Өзіңді тексер
Ортағасырдағы Қазақстан. «Жеті жарғы»
1. «Жеті жарғы» деген не?
- а) әдет-ғұрып заңдарының жинағы
- ә) мұсылман заңдарының жинағы
- б) халық ауыз әдебиетінің шығармасы
- в) қазақ шежіресінің атауы
2. «Жеті жарғы» заңы бойынша ер кісіні өлтірген үшін қолданылатын жаза:
- а) Өлім жазасы
- ә) 1000 қой
- б) дүре соғу
- в) басқа жерге көшіру
3. Жеті жарғы қай ханның тұсында қабылданды?
- а) Әбілхайыр хан
- ә) Есім хан
- б) Тәуке хан
- в) Қасым хан
4. «Жеті жарғы» заңдар жинағы қай жерде қабылданды?
- а) Шатырда
- ә) Киіз үйде
- б) Орда
- в) Күлтөбенің басында
5. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының жағдайы:
- а) күшейіп, дәуірлеген кезі
- ә) жікке бөліну
- б) індет
- в) ашаршылық
6. Жеті жарғының аталуы неге байланысты?
- а) барлығы дұрыс
- ә) Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске
- б) 7 саны киелі болғандықтан
- в) 7 адам қабылдаған соң
7. Жеті жарғы қазақтың шешендік өнеріне сай негізі неден құралды?
- а) өсиет
- ә) жұмбақ
- б) афоризм, мақал-мәтел, қанатты сөздерден
- в) қара сөз
8. Ата-анасына тіл тигізгені үшін баласына қандай жаза қолданды?
- а) 1000 қой
- ә) дүре соғу
- б) 7 адамның құнын төлеу
- в) қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, ауылды айналдыру керек
9. Жеті жарғыға байланыста қандай мәселелер шешілді?
- а) дау-жанжалдар
- ә) несие мәселесі
- б) қалыңмал құны
- в) экономика
10. «Жеті жарғыдан» кейін қандай заң жүйесі жасалды?
- а) дұрыс жауабы жоқ
- ә) ешқандай
- б) «Есім ханның ескі жолы»
- в) «Қасым ханның қасқа жолы»