Өзіңді тексер
Жаңа кезеңдегі тарих. Қоныс аудару саясаты (XIX ғ. 1870–1880 жж.)
1. XIX ғ. 70 ж. кімдерді қоныстандыра бастады?
- а) орыс және украин шаруаларын
- ә) татар шаруаларын
- б) өзбектерді
- в) қырғыздарды
2. Алғашқы қоныстар қай жерде пайда болды?
- а) 1870 ж. Ақмолада
- ә) 1879 ж. Көкшетау уезінде
- б) 1875 ж. Семейде
- в) 1880 ж. Түркістанда
3. «Шаруалардың Жетісуға көшуі туралы Уақытша ережелері» қай жылы кімнің ұсынысымен қабылданды?
- а) 1865 ж. А. И. Тевкелевтің ұсынысымен
- ә) 1868 ж. Анна Иоанновна
- б) 1868 ж. Колпаковскийдің ұсынысымен
- в) 1870 ж. Ш. Уәлихановтың ұсынысымен
4. «Ауыл тұрғындарын өз еріктерімен жаңа жерге көшіру және бұрынғы көшірілген топтар туралы арнайы ереже» қашан қабылданды?
- а) 1885 ж. 15 қыркүйек
- ә) 1888 ж. 5 тамыз
- б) 1890 ж. 10 шілде
- в) 1889 ж. 13 шілде
5. 1891–1892 жж. орыс шаруаларының қазақ жерлеріне қоныстануына не себеп болды?
- а) егіннің шықпауы
- ә) ашаршылық
- б) індет
- в) салықты көп мөлшерде төлеуі
6. Шаруалардың қоныс аударуы ненің есебіне жүргізілді?
- а) қазақтардың үйлерін тартып алды
- ә) қазақ көшпелілерінің жерін тартып алу есебінен
- б) дұрыс жауабы жоқ
- в) қазақтардың малдарын тартып алды
7. Қазақстанға орыс қоныс аударушыларына қандай қолайлы жағдай жол ашты?
- а) Ресеймен әуе жолы арқылы қатынасы
- ә) ешқандай қолайлы жағдай болған жоқ
- б) Қазақ жерінің Сібірмен және Привольжьемен темір жол арқылы жалғастырылуы
- в) Су жолының ашылуы
8. 1897 жылғы санақ бойынша қазақтардың жалпы мөлшері:
- а) 85 %
- ә) 75%
- б) 90%
- в) 87,1%
9. 1886 ж. Түркістан генерал-губернаторлығының көші-қонды басқару ережесі бойынша әрбір ер адамға қанша жер берілді?
- а) 10 десятина
- ә) 20 десятина
- б) 15 десятина
- в) 5 десятина
10. Орыс шаруалары қандай жерлерге қоныстанды?
- а) сусыз жерлерге
- ә) құнарлы жерлерге
- б) ешқандай жерлерге
- в) құмды жерлерге