Өзіңді тексер
Ортағасырдағы Қазақстан. Қыпшақ хандығы (XI ғ. — 1219 ж.)
1. Араб деректемелеріндегі қыпшақ елінің атауы қалай?
- а) Дешті қыпшақ
- ә) Мафазат әл-ғұз
- б) қыпшақ ұлысы
- в) қыпшақ қағандығы
2. Еділ өзені қазір қалай аталады?
- а) Орал
- ә) Волга
- б) Сырдария
- в) Талас
3. Қыпшақ мемлекетінің даму дәрежесін анықтаңыз.
- а) әскери-саяси тайпалық одақ
- ә) құлиеленушілік мемлекет
- б) ертефеодалдық мемлекет
- в) феодалдық мемлекет
4. Қыпшақ хандығы қай кезеңді қамтиды?
- а) 942–1216 жж.
- ә) 1140-XIIIғ. басы
- б) IX-XII ғғ.
- в) XI ғ. басы -1219 ж.
5. Қыпшақ хандығының орталығы:
- а) Сайрам
- ә) Талхиз
- б) Сығанақ
- в) Тараз
6. Шығыс және Батыс Қыпшақ бірлестіктері орналасқан өзен:
- а) Орал
- ә) Еділ
- б) Сырдария
- в) Талас
7. Батыс Еуропа деректерінде қыпшақтарды қалай атаған?
- а) құмандар
- ә) көне түріктер
- б) дала қыпшақтары
- в) әскерилер
8. Орыс жылнамаларында қыпшақтарды қалай атаған?
- а) жауынгерлер
- ә) шаруалар
- б) дұрыс жауабы жоқ
- в) половцылар
9. Қыпшақтардың басты шаруашылығы:
- а) егін салу
- ә) аңшылық
- б) мал өсіру
- в) қолөнер
10. Қай жылдан бастап қыпшақтардың ыдырауы басталады?
- а) 1112 ж.
- ә) 1133 ж.
- б) 1130 ж.
- в) 1135 ж.