Өзіңді тексер
Ортағасырдағы Қазақстан. Шыңғысханның Орта Азия және Қазақстанға шапқыншылығы
1. Қашан Шыңғыс хан әскері Жетісуға басып кірді?
- а) 1218 жылы
- ә) 1206 жылы
- б) 1219 жылы
- в) 1213 жылы
2. Отырарда моңғол керуені қай жылы талқандалды?
- а) 1229 жылы күзде
- ә) 1218 жылы жазда
- б) 1216 жылы қыста
- в) 1215 жылы күзде
3. Шыңғыс хан әскерінің хорезмшах иеліктеріне шабуылы қай жылы басталды?
- а) 1218 жылы
- ә) 1116 жылы қыркүйек
- б) 1219 жылы қыркүйек
- в) 1237 жылы
4. Батыс жорығында моңғол әскерінде қанша мың адам болған?
- а) 300 мың адам
- ә) 200 мың адам
- б) 30 мың адам
- в) 150 мың адам
5. Батыс жорығында Шыңғыс хан әскерінің ішінде моңғолдардың саны қанша болды?
- а) 129 мың адам
- ә) 30 мың адам
- б) 111 мың адам
- в) 29 мың адам
6. «Отырар апаты» қашан болды?
- а) 1219–1220 жж.
- ә) 1218 жылы
- б) 1219 жылы
- в) 1216–1217 жж.
7. Шыңғыс хан қай жылы дүние салды?
- а) 1227 жылы
- ә) 1229 жылы
- б) 1219 жылы
- в) 1236 жылы
8. Шыңғыс хан Жетісуды өзіне қарату үшін кімді жібереді?
- а) Жошы
- ә) Жебе ноян бастаған топты
- б) Үгедей
- в) дұрыс жауабы жоқ
9. 1221 жылы Шыңғыс хан әскері қай жерлерді жаулап алады?
- а) Отырарды
- ә) Жетісуды
- б) Хорезмді, Орта Азияны
- в) Қытайды
10. Шыңғыс хан көтерілісінің ішіндегі ең ірісі:
- а) Орта Азияны жаулап алу
- ә) Хорезмге шабуылы
- б) Мәуереннахр
- в) 1238 жылы Бұхарада Махмұд тараби бастаған көтеріліс