Өзіңді тексер
Ортағасырдағы Қазақстан. Кіші жүздің Ресей империясының құрамына енуі
1. Кіші жүзді Ресейдің құрамына қосу туралы грамотасына Анна Ионновна қай күні қол қойған?
- а) 19 ақпан 1731 жылы
- ә) 10 ақпан 1731 жылы
- б) 9 ақпан 1731 жылы
- в) 20 ақпан 1731 жылы
2. XVIII ғ. Қазақстанды зерттеуші, атақты мәмілегер, Ресей елшілігін басқарушы кім?
- а) А. И. Добромыслов
- ә) А. И. Тевкелев
- б) И. К. Кириллов
- в) В. Н. Татищев
3. Қай жылы басында И. К. Кирилловтың басқаруымен Орынбор экспедициясы құрылды?
- а) 1733 жылы
- ә) 1737 жылы
- б) 1734 жылы
- в) 1736 жылы
4. Қай жылдары Абылай хан билік құрған?
- а) 1723–1767 жж.
- ә) 1802–1847 жж.
- б) 1804–1860 жж.
- в) 1771–1781 жж.
5. Патша өкіметінің мақсаты:
- а) Қазақ-жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін жаулап алу
- ә) жоңғарларды басып алу
- б) жоңғарларды мүлде жойып жіберу
- в) қазақ халқын жойып жіберу
6. Ор бекінісінің негізі қашан қаланды?
- а) 1736 жылы
- ә) 1735 жылы
- б) 1730 жылы
- в) 1734 жылы
7. 1738 жылы тамызда Орынборда қазақ сұлтандарының съезін кім өткізді?
- а) И. К. Кириллов
- ә) А. И. Добромыслов
- б) В. Н. Татищев
- в) А. И. Тевкелев
8. Абылай хан қай елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатады?
- а) Ресей мен Иран
- ә) Ресей мен Өзбекстан
- б) Ресей мен Жоңғар
- в) Ресей және Қытаймен
9. Қазақ билеушілері не үшін Жоңғар мемлекетін сақтап қалуды көздеді?
- а) Қазақстан мен Қытай арасындағы өткел ел (буфер) болғандықтан
- ә) Қазақстан мен Ресейді байланыстырды
- б) сауда жолы орналасқандықтан
- в) дұрыс жауабы жоқ
10. 1781 жылы Абылай хан қайда қайтыс болды?
- а) Таразда
- ә) Түркістанда
- б) белгісіз
- в) Ташкентте