Өзіңді тексер
Ортағасырдағы Қазақстан. Қазақ хандығының құрылуы және оның нығаюы (XV-XVII ғғ.)
1. Қазақ хандығының іргесін қалаған кім?
- а) Жәнібек пен Керей
- ә) Қасым
- б) Орыс
- в) Әбілхайыр
2. Кім алғашқы Қазақ хандығы пайда болуының куәгері емес?
- а) Әз жәнібек
- ә) Ақсақ Темір
- б) Керей
- в) Әбілхайыр
3. Қай хан тұсында қазақтардың саны 1 млн. адамға жетті?
- а) Жәнібек
- ә) Есім
- б) Қасым
- в) Тәуке
4. Қазақ хандығы қай жылы құрылды?
- а) 1400 жылы
- ә) 1565 жылы
- б) 1460 жылы
- в) 1465 жылы
5. Жәңгір қазақ тарихында қандай атқа ие болды?
- а) жауынгер
- ә) «Салқам Жәңгір»
- б) Жәңгір сұлтан
- в) баскесер
6. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының астанасы:
- а) Түркістан
- ә) Сарай-Берке
- б) Сарайшық
- в) Сарай-Бату
7. Қасым хан тұсындағы хандықтың орталығы:
- а) Сауран
- ә) Сайрам
- б) Сығанақ
- в) Үзкент
8. Хақназарды деректерде қалай атайды?
- а) «өзбектердің ханы»
- ә) «жауынгер хан»
- б) «ең қатал хан»
- в) «қазақтар мен қырғыздардың ханы»
9. Хақназар сыртқы саясатын қайдан бастады?
- а) Ноғай Ордасы
- ә) Әбілхайыр хандығы
- б) Моғолстан
- в) Қазақ хандығы
10. Қасым ханның басты мақсаты:
- а) дұрыс жауабы жоқ
- ә) Сыр бойындағы қалаларды қайтадан өз иелігіне қосып алу
- б) қазақтардың санын көбейту
- в) бүкіл әлемді жаулап алу