Көркем әдебиет

. Махамбет. Менің атым-Махамбет. Өлеңдер мен күйлер. — Алиаты: «Жібек жолы», 2003. -224 б. М. Өтемісұлының 200 жылдығына орай шығарылған бұл кітап ақынның өлеңдері мен күйлерін толық қамтиды. Кітап ақын мұрасын қадір тұтар барша оқырманға арналған.
Салықов К. Дүлділдердің дүбірі. Өлең. — Алматы: «Қазығұрт», 2011. — 328 бет. Поэмада ұлы дүбірмен азаттық аңсаған Кенесарының өліміне өкініш, әрі жүрек лүпілін қосқан күйші Тәттімбеттің өз арманын аңғарасын. Ақын үлкен туындының тарихи толғаныстарын асқан шеберлікпен жеткізеді.
Хан Кене. (Тарихи жырлар, толғаулар, пьеса, дастандар топтпстырылып беріледі.)/ Құраст. -С. Дәуітов. — Алиаты: «Ана тілі», 2012. -424 б. Жинақта қазақ халқының қаһарман ханы, ұлт азаттық көтерілісінің аса білікті жетекшісі, қаһарлы Кенесары Қасымұлы жайлы өлең –жырлар, пьесалар, тарихи баяндар топтастырылып беріледі. Туындыларда аты аңызға айналған, ел азаттығыүшін арыстандай алысқан Кеннесары ханның ерлігі мен ел бастағанерен істері, күрескердің рухы жан- жақты суреттеледі.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. -Алматы: Жазушы. -Т.1: Өлеңдер мен аудармалары. -2002–296 бет. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының екі томдық толық жинағының бірінші томына ақынның 1855 жылдан 1896 жылға дейінгі өлеңдері мен аудармалары енгізілді. Абай шығармаларының Мұхтар Әуезовтың басқаруымен және тікелей қатысуымен дайындалып, 1957 жылы жарық көрген екі томдық толық жинағын негізге ала отырып, шығарушылар барлық шығармалардың текстін бұрынғы жинақтармен және жазба дерек саналып жүрген белгілі қолжазбалармен қайтадан салыстыра тексеріп шықты. Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілерімен деңгейлес тұрғаны- білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген ерен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес. Ұлы ақынды заман туғызады дейміз. Бұл ап-айқын, үйреншікті қағида көрінгенімен, зер салып қарастыруды қажет ететін өте күрделі мәселе. Бір дәуірде, тіпті бір ортада өмір сүрген ақындардың да суреткерлік деңгейі, ақыл-парасатының көтерілген биігі әр келкі болатынын дәлелдеп жату артық. Заман, қоғамдық жағдай-ақын, жазушы творчествасының өмірлік тірегі, негізгі, түп тамыры. Ал ақынның өз заманымен, қоғам өмірімен қатынас-байланысы, жалпы дүние-болмыстан алатын әсерлері сан алуан, оны бірнеше нақтылы жай-жағдайларымен шектеуге, бір жақты, тар көлемде түсінуге болмайды. Басты мәселе-Абай халықтың түбегейлі мүддесі, арман-тілектерін қаншалықты терең ұғып-түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік қуаттылықпен айтып жеткізе алғандығында. Ақын үлкен творчестволық тұлға болып қалыптасып, жетіп, кемеліне келуі үшін тиісті қоғамдық жағдай, аса зор дарын мен даналық, үздіксіз еңбек, ізденіс- міне осылардың түйісіп келуі шарт. Абай қазақтың жаңа реалистік жазбаша әдебиетінің, негізін салды. Абайдың шындық дарыны аса қуатты және сан қырлы. Ол-керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері. Сонымен бірге Абайды ойшыл ақын дейміз. Мұны алдымен ақынның өмірлік құбылыстарын терең толғап айту жағы басым келетін өлеңдеріне қатысты айтамыз. Сонымен қатар өмір, адам тағдыры, дүние, заман ағымы жайлы пікірлері, дүние- танымы көбірек көрінетін өлеңдеріне қатысты, яғни ойшыл-философ ақын деген мағынада да айтамыз.
Ақышев Зейтін. «Жаяу Мұса»: Роман. -Алматы: Жазушы, 1990. -416 бет. Жазушы Зейтін Ақышевтің «Жаяу Мұса» романы алғаш рет 1978 жылы «Жалын» баспасынан шыққан. Романға қазақтың аса көрнекті халық композиторы, ақын, музыка аспаптарының бірнеше түрін игерген, әрі әділерсіздік пен зорлық-зомбылыққа, қиянатқа қарсы өмірбақи күресіп өткен Жаяу Мұсаның өмірі арқау болған. Сонымен бірге романда XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші ширегінде қазақ даласының саяси-әлеуметтік, экономикалық ахуалы көркем шығарма арқылы терең баяндалған. Романның оқиғасы қою, кейіпкерлер бейнесі айқын, нанымды, ситуациялы көп планды шығармаға тән заңдылықпен дамып отырады. Кітаптың алғашқы басылымымен оқырман қауым да, әдеби сын да жылы қарсы алып, зор баға берді. Жұртшылықтың тілегі бойынша екінші рет басылып отыр.
Аманшин Берқайыр. «Ақ жүректер». Таңдамалы повестер мен әңгімелер. Алматы, «Жазушы», 1975. -296 бет Белгілі ақын жазушы Бекқайыр Аманшиннің таңдамалы бір томдығына оқушы қауымға бұрыннан мәлім «Көкжар», «Жар мұңы», «Исатайдың семсері» повестері мен бір топ әңгімелері жинақталған. Сонау патшалық заманындағы қоғамның зорлық зомбылықтарын шебер суреттеген. Жастардың бақытсыз тағдыры шебер суреттелген.
Аманшин Берқайыр. «Көкжар». Повесть. Әңгімелер. Алматы, «Жазушы», 1971. -144 бет. Берқайыр Аманшиннің «Көкжар» повесінің қаһарманы Бақытжан Қаратаев- атақты юрист, қоғам қайраткері, кейін ол белгілі революционер болды. Патша отаршылдығы мен қазақ феодалдарының езгісінде жапа шеккен халқының тағдыры оны терең толғандырады. Кітапқа енген өзге әңгімелер де қазіргі адамдарымыздың достығын суреттеуге арналған.

Аманшин Берхаир. Махамбеттің тағдыры: Роман және әдеби-зерттеулер. — Алматы: Жазушы, 1991. -400 бет.

Белгілі ақын, танымал жазушы әрі драматург, аудармашы және әдебиет зерттеушісі. Аманшиннің бұл кітабында

«Махамбеттің тағдыры» романы және әдеби-зерттеу мақалалары енгізілді.

Осы оқырманға ұсынылып отырған «Махамбеттің тағдыры» романын жазу үшін ол адам айтқысыз мол уақыт пен еңбек жұмсады. Ол тек қана осы романды-өз творчествасының өркеші, биігі болады деп санады да, соған сандаған жылды сарп етті. Ол Махамбеттің өлеңдерінің әрқайсының айтылған, шығарылған мерзімі мен мекенін анықтаудан бастады.

.
Тұрлыбайұлы Ж. Райымбек батыр: Роман. — Алматы. 1-кітап. — 2004. — 456 б. Жолдасбай Тұрлыбайұлының Райымбек батыр өмірінен жазылған тарихи романының бірінші томы бұдан бұрын 1987 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген. Содан кейін халыққа кең тарап, оқырмандар сұранысына ие болған осы кітаптың бұл екінші мәрте басылып шығуы. Барынша деректі әрі көркем тілмен тартымды жазылған роман ХVIII-ХIХ ғасырдағы қазақ тағдыры мен тарихынан мағлұмат береді. Аты аңызға айналған әулие, батыр бабамыз Райымбек Хангелдіұлының ерлікке толы өнегелі өмір жолы халықтық көркем тілмен бейнеленген.
Бақбергенов Сәуірбек. Ақ боз атты ару: Роман. -Алматы: Жалын, 1986. -280 бет. Жазушы жаңа романына қазақтың ұлы ғалымы, этнографы, тарихшысы, әдебиетшісі Шоқан Уәлиханов өмірінің соңғы кезеңін, яғни соңғы бір жыл көлеміндегі оқиғаларын арқау еткен. Романда ғалымның туған халқын шексіз сүюі, оның болашағына көзқарасы және өз басының сүйіспеншілігі, жары Айсараға деген махаббаты кеңінен баяндалады. Сол қоғамдағы адамдар өмірі де шебер суреттеледі.1864 жылы Шоқан қақаған қыстың ортасында өзінің туған жері, кір жуып, кіндік қаны тамған жері, атамекені Сырымбетпен біржолата қош айтысады. Қайта ол енді бұл жерге көбейіп, үйлі-жайлы боп, болашақ жарымен бірге қол ұстаса оралуды армандады. Басқасын қойғанда, ұзаққа созылған Қашғар саяхаты, одан Петербургте өткен жыл мен айлар оны шаршатқан, деп басталады роман.
Бегалин С. Шоқан асулары: Повесть. — Алматы: Жазушы, 1964. — 116 б. Төре ауылының бұл күзегін ұшқан құс, жүгірген аң болмаса, салт атты кісі баспайды. Қыста қылаң елсіз болып қар басса, жазда жалғыз үй күзетші отырады. Төре ауылы жайлаудан қайтқалы, Шоқанның ойында Омбы қаласына деген жүріс жолы елестеп, асығуы да бар. Әсіресе Сергей ағайдың қала жайынан қызықтырып айтқан әңгімелері есіне түседі. Апасы, үйге жүріңіз, Шоқаныныздың жол шашуына батаңызды беріңіз, — деді Зейнеп. Ауылдан шыға бере тақта жолда пәуескені, ерігіп тұрған үш күрең ат зырлата ұшырып келеді. Артына жалтақтай қараған Шоқанға: Шоқанжан, енді артыңа емес, алдыңа қара. Өміріңнің өрі алдыңда, — деді Шыңғыс. Иә, Шоқан, Шыңғыс Уәлиханович өте дұрыс айтады. Алдыңа қара. Қызық та, білім де, өнер де алдыңда, — деді Дабашевский. — Шоқан, сен орыстың ұлы оқымыстысы әрі ақыны Ломоносов жайында естімеген боларсың. Білімді іздеген адамға оның өмірі үлгі, мен саған соны айтып берейін, — деді. — Шоқан, сен әлі орысша оқып хат таныған кезіңде Пушкиннің де, Ломоносовтың да өмірбаянын, шығармаларын оқып танысасың. Мен саған тек Ломоносовтың оқуды қалай ізденіп, ұлы ғалым болғанын айтып берейін… Асықпа, әлі-ақ қала тұрмысына үйреніп кетесің, — деді… Өткен күзде ғана Омбыға келіп оқуға түскен кішкене Шоқан, дегенмен, қаланың қамау көше, тар үйіне әлі жете үйрене қоймап еді. Оның есіл-дерті кең дала, еркін жүріс, сахара ауасы. Шоқан ешбір баламен сөйлеспестен Ертіс бойына жөнелді. Дала баласы, түз қыраны еркіндікті, кең даланы қайда болсын көксемей тұра ма. Ұшқыр қиялды, өр көкірек дала сұңқары, — деді ақырын күбірлеп. Оқу аяқталған кезде ат алып келген