Өзіңді тексер
Жаңа кезеңдегі тарих. Қазақстандағы XIX ғ. 60–90 жж. әкімшілік-саяси реформалар 1867–1868 жж. 1886 және 1891 жж.
1. «Уақытша жағдайды» қабылдау кезеңі?
- а) 1867–1868 жж.
- ә) 1865–1867 жж.
- б) 1866–1867 жж.
- в) 1862–1865 жж.
2. 1867–1868 жж. реформаның мәні?
- а) Қазақстанды облыстарға бөлу
- ә) Қазақстанды басқару жүйесінің түбегейлі өзгерісі
- б) уезд соттарын орнату
- в) генерал-губернатор қызметін енгізу
3. Қазақ жеріндегі әкімшілік басқаруды өзгерту үшін құрылған комиссия:
- а) «Азиялық комиссия»
- ә) «Қырғыз комиссиясы»
- б) «Дала комиссиясы»
- в) « Отарлау комиссиясы»
4. Әкімшілік басқару жүйесіне өз пікірлерін ұсынған қазақтың ағартушы-ғалымы:
- а) Ы. Алтынсарин
- ә) А. Құнанбаев
- б) С. Сейфуллин
- в) Ш. Уәлиханов
5. «1867–1868 жж. әкімшілік реформалар» бойынша Қазақ жері неше генерал-губернаторлықтың құрамына кірді?
6. «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы Ереже» қашан бекітілді?
- а) 1867 ж. 19 ақпан
- ә) 1867 ж. 11 шілде
- б) 1867 ж. 5 наурыз
- в) 1886 ж. 10 қазан
7. Түркістан өлкесін басқару туралы ереже қашан қабылданды?
- а) 1891 ж. 25 наурыз
- ә) 1868 ж. 11 шілде
- б) 1886 ж. 2 маусым
- в) 1886 ж. 15 шілді
8. Сырдария, Ферғана, Самарқанд облыстары қай генерал-губернаторлыққа кірді:
- а) Орынбор генерал-губернаторлығына
- ә) Жетісу генерал-губернаторлығына
- б) ешқандай губернаторлыққа кірген жоқ
- в) Түркістан генерал-губернаторлығына
9. 1891 ж. 25 наурызда қандай Ереже қабылданды?
- а) Далалық облыстарды басқару
- ә) Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже
- б) Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы Ереже
- в) Сібір қырғыздарын басқару туралы Ереже
10. 1891 ж. Ережеге сәйкес жер кімнің меншігі деп жариялануы заңдастырылды?
- а) ешкімнің меншігі болған жоқ
- ә) мемлекеттік
- б) дұрыс жауабы жоқ
- в) жеке меншік