Өзіңді тексер
Ортағасырдағы Қазақстан. Ақ Орда мемлекеті (XIII-XV ғғ.)
1. Ақ Орда хандығы құрылған аймақ:
- а) Жошы ұлысы
- ә) Мөңке ұлысы
- б) шағатай ұлысы
- в) Үгедей ұлысы
2. Ақ Орда хандығының шекарасы:
- а) Орта Азияның шығыс бөлігі
- ә) Жайық өзенінен Ертіске, Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін
- б) Жетісу
- в) Орталық Қазақстан
3. Ақ Орданың негізгі халқы:
- а) қидандар
- ә) татарлар
- б) түркі қыпшақ тайпалары
- в) арабтар
4. Ақ Орданың негізін қалаған кім?
- а) Ұрыс
- ә) Тоқтамыс
- б) Барақ
- в) Орда Ежен
5. Ақ Орда хандары өз аттарынан не шығарды?
- а) қағаз ақша
- ә) алтын
- б) металл ақша
- в) күміс ақша
6. Ақ Орданың кемеліне келіп толысқан шағы:
- а) XIII ғ. соңы
- ә) XIV ғ. екінші жартысы
- б) XIV ғ.
- в) XV ғ. бірінші жартысы
7. Ақ Ордаға шабуыл қаупін кім төндірді?
- а) Әмір Темір
- ә) Македонский
- б) Әбілхайыр
- в) барлығы дұрыс
8. Ақ Орданың басты қаласы:
- а) Сайрам
- ә) Талхиз
- б) Сығанақ
- в) Жаңакент
9. Ақ Орданың ең соңғы ханы:
- а) Мөңке хан
- ә) Тоқтамыс
- б) Ұрыс хан
- в) Барақ хан
10. Ақ Орда ыдырағаннан кейін билік кімнің қолына көшті?
- а) Ұрыс хан
- ә) Тоқтамыс
- б) Әбілхайыр сұлтанға
- в) Әмір Темірге