Өзіңді тексер
Жаңа кезеңдегі тарих. Маңғыстаудағы көтеріліс (1870 ж.)
1. «Уақытша ереже» 1870 жылы қайда енгізілді?
- а) Маңғыстауда
- ә) Оралда
- б) Торғайда
- в) Семейде
2. Маңғыстаудың негізгі халқы:
- а) найман
- ә) адай руы
- б) дулат
- в) албан
3. Маңғыстау халқы кімнің талабын орындаудан бас тартты?
- а) Ертімбет Құлов
- ә) граф Кутаисов
- б) подполковник Рукиннің
- в) Досан Тәжиев
4. Көтерілстің басталуына не себеп болды?
- а) сауда
- ә) жер үшін талас
- б) салық
- в) Рукиннің ойланбай жасаған әрекеттері
5. Көтерілісшілердің жетекшісі:
- а) Иса Тіленбаев
- ә) Сырым Датұлы
- б) Исатай мен Махамбет
- в) Жанқожа Нұрмұхамедов
6. Н. А. Крыжановский қай өлкенің генерал-губернаторы
- а) Түркістан
- ә) Орынбор
- б) Семей
- в) Ақмола
7. Қозғалыс жетекшілері Хиуа хандығының шекарасына кай кезде өтті?
- а) 1869 жылы қыркүйек
- ә) 1868 жылы қазан
- б) 1870 жылы желтоқсан
- в) 1870 жылы шілде
8. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші:
- а) билер
- ә) сұлтандар мен болыстар
- б) орыс шаруалары
- в) қазақ шаруалары
9. Көтеріліс қай жерлерді қамтыды?
- а) Батыс Қазақстан және Солтүстік қазақстанның бір бөлігі
- ә) Шығыс Қазақстан
- б) Оңтүстік Қазақстан
- в) Солтүстік Қазақстан
10. Қозғалысты басуға кім басшылық етті?
- а) Кенесары Қасымұлы
- ә) граф Кутаисов
- б) подполковник Рукин
- в) Амангелді Иманов