Бейсенмен Шоқан ауылға оралды. Шоқан арбадан түсіп құшақтасып амандасты. Алдынан құшақ жая күткен апасы: — Келші, Шоқаным, келші, құлыным, — деген сөзді даусы дірілдеп, көзіне жас алап айтты. Апасының көз жасын көрген Шоқан өзі де анасының құшағына кіре қатты құшақтады…. Қыс ортасынан былай Шоқан орыс тілінде әдебиет кітаптарын құныға оқитын болды. Шоқанның суретшіл талабы сурет сабағының оқытушысы Померанцев деген жас офицерге қатты ұнайды. Ол Шоқанды ерекше сүйіп, қызыға үйретеді… Мен қазақ елінің ауыз әдебиеті жайынан Костылецкийден естігенім бар. Бұл халық сондай қияли, қанатты халық көрінеді ғой, — деді Померанцев. Мен сізге бір кішкене қазақ баласының өнерін көрсетейін, — деп Сергей Померанцевқа Шоқаннан алған Мысықтың, балшықтан жасаған түйесінің мүсінін көрсетті.
Мүсірепов Ғабит. Қазақ әйелі: Роман және әңгімелер. Кітапты баспаға дайындаған, алғы сөзі мен түсініктерін жазған Ә. Нарымбетов. -Алматы: «Жалын»,1982. — 416 бет. Әйел-ана тағдыры-Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйллығының лауреаты, академик-жазушы Ғабит Мүсіреповтың сүйікті тақырыбы. Алып та, батыр да анадан туады ғой. Ана-тіршілік басы ғана емес, адамгершіліктің де өлшемі, қаһармандықтың да үлгісі. Қазақ халқының тарихын терең зерттеген жазушы өз шығармаларында әйел-ананың әлеуметтік ролін, қоғамдық мәнін, гуманистік, патриоттық биік қасиеттің зор шабытпен бейнеленген. Бұл кітапқа жазушының «Ұлпан» романы мен «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ақлима», «Атақты әнші Майра» және тағы басқа белгілі әңгімелері тұңғыш рет топтастырылып беріліп отыр.
Бақбергенов Сәуірбек. «Дина»: Повесть. -Көркем әдебиет баспасы. Алматы, 1957. — 250. XVIII ғасырда өмір сүрген Құрманғазы Сағырбайұлы мен Дина Нұрпейсова жайындағы повесть. Бұл сол замандағы халықтың тұрмыс тіршілігі, қарапайым халықтың жағдайын күймен жеткізген алып дарын иелері десе болады. Халықтың сол кездегі ортасын Дина қыздарының бейнесінде келтірген. Құрманғазының оған ұстаздық еткені, орындаушылық шеберлігі, өсуі, кемеліне келуі. Атақты домбырашы болуы, лирикалық планда, көркем тілмен, әсерлі де, қызықты да жазылған.
Аймауытов Жүсіпбек. «Ақбілек». Роман. Алматы: «Раритет», 2003. -240 бет. Қазақ қызының шырғалаң тағдыры туралы Жүсіпбек Аймауытовтың бұл романы әлеуметтік сілкіністер заманының, реалистік жаңа қазақ әдебиеті қалыптасуы кезеңінің көрікті де кемел туындысы ретінде бағаланған. Аудармашы Х. Өзденбаевтан алынған нұсқа бойынша 1989 жылдан бері қарай жазушының шығармалар жинақтарына енгенімен, түрлі мәтіні бір ізге келтіріліп, дербес басылымы тұңғыш рет жүзеге асырылып отыр. «Ақбілек» романының өмірден алынғанын, шынайы шабыт пен шын шеберлік жемісі екені жоққа шығарылмайды. Ж. Аймауытовтың шығармашылық әлемінде әдебиеттің негізгі нысанасы-адам, өмір шындығы сол арқылы ғана көркем, нақты бейне, бедерге айналады. «Ақбілек» әлемнің сыры, ұлттық-эстетикалық әсері, рухани олжасы осында жатыр.

Торайғыров С. Қамар сұлу; Көбеев С. Қалың мал.; Мұқанов С. Адасқандар: -Алматы: « Жазушы» 2009. -416 бет. « Қамар сұлу», « Қалың мал» және « Адасқандар»- ХХ ғ. — дың бірінші жартысындағы қазақ әдебиетінде роман жанрының қалыптасуы мен дамуында аса елеулі орын алатын шығармалар. Үш қаламгердің үш туындысын да бір идеяға туыстыратын қасиет-бұлардың бәрі сол кездегі қазақ қоғамында өткір проблемаға айналған әйел бостандығын жырлайды.
Шүкіров З. Сыр бойы: Тарихи роман.2-т-Алматы: «Қайнар», 2006. — 400 бет. Тарихи романның 2-ші кітабында Жанқожа батыр бастаған ХІХ ғ-дың –ші жартысындағы шаруалар көтерілісі, батырдың өмірінің соңғы жылдары, оның қайғылы қазасы сөз болады. Кітапта халықтың тұрмысы, әлеуметтік жағдайлары көркем бейнелі тілмен жазылған.