Өзіңді тексер
Жаңа кезеңдегі тарих. XIX ғ. Қазақстандағы экономикалық қатынастар
1. XIX ғ. екінші жартысында Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісі кімдермен қатынасын күшейтті?
- а) Түркиямен
- ә) Ресейдің капиталистік өнеркәсібі
- б) ешкіммен
- в) Қытаймен
2. Қазақ шаруашылығының рынокпен байланысының ұлғаюына не әсер етті?
- а) нарықтық қатынас
- ә) несие
- б) айырбас сауда
- в) патша өкіметінің салық саясаты
3. Негізгі тауарға не айнала бастады?
- а) мал мен астық
- ә) алтын
- б) жібек
- в) тері
4. 70–80 жж. Қазақстан базарларына Ресейден қандай тауар келетін болды?
- а) май
- ә) тұз
- б) мата
- в) астық
5. Қазақстанда тұңғыш жәрмеңке қашан болды?
- а) 1832 жылы Бөкей Ордасында
- ә) 1833 жылы
- б) 1835 жылы
- в) 1834 жылы
6. 1848 жылы Қарқаралыда қандай жәрмеңке болды?
- а) Атбасар жәрмеңкесі
- ә) Қоянды жәрмеңкесі
- б) Сырдария жәрмеңкесі
- в) Семей жәрмеңкесі
7. Шымкент пен Түркістанда қандай зауыт ашылды?
- а) дәрі-дәрмек зауыты
- ә) темекі зауыты
- б) мақта тазалайтын
- в) тұз өндіретін
8. XIX ғ. 70 ж. Ресейден Қазақстанға қандай жол тартыла бастады?
- а) автокөлік жолы
- ә) әуе жолы
- б) су жолы
- в) темір жол
9. Орынбор темір жолы қай жылы салынды?
- а) 1874–1876 жж.
- ә) 1875–1877 жж.
- б) 1874–1875 жж.
- в) 1875–1876 жж.
10. 1871 жылы Қазақстанда алғашқы ашылған банк:
- а) Жинақтаушы банк
- ә) Петропавлдағы қалалық қоғамдық банк
- б) Ташкенттегі мемлекеттік банк
- в) Халық банкі