Өзіңді тексер
Ортағасырдағы Қазақстан. Түрік қағанаты (551–603 жж.)
1. «Түрік» этнонимі қашан, қайда алғаш рет кездеседі?
- а) II ғ., парсы жазбалары
- ә) VI ғ., соғды кітаптары
- б) 603 ж., орыс жылнамалары
- в) 542 ж., қытай қолжазбасы
2. Түрік қағандығы іргесін қалаған кім?
- а) Атилла
- ә) Сұйық
- б) Бумын
- в) Мұқан
3. Түрік қағандығының тарихи шеңберін табыңыз.
- а) 603–704 жж.
- ә) 552–603 жж.
- б) 582–593 жж.
- в) 552–756 жж.
4. Ежелгі түрік тайпаларының алғашқы қоғамдық бірлестігі қалай аталған?
- а) дұрыс жауабы жоқ
- ә) жүз
- б) сарай
- в) алаш
5. Тарихта алғашқы қағанатты анықтаңыз.
- а) түргеш қағанаты
- ә) түрік қағанаты
- б) қарахандар қағанаты
- в) қарлұқ қағанаты
6. Бумын қай жылы қайтыс болды?
- а) 556 ж.
- ә) 554 ж.
- б) 553 ж.
- в) 555 ж.
7. Мұқанның ел билеген кезі.
- а) 553–556 жж.
- ә) 554–557 жж.
- б) 557–570 жж.
- в) 553–572 жж.
8. 582–593 жж. Түрік қағанатында қандай оқиға болды?
- а) билік үшін күрес
- ә) ашаршылық
- б) соғыс
- в) індет
9. Қытайлар түріктерді қалай атаған?
- а) жабайы халық
- ә) сюнну-ғұндар
- б) қолөнершілер
- в) соғыс құмарлар
10. Қай жылы Түрік мемлекеті екі дербес қағанатқа бөлінді?
- а) 601 ж.
- ә) 602 ж.
- б) 603 ж.
- в) 604 ж.