Өзіңді тