, қадір қасиеті бізге аңыз күйінде жетті. Батырдардың, билердің, шешендердің, ғалымдардың есімдері халық жанында сақталды. Олардың тұрмыс–салттарын, әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін қастерлеп ұстап, жалғастырып келеді. Орта Азияда ХI–ХIII ғасырларда ғылымның әр саласы біршама дамып, ғылыми кітаптар, тарихи шежірелер ортақ дүниеге, көне мұралар жазба шығармашылыққа ауысып, кейінгі ұрпақтың игілігіне, алтын қазынасына айналды. Алайда көне тарихымыз бен жазба әдебиетіміз соңғы жетпіс жыл бойына жолы кесіліп, жоны тесіліп, құрсауланып жатты. Қадіми кітаптар құмға сіңген судай ғайып болып, әдебиет пен мәдениет мұралары талауға түсті. Көнекөз қарттар қолда сақталған жазба шежірелерді, тарихи мұраларды өзгелерге көрсетуге қорықты. Ауызша таратуға да жүректері дауаламады. Соның салдарынан ұлттық санамызды айқындайтын салт-дәстүрлеріміз ұмытыла бастады. Көне тарихымызды білетін қарттарымыз күрт азайып кетті. Содан болар тарихи оқиғаларды, дара тұлғаларды зерттеп кезінде көп қиыншылықтарға ұшырасты. 1985жылғы сәуір пленумынан бастап серпілістер басталды. Қайта құру мен демократияландырудан кейін ғана көне шежірелік кітаптарға көңіл бөліне бастады. Есімін халық қастерлеген тарихи адамдардың өз ұрпақтарымен жүздесуіне мүмкіндік туды. Он төртінші ғасырдың аяғында әйгілі болған әз Анамыз – Домалақ анамыздың (Нұриланың) есімі аса қасиетті. Журналистер Одағының мүшесі, белгілі журналист Данияр Дүйсенбайұлының әулие Анамыз жайында жазған тарихи-деректі естелігі қадіми дүниеге жасалған игі қадам дер едік. Көне шежірелер негізінде айтылған Домалақ Ана (Нұрила) жайлы нақты деректерді алдыңызға жайып салады. Домалақ Ананың (Нұриланың) «Диһнат мама» атануы тарихына келсек, бұл естеліктің ең негізгі тарауы. Бұлақ басында қара лашықта қалған қарапайым әйел мәселені ақылға жеңдіріп, тапқыр шешіммен қарақшылардың теріс қылығына тосқауыл қояды. Бұл эпизоттар бүгінгі ұрпақты ұлы әжеміздің адамгершілік өнегесін қастерлеуге, тәлім алып, оны көкірегіне орнықтыруға үндейді. Ұсынылып отырған естелік бүкіл көнекөз қарттарға, байырғы салт-дәстүрімізден хабары аз жастарға ұнайды деген ойдамыз. |
|
Есенберлин І. Алтын Орда: Тарихи трилогия. -Алматы: «І. Есенберлин ат. қор», 1999. — 528 б. Жазушы Ілияс Есенберлиннің тарихи тақырыптарға арналған шығармалары қалың оқырманға жақсы таныс. Тарихи трилогияның бірінші кітабы Алтын Орда хандығының құрылу кезеңі, яғни ХШ ғасырдың 70–80 жылдарына дейінгі дамуын арқау еткен |
|
Есенберлин І. Жанталас: Тарихи роман. -Алматы: Жазушы, 1973. -319 б. Қазақтың ұлы даласы күншығыс пен оңтүстік жағынан алып тағадай иіле түсіп, мыңдаған шақырымға созылған дүние жүзіндегі ең биік таулар қоршап жатыр. Осы ақ басты ғажайып шың, құздар қазақ жерінің үстінен өтетін ескек желге, азынаған дауыл-боранға ғана тосқауыл емес, бұл таулар көшкен елге де, басқыншы жаудың қалың қолына да асу бермек берік қамал болған. Бұл жолғы шайқас та – соның бірі еді. Жоңғар қақпасының етегінде Сойқан сайда қытай мен қазақ әскерінің алысқанына міне бір жеті болған. Жүрегінің түгі бар талай батырлар қайқы қара алдаспандардан қаза тапты. Талай албырт жас өмір сабағынан үзілген гүлдей семді… Қазақ жері өгіздің талысындай мол, бәрімізге жетеді. Біз Ертістің жоғарғы тұсымен Жетісу, Түркістан уәлиетін, Шығыс Түркістанды тегіс бауырымызға басамыз. Бұл романда қазақ қалқының ХVII-ХVIII ғасырларда басынан өткерген ұлы-ұлы оқиғалар әңгіме болады. Халқымыздың басына Жоңғарлар күшпен әкеп таңған «Ақтабан шұбырынды» трагедиясы, қазақ елінің Россия қол астына кіруі, шет ел басқыншыларына қарсы күрес кітапта тарихи деректер негізінде қызғылықты баяндалған. Есенберлин І. Көшпенділер: Тарихи трилогия. — Алматы: Жазушы, 1976. — 311 б. «Көшпенділер» атты тарихи трилогиясында автор қазақ халқының ХY-ХIХ ғасырларда басынан өткізген, мемлекет құрудағы тартысы, Жоңғар шапқыншылары әкелген «Ақтабан шұбырынды» трагедиясы, өз еркімен Россияның қол астына кіруі, елімізге қауіпті кезең туғызған Кенесары Қасымұлының қанды дүрбелеңі тәрізді ұлы оқиғалар жыр етіледі. Трилогияның тілі көркем, кейіпкерлері ірі тұлғалы.. |
|
Есләмғалиұлы М. Әйтеке би: Тарихи-философиалық дилогия. — 2007. — 560 б. Өмірден ерте өткен белгілі жазушы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мұқадес Есләмғалиұлының екі кітаптан тұратын жаңа романында негізгі кейіпкері әйгілі Әйтеке би ғұмырнамасын Темірқазық ете отырып, тарихымыздың «алтын ғасыры» саналатын ХVII-ХVIII ғасырдағы есімдері ел аңызына айналған Тәуке хан, Әнет баба, Соқыр Абыз, Мәті, Болпыш секілді тұлғаларымыз бен Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді көсем билеріміздің ел бірлігі һәм ынтымағы жолындағы көрегендіктері мен өзара достық, сыйластық өнегелері, әр сөзі бұлжымас жарғыға татырлық философиялық ойлары көркем бейнеленген. |
|
Жұмаділов Қ. Дарабоз: Тарихи роман. — Алматы: Шабыт,1994. — 41 б. Қожағұлұлы Қабанбай (1703–1781) – жоңғар басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі, қазақтың біріккен қолының Бас қолбасшысы, жекпе-жекте жеңіліп көрмеген халық қаһарманы. Шыққан тегі – Орта жүздің Найман тайпасының Қаракерей руынан, ел азаттығы жолында күрескен киелі батырлар әулетінен. Оның атасы Мәмбет те, әкесі Қожағұл да, Қожағұлдың ағасы Күшік те өз заманының аты шыққан батырлары болған. Қабанбай батыр әйгілі «Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі айтулы ірі шайқастардың бәріне қатысқан. «Хан батыры», «Дарабоз» деген атақтарға ие болған. Сан рет шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, бәрінде жаудың үміткер батырларын жер жастандырып, жауынгерлерін жеңіске рухтандырып отырған. Халқы оны «Қаракерей Қабанбай» деп ардақ тұтып, есімін жырға бөлеп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген. Батыр туралы жыр-дастандар, зерттеу еңбектері аз емес. Қабанбай батырдың өмірі мен ерлік күресі Бұхар, Ақтамберлі, Дулат, Тәтіқара т. б. Халық ақындары жырларына арқау болған. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының көне қолжазбалар бөлімінде Қабанбайға арналған жырлардың төрт нұсқасы, Қытай қазақтарында онға тарта нұсқасы сақталған. Бұл жырларды жинауға Ш. Уәлиханов, С. Торайғыров, Қ. Халидұлы көп еңбек сіңірген. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділов « Дарабоз» романын жарыққа шығарды. |
|
Жұмаханов Тілеухан. «Өткел» -Алматы, «Өлке». -2006. -240 бет. Жазушы Тілеухан Жұмахановтың бұл жинағында тарихи тұлға Қасым ханның қазақ хандығының негізін қалау жөніндегі ішкі және сыртқы саясатын, ел басқару әдісін, ерлігін, шайбани әулеті мен арадағы қақтығыстары мен шайқастары, хандықтың шекарасын кеңейтіп, Еуропаға дербес қауым болып танытуын, «Қасым ханның қасқа жолы» дейтін әйгілі заңның өмірге келу жолдарын дәлелдеген. Сонымен бірге жинаққа енгізілген бес әңгіме де ауыл өмірі, адамдардың тағдыры, тыныс-тіршілігі, мінез-құлқы, қарым-қатынасы шытырман оқиғалармен шебер, сенімді суреттеген. |
|
Кекілбаев Ә. Үркер: Роман. — Алматы: Жазушы, 1981. — 584 б. Жазушы бұл эпикалық кесек туындысында қазақ тарихының Ресейге қосылу сияқты ең бір талма тұсының күрделі шындығын жан-жақты қарастырады. Ол ХYII-ХYIII ғасырдағы қазақ-орыс, орыс-жоңғар, орыс-башқұрт, Ресей-Орта Азия, Ресей-Қытай қатынастары құжаттарына сүйеніп, болған оқиғалардың деректілік болмысын сақтай отыра, халықтың өз тағдыры жолындағы арпалысқа толы күресін суреткерлік толғаныспен жүйелі зерделеп, тартымды кескіндейді. |
|
Кекілбаев Әбіш. Шыңырау: Роман және повестер. — Алматы: Жазушы, 1982. -456 бет. Жазушының бір томдығына көпшілікке кең тараған белгілі романы «Аңыздың ақыры» мен «Күй», «Ханша-дария хикаясы», «Шыңырау» және басқа да повестері енді. Бұл шығармалар қазақ халқының ерлік тарихын, туған ел мен өскен жердің қасиеті мен қадірін дәріптеп, ата-бабаның ой-арманын жеткізеді, адамның өмірдегі орны, өмірдің мән-мағынасы төңірегіндегі толғаныстарды алдыға тартады. «Шыңырау» повесіндегі құдықшы Еңсептің тағдыры аса қайғылы. Бұл-өзінің тауқыметке толы қысқа ғұмыры ішінде жапан түзде талай құдық қазған, талайдың мейірін қандырған, өзіне осыншалық бейнет пен зейнет болған осыншама қауіп-қатерге толы еңбегіне ерекше қадыр-қасиетпен қараған адамның тарихы. Бірақ ол заманда Еңсеп секілді адамдардың еңбегіне көбіне еш болатын, ақыры ол да өз өмірінің ішіндегі ең терең шыңырауды қазып жүріп қазаға ұшырайды. |
|
Қамбар батыр: Эпос. — Алматы: Алматыкітап, 2006. — 48 б. Көшпелі халық қазақ жұртының қиыр жайлап, шет қонған ежелгі ноғай тайпасы бұл жылы жайлауға ерте көшкен еді. Көгал қуалай қонған қалың жұрт жарыса кереге жайып, шанырақ көтерісті. Жайлаудың осындай салтанатты күндері басталған шақта Әзімбай алты ұлын қасына шақырып алды. Әзиз әке балаларына қарап сөз бастады. — Осы жаулауда Назымжан туып еді, ұлдарым. Міне биыл қарындастарың он сегізге шығады, кәмелетке толады. Бұл шақ қыз бала ұядан ұшып өзге шаңырақтың қуанышы болады. Сөйтіп, халыққа