Өзіңді тексер
Жаңа кезеңдегі тарих. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс (1837–1847 жж.)
1. 1837–1847 жж. болған көтеріліске кім басшылық еткен?
- а) Кенесары Қасымұлы
- ә) Исатай Тайманов
- б) Сырым Датұлы
- в) Махамбет Өтемісұлы
2. Кенесарының сенімді серігі болған кім?
- а) Бөгенбай батыр
- ә) Наурызбай
- б) Қабанбай батыр
- в) Нұралы
3. Кенесары Қасымұлы басшылығымен болған көтеріліс қашан болды?
- а) 1812–1824 жж.
- ә) 1836–1838 жж.
- б) 1837–1847 жж.
- в) 1814–1816 жж.
4. Кенесары қашан хан сайланды?
- а) 1801 жылы
- ә) 1870 жылы
- б) 1837 жылы
- в) 1841 жылы
5. Кенесары көтерілісінің негізгі мақсаты неде?
- а) тәуелсіз қазақ хандығын құру
- ә) жеке билік орнату
- б) қазақтарды Қоқан езгісінен босату
- в) қырғыз манаптарын бағындыру
6. Кенесары қозғалысының негізгі қозғаушы күштері кімдер?
- а) ақсүйектер
- ә) шаруалар
- б) билер, старшындар
- в) Орта жүз қазақтары
7. Кенесары қазақ хандығын жеке мемлекет ретінде құра алды ма?
- а) жоқ
- ә) дұрыс жауабы жоқ
- б) хандықты қайта құрды
- в) өз алдына ондай мақсат қойған жоқ
8. Хан маңындағы кеңесші орган:
- а) Хан әкімшілігі
- ә) Хан сайлауы
- б) Хан ордасы
- в) Хан кеңесі
9. Орта жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы бас көтерулері неден басталды?
- а) 1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы жарғыдан»
- ә) 1824 жылы «Орынбор қырғыздарының жарғысы»
- б) дұрыс жауабы жоқ
- в) жер үшін
10. Егіншілер қандай салық төледі?
- а) ешқандай салық төлеген жоқ
- ә) ұшыр
- б) зекет
- в) сойырғал