Күнтізбе

1801ж. — Бөкей хандығының құрылуы.

1804–1846 жж. — Махамбет Өтемісов.

1836–1838 жж. — Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісі.

1836–1857 жж. — Отаршылдық езгіге қарсы қазақтардың Жанқожа Нұрмұхамедов бастаған қозғалысы мен көтерілісі.

1837–1847 жж. — Кенесары Қасымұлының Ресей отаршылдығына қарсы ұлт — азаттық қозғалысы.

1838 ж. — «Сібір қырғыздарын жеке басқару туралы ереженің» енгізілуі.

1839–1840 жж. — В. Л. Перовский басқарған Хиуа экспедициясы.

1841–1889 жж. — Ыбырай Алтынсарин.

1844 ж. — Кіші жүзді басқару жөніндегі жаңа ереженің енгізілуі.

1845 ж. — Ырғыздың (Орал бекінісі) салынуы.

1847 ж. — Қапал бекінісінің салынуы.

1848 ж. 10-шы қаңтар — Ұлы жүз әкімшілігінің құрылуы.

1848 ж. — Арал теңізінің жағасында Қосарал қалашығының салынуы.

1854 ж. — Верный (қазіргі Алматы, орта ғасырда Алмату) бекінісінің іргесі қаланды.

1854 ж. — Семей облысының құрылуы.

1856 ж. қыркүйек-1857 ж. қаңтар — Сырдария қазақтарының көтерілісі.

1858 ж. наурыз-шілде — Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда қырғыз бен қазақтардың Қоқан билеушілеріне қарсы көтерілісі.

1860 ж — Ұзынағашта (Жетісу) Қоқан әскерінің күйрей жеңілуі.

1864 ж. — Патша әскерінің Меркі, Түркістан, Әулиеата, Шымкентті басып алуы.

1867 ж. — Түркістан генерал-губернаторлығы құрылды.

1869 ж. — Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс.

1872 ж. — Бөкей хандығы жерінің Астрахан губерниясына қосылуы.

1873 ж. — Орыс әскерінің Хиуаға жорығы.

1880–1888 жж. — Каспийдің шығыс жағына темір жол салынуы.

1881–1884 жж. — Ұйғыр мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.

1889–1905 жж — Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы.

1905 ж. — Успен руднигіндегі ереуіл.

1911 ж. — Доссорда мұнай кәсіпшілігінің ашылуы.

1913 ж. 29 көкек — Торғай облысының Айдарлы кеніндегі жұмысшылар ереуілі.

1914 ж. қаңтар — Доссор мұнай-кәсіпшілігіндегі жұмысшылар ереуілі.

1916 ж. маусым — Қазақстанда ұлт-азаттық қозғалысының басталуы.

1917ж. көкек-маусым — Орынборда, Петропавлда, Верныйда (Алматыда), Әулиеатада (Таразда), Перовскіде (Қызылордада), Семейде, Шымкентте жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің құрылуы.

1917 ж. шілде — Бірінші жалпықазақ съезі

2015 жыл – Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл

2015 жыл – Қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 180 жыл