Өзіңді тексер
Ортағасырдағы Қазақстан. Оғыз мемлекеті (IX-XI ғғ. Басы)
1. Оғыз мемлекеті қай кезеңді қамтиды?
- а) X – XII ғғ.
- ә) IX – X ғғ.
- б) VIII – XIII ғғ.
- в) IX – XI ғғ.
2. Оғыз елінің 24 тайпаға бөлінгені жөнінде кім айтты?
- а) әл-Факих
- ә) әл-Фараби
- б) Махмұд Қашғари
- в) әл-Йакуби
3. X ғ. Оғыз мемлекетінің астанасы:
- а) Баласағұн
- ә) Янгикент
- б) Отырар
- в) Тараз
4. Оғыз мемлекеті қандай мемлекет?
- а) көне феодалдық мемлекет
- ә) тәуелсіз
- б) матриархат
- в) федерация
5. Жабғының орынбасарларын кім деп атады?
- а) шад-тұтұқ
- ә) Көл-еркін
- б) әскер басы
- в) сюбашы
6. Жабғудың мұрагерін қалай атаған?
- а) тақ иегері
- ә) патша
- б) инал
- в) хан
7. Оғыз әскерінің басшысы:
- а) жабғы
- ә) елтебер
- б) түменбасы
- в) сюбашы
8. Оғыздардың басты кәсібі:
- а) көшпелі мал шаруашылығы
- ә) егіншілік
- б) аңшылық
- в) қолөнер
9. Қай ғасырда Оғыз мемлекеті құлдырай бастады?
- а) IX ғ.
- ә) XI ғ.
- б) XII ғ.
- в) X ғ.
10. XI ғ. Оғыздардың кейбір қалдықтары кімдерге қосыладыЮ
- а) Қарахан мемлекетіне
- ә) қарақытайларға
- б) Дешті Қыпшақтың түркі тілдес тайпаларына
- в) Кимектерге