Қайырхан — (туған шылы шамамен) Отырар қаласында дүниеге келген. Отырар қаласының билеушісі. Хорезм билеушісіне қызмет еткен, қыпшақ тайпасынан шыққан. 1218 жылы Қарақорымнан Отырар қаласына келген сауда керуені арасында Шыңғыс ханның тыңдаушылары бар деп сезіетенген. Қайырхан керукні тонап, адамдарын өлтірген. Осы оқиғадан соң Шыңғыс хан Қайырханды ұстап беруді талап еткенімен, Хорезмшаһ бұл талапты орындамай, келген елшілерді өлтіреді. Нәтежесінде екі ел арасында соғыс басталып, 1219 жылы қыркүйекте Шыңғыс хан әскері Ертістен Жетісу арқылы Сырдарияға келіп жетті. Отырарға таянғанда Шыңғыс хан қаланы қоршауға ұлдары Шағатай мен Үгедей басқарған әскерлерді қалдырып, өзі үш қосынымен Бұхараға аттанады. Қайыр хан күшін салып қорғанады. Қорғаныстың бесінші айы бітуге таянғанда хорезмдік әскербасы Қараша-Хаджиб он мыңдық қолымен беріліп, моңғолдарды қалаға кіргізіп жібереді. Соғыс қаланың ішінде жүрді. Қайырханды сенімді әскерлерімен берік қамалға бекініп, тағы бір ай соғысты. Қамалды қорғаушылар түгел қырылғаннан кейін ғана Қайырхан 1220 жылы ақпанда қолға түсіп, Шыңғыс ханның алдына апарылып, сол жерде өлтіріледі.