Назымжанның кәмелетке келгенін білдірейік. Жиылғанға ас, жүйрікке жүлде әзірлеңдер. Назым, әуелі жаратқан иесіне алғысын айтты, одан ата-анасына деген ризашылығын білдіріп, өз тілегін айтты. Айтсам, бүгінге дейін қазақта қызды жігіт таңдайтын еді, — деді Назым. Ертеңгі тойда мен ел ішінен өзіме ұнаған жігітке жіп тағайын деп әкесінен рұқсат сұрады. Айтқаның болсын деп әкесі әумин деп батасын беріп, тілегін қабыл алды. Аяулы елім – алтын бесігім! «Тең — теңімен – тезек — қабымен деген атамыз қазақ… Бірақ Назым ешкімді де ұнатпады. Адамдық парасат білдіріп, жан қазынасын көрсеткен бірі болмады. Сол кезде ғұмыр кешкен Ноғайлы жұртының ежелгі хандарының бірі Әлімбай еді. Ол елуге дейін ел билеп, халыққа сыйлы болды. Бір перзентке зар Әлімбайдың бар арманы ұрпақ сүю еді. Әлімбай көп толғанды. Бір перзент үшін хандықтан қайыршылықты артық көрді. Арып-ашып, қаңғырып жүріп, қартайғанда алтын тұлымды жалғыз ұл көрді. Қамбардың кіндік қаны тамған жер – алпыс үйлі Арғын мен тоқсан үйлі Тобырдың ортасына лашығын орнатып отырып қалды. Кедей ауыл мырза келеді. Арғын мен Тобыр екі ауыл боп бар талшығын Әлімбай лашығындағылардың аузына тосады. Сөйтіп, Қамбар осы ер көңіл екі елдің арасында тел өсті. Кедей елдің күн көрісіне сай Қамбар мерген аңшы, мінезі ақкөңіл болып ер жетті. Жұрт ауыртпалығы Қамбар мен оның қара қасқа тұлпарына түсті. Қамбардың арқасында қазаны майланды. Екі ауыл жұрт біздің бағымызға Қамбарды бергеніңе шүкіршілік деп, Алласына алғыс айтты…. Бір кезде қара қасқа тұлпар әлденеден үркіп, осқырып, құлағын тігіп тұрып қалды. Есік пен төрдей жерде құйрығын бұтына қысып, жақындап келе жатқан жолбарысты көрді. Тағының екі көзі қызарып, азу тістері ақсиып, құлағын жымитып алыпты. Қамбардың басына бірінші келген ой Қара қасқа тұлпарға жара түсірмеу болды… Қамбар батыр» жыры жас шәкірттерді өз елінің патриоты етіп тәрбиелеуге қызмет етеді. |
|
Қобыланды батыр. Батырлар жыры: Ауыз әдебиеті. — Алматы: Алматыкітап, 2006. — 183 б. Қазақ десе, оқ атқан. Қабағына қар қатқан, Кірпігіне мұз қатқан, Он екі күнде бір жатқан. Он үш күнде бір татқан, О да айтулы ер еді, Қызылбастың белі еді…" Халқымыздың асыл мұралары, ауыз әдебиетінің көркем үлгілері – батырлық жырлар мен эпостар, лироэпостар сан ғасырдан бері ұрпақтар тәрбиелеудің өнегелі көзіне айналып келеді. Сондай мәңгі жасампаз эпостық қазына - «Қобыланды батыр» жыры. Батырлар жырлары тарихи шындықтың айғағы. Ғасырлар бойы талантты жыршы-жыраулар мен ақындар халықтың рухани өмірін жырлап келеді. Бұл жырларда қазақ халқының ру-тайпаларының ұлттық бірлігін, жерін, елін басқа жаулардан қорғаған қажыр-қайраты көрініс тапқан. Орта ғасырдағы ескерткіштер қатарына қазақтың батырлар эпосы «Қобыланды батырды» жатқызуға болады. Халқымыз көптеген эпикалық ескерткіштерінің арасында «Қобыланды батыр» жыры қазақ халқының мазмұны бай эпостық дастандарының бірі. «Қобыланды батыр» жыры қазақтың эпикалық әдет-ғұрпы жағынан да ерекшелінеді. Ол бір ғана дәуір оқиғасы емес, тарихи кезеңдердің қорытындысы. «Қобыланды батыр» жырының 30-ға жуық нұсқасы әр жылдары белгілі ақын, жыршы-жыраулардан жазылып алынған. Кешегі өткен заманда, Қарақыпшақ Қобыланды, Атасы мұның Тоқтарбай Халықтан асқан болды бай. Байлығында есеп жоқ, Айдалып, бағып жайылды. Төрт түлік малдың бәрі сай, … Атағы озған алаштан Сексенге жасы келгенше Бір бала көрмей Тоқтарбай, Қайғыменен қан жұтып, Ақылынан адасқан. Шөл иесі сұңқар қиясыз, «Еш нәрсе көрмей дүниеден, Өткенім деген – тұяқсыз» Жырдың негізгі арқауы – Отанын сыртқы жаулардан қорғау, өз елінің тәуелсіздігін қорғау. Онда батыр жаумен жалғыз өзі шайқасып, соның бәрінде де жеңіп отырады. Тобылғы меңді торы атпен Қобыланды шапты ауылға, Қатуланып қаттанып, Буырқанып бұрсанып, Мұздай темір құрсанып, Қабағынан қар жауып, Кірпігінен мұз тоңып, Ар жақ пенен бер жаққа, Аттанбаққа қалмаққа. «Барлы-барлы, барлы тау, Басы биік қарлы тау, ол төбе мен бұл төбе, бауыры жұпар күн төбе, қалғабайлы шөлдер бар, қасқалдақты көлдер бар». айтыңдар — уа, бар ма Қобыландыдан өткен ер?! Батырлар жырын жыршы–жыраулар бізге көркемдік мәнін түсірмей бүгінгі күнге жеткізген. Қобыланды бейнесінің өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор!. Бірінші рет «Қобыланды батыр» жыры Қазанда 1914 жылы (араб әрпімен) басылды. «Қобыланды батыр» жырының эстетикалық-тәрбиелік мәні зор. |
|
Мағауин М. Ақша қар: Әңгімелер және повестер. — Алматы: Жазушы, 1969. — 151 б. "Апыр-ау, сол сәтте мен қалайша тебіренбедім?! Көңіл неге шалқымады, жүрек неге өртенбеді? Көкірегіне басқа бір жүрек – ақын жүрегі орнайтын болар. Қозы сүйген Баяндай қай жері кем!? Қозы… тәңірі сыпатты Қозы, кеудесіне тәңірі текті махаббат орнаған Қозы. Қозы қапыда қаза тапты. Ай өзенінің жағасында, боз көделі жайпақ төбе басында жатыр арыстай болып. Қасында Баяны… Мұхтар Мағауин оқушы қауымға сыншы, әдебиет зерттеушісі ретінде жақсы таныс. Сонымен бірге ол көркем проза жазумен де үзбей шұғылданып келеді. «Ақша қар» атты бұл жинаққа автордың әр жылда жазылған таңдаулы әңгімелері мен «Тазының өлімі» деген повесі еніп отыр. |
|
Мақатаев М. Дастан: — Алматы: Жалын, ЖШС, 2006. — 320 б. Райымбек батыр жөнінде ақын М. Мақатаев шебер жырлаған: Шағылып тауы, құлазып көңіл мекені, Текенің астан оралған беті осы еді. Бәйгеде болған ұлының әбес қылығын, Ойласа болды, өрт қарып ішін өтеді Қу даладағы құйын ба дерсің ойнаған, Қыран ба дерсің қырт еткен құсты қоймаған. Өз атын өзі ұрандап бала келеді, Қамшы басына жейдесін ту ғып байлаған. Доғара қойып ойын мен дырду, сауықты, Бір сәтке қауым ішінен тына қалыпты. Он үшке толған Түкенің ұлы Райымбек, Албанға алғаш өстіп өзін танытты! Қ. Сауранбаевтың шежіресінде Райымбек он бес жасқа келгенде атасы Ханкелді жауға жасақ жинап, аттанып кетіпті дейді. Райымбек Қараталдың бойында шұбырып жүрген қалың сарбаздың ішіне келіп кіріп кетеді. Іле суының бойына келіп, одан әрі өте алмайды, тек Райымбек қана өтеді. Бұл жайында Мұқағали Мақатаев дастанында: Тұрғанда ашу, намыс, сезім арбап, Тоқтасын ба қауымның сөзін аңдап, Қамшы басып күреңге суға атылды, Өз есімін, айқайлап, өзі ұрандап, — деп жырлаған. Райымбек батыр жайлы ел ішінде аңыз-әңгіме, жырлар өте көп. Райымбекпен бірге жоңғарларға қарсы күрестің бел ортасында Сатай, Бөлек, Қойкелді, Қонақкелді, Қыстық, Малай, Байсейіт сынды батырлар жүрді. |
|
Сматаев С. Елім-ай: Роман-трилогия. 2-кітап. -Астана: Фолиант, 2003. — 424 б. Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Ел-жұртынан айрылған жаман екен, Екі көзден мөлтілдеп жас келеді! Елім – ай! Елім-ай. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламада» дүниеге келген бұл ән қазақтың ұлан-ғайыр кең даласын түгел шарлап кетті. Босқан елдің азалы зарымен тарады. Алақұйындатқан желдің ызалы шуылымен жайылды. Көбік шашқан көлдің қара жартасты ышқына соққан қаһарлы толқынымен ұзарды. Бұл ән – атамекен, кіндік жұртын аңсап, жапа шеккен елдің арманды тілеуі болды. Қайғымен еңкейген кәрінің өткенін ойға алғанда, ілгерісін көлденең тартар серігі де болды. Ат сойылын қамдаған, азаттық аңсаған қазақтың құдіреті мен қуатын шақыратын атойы мен ұраны да болды. Елдікті ән жоқтап, бірлікке ән шақырып, ерлікке ән бастады. Қасірет тұтқан даласының қасиетті әні жүректен-жүрекке өтті. Көңіл мен көңілді жалғастырды. Бұл ән – көңіл сергітер, қайғыдан серпілтер, жігерді ұштар, кекке бастар адуын ән еді. Бұл ән – ұрпақтан ұрпаққа ауысып, ер жүрек елдің жас буынын әлдилеп өсірер, аялап есейтер «Елім – айы» болатын. Ән алыстап барып үзілді. Әділ-Абылай сұлтаннан ажырап, Сарысудағы Байғозы досына бет алған Орынбай жолшыбай талай ауылдың үстінен өтті. Талай әнді тындады, талай зарды да естіді. Кей-кейде үміт сауған жүздерді кездестіреді. Ондайда қуақы көздерде жылт етіп ұшқын ойнап, баяғы жайдары мінезімен қайта қауышады. "Іңкәр дүнием, аңсар асылым – өзіңсің халқым! Барыңа жанымды тіктім — дейді. Қазақ халқының көрнекті жазушысы, әйгілі сөз зергері Софы Сматаев – ұлттық тарихымыздың тыңын алғаш көрушілердің бірі. «Елім-ай» трилогиясы – қаламгердің ұзақ жылдар бойғы үздіксіз іздеген қажырлы еңбегінің жемісі. Романның екінші кітабы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» оқиғасынан кейінгі алаш жұртының ес жиып, атамекеннен жат жұрттық жаулаушыларды айдап шығуға әрекеттенген елдің отандық соғысына арналған. Шығарманың тілі көркем. |
|
Төреханов Эрнест. Ескендір мен Роксана. — Алматы: Өлке. — 2006. — 400 б. Автордың тарихи романының басты кейіпкері – патшалар, ғұламалар, әскери қолбасшылар. Романда шапқыншылық, талас-тартыс, қанды қырғын, азынаған алапат, кек алу лаң өмір суреттелген. Бірақ әлемге әйгілі Александр Македонский, Ұлы Дала патшалары қаңлы Байтақ, үйсін Күнбегі көрегендер соңғы кезге дейінгі көптеген шығармаларда суреттелгендей әміршілер емес, баһадүрлігін, ақыл-парасаты мен ерлігін халық бағалаған қайырымды қолбасшы, үлкен жүректі, озық ойлы, ел жанды тұлғалар болып сомдалған. Ұлы Даланың дана қызы Роксананың елін қанды қырғыннан, жат елге бодан болудан сақтау бейнесі |
|
Тұрысов Е. Темірлан: Тарихи роман, повесть, әссе, естеліктер. — Алматы: Жазушы, 1992. — 416 б. Қайықпен кездім теңіз ауыр күнде, Қанды опқын қатты толқын қара түнде. Заманым заманыңа сәйкес келмес, Сынап көр сол қайыққа сен де мін де. Шәкәрім. Ақпанның аяғында қардан арылған қара даланың кеші жым-жырт. Дәл осы кеш, осы сәтте әлгінде ғана маздаған оттары сөндіріліп, енді қолаңта түтіндері бықсып, қан мен жанның кермек исі кернеген кең тоғайдың сыртында, қарадөң биігінен көшкен орданың орнында — жаңа орнаған діңгек белгінің жанында қалқайған жалғыз жанның қарасы көрінеді. Сол алаптың шығыс жағында, оңаша оқшау тігілген биік шатырдың сыртында еңкейген ай сәулесіне шомған түнгі дүниеге көз жіберген жалғыз адам тұр еді. Бұл – империя әміршісі – Темір. Бұдан отыз бес жыл бұрын Әмірші алмас семсерін қынабынан суырып, жиһан шахының алтын тағына барар жолды қанға бөктіріп өткенде, адамның бас сүйегінен зәулім ақ мұнаралар тұрғызған айтулы күндерінде, Үндістан мен Сұлтания Алтын Орда күл талқан боп мұның табанына түскенде мына өмірдің өз басынан да өтерін ойлап па екен, сірә. Женімпаз Шыңғысханның жолымен енді, Керулен бойындағы көп-көп монғол тайпаларымен бірге, сансыз түйелі көштерін тізген Барластың бай ауылдары да, жер қайысқан малын айдап, Алтай, Тарбағатайдан көк Ертіс, Ханшадария, Ұлытау, Мауараннахрға дейінгі ұлан өлкелерге бет түзеді. Кетермін, артымда сөз, әнім қалар, Кейінгі жастар оқып ортаға алар. Бірі жөн, бірі теріс айтыпты деп, Таласып өздерінше сынға салар. Шәкәрім. Жазушы Еркінбек Тұрысбековтың бұл кітабы адамзат тарихында теңдесі жоқ қаталдығымен әлемге аян орта ғасыр әмірі Ақсақ Темірдің аяқталмаған ақырғы жорығы тұсында, бүгінгі Орта Азия мен Иран, Оңтүстік Қазақстан жерінде, бұдан алты ғасыр бұрын өткен оқиғалар жайындағы тарихи дерек, ел ішінде сақталған аңыздар негізінде автор жиһангер падишаһтың тұлғасын және оны қоршаған ортаның барша тіршілік-тынысын кең суреттейді. |
|
«Ұлы Дала мемлекеттері». — Алматы: «Адамдар» баспасы, 2006. -216бет. «Адамдар» баспасы ұсынып отырған «Ұлы Дала мемлекеттері» кітабы танымдық тарихи әдебиеттер қатарынан орын алатыны сөзсіз. Қазақ халқы-бірнеше мың жылдық тарихы мен мәдениеті бар халық. «Қазақ» деген атауымыздың XV ғасырда (кейбір ғалымдар бұл атаудың одан да ертерек кездесетіндігін айтады) қалыптасқанымен, ол тарихта мыңдаған жылдар бойы бүгінгі Қазақстан және Орта Азия аумағында болған мемлекеттер құрамында өмір сүріп келген екен. Ал, енді қазақ халқының мемлекеттілігінің тарихы қай кезеңнен бастау алады деген мәселеге келсек, сөз жоқ, оны Ұлы Далада өмір сүрген ежелгі мемлекеттерден іздейміз. Тарихымызға үңілсек, қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген түрлі тайпалық одақтар мен мемлекеттер қазақ халқының тарихында өздерінің терең іздерін қалдырып отырған. Сондықтан аталмыш кітапта Ұлы Далада өмір сүріп, Қазақстан тарихында өзіндік ізін қалдырған тайпа бірлестіктері (сақ. Сармат, ғұн, үйсін, қаңлы) мен мемлекеттер (Түрік қағандығы, Қыпшақ хағандығы, Ақ Орда, т. б.) және олармен өзара байланыста болған кейбір көрші мемлекеттер (Бактрия, Кушан мемлекеті, Хулагу мемлекеті, т. б.) жайлы мағлұматтар жинақталып берілген. |
|
Шаханов М. Отрардың күйреуі: Поэма. -Алматы: Жазушы,2006. -480 б. Шыңғыс хан Отырар оқиғасында да өзі жіберген керуенді құпия түрде өз жансыздарына өлтіртіп, бар кінәні Қайырханға артты. Заманында Орта Азия әскери өнерін жете зарттеген. Айтулы оқиғадан Отырарға жүз жыл кейін белгілі саяхатшысы Ибн Баттута да осындай әңгімелерді жергілікті тұрғындардан естігенін баяндайды.. Сөйтіп құлағына найза бойлатпаған Шыңғыс хан Отырардың қасіретті тарихын сегіз ғасыр бойына шуда жіптей шатастырып жіберді… Отырарда жаз ішінде ақ қырау… Отырарға екінші рет шапты «жау». Шыңғыс ханның жауыздығын ақтаған Рухсыз сөз қауіптілеу, қаттылау, Әрі көзсіз мақсат-ойы нақтылау… Отырарға екінші рет шапты «жау». Шыңғыс ханның Отырарды алғаны, Өртеп, таптап, қанды қырғын салғаны, Сан мың ердің мәңгі сөніп арманы Күллі әлемді сүйсіндірген қаланың Орнында тек күл мен төбе қалғаны — |
|
Әлімжанов Әнуар. «Ұстаздың оралуы», «Махамбеттің жебесі»: Романдар, Орысшадан аударған: С. Мұратбеков пен Т. Жанұзақов. -Алматы: Жазушы, 1981. -544 бет. Дж. Неру атындағы халықаралық сыйлықтың, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйллығының лауреаты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр. «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған. Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жазушы» романында қазақ халқының 1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерлісі суреттеледі. |
|
Тұрлыбаев Ж. Тамыз таңы: Роман. — Алматы: Жазушы, 1987. -368 б. Суретті. Романда ХҮІІІ ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығына ұшыраған қазақ халқының ауыр тағдыры, дұшпанға қарсы азаттық күресі шынайы бейнеленген. |
|
Досжанов Д. Жібек жолы: Роман. — Алматы: Жазушы, 1973. — 269 б. Ұшы-қиырсыз Жібек жолының бойымен лықылдай соққан сары жел бір мезет демін ішіне тартқан. Күн арқан бойы көтеріліп, демде қызған көсеуге ұқсап құйқасын көңірсіте түсті. Кенет қиырдан ақ бас жыландай ширатылып көтерілген құйын көрінді, үлкейе келе өзгерді, тірі нәрсеге ұқсады. Бара-бара соңына сұйық шуда шаң тастап шапқылаған аттылы айқындалды. Аттылы да болмай шықты… Жазушы «Жібек жолы» атты тарихи романында ХIII ғасыр басындағы Дешті-Қыпшақ ұлысын, оның қара шаңырағы Отырардың өсу-өркендеу дәуірін әңгімелейді. Амырстан мәдениетінің опат болу сырын ашқан. Көне топырақта туып-өскен Хисамеддин ақын, Қайрауық күйші, Ғаббас көреген, Қадырхан қолбасы, Ошақбай батыр өмірі баян етіледі. Жібек жолы жүрек тұсында жатқан Сыр бойы елінің өміршең дәстүрлерін тебірене жазады. Туған жерді сүю, жас ұрпақты ерлік рухында тәрбиелеу кітаптың негізгі идеясы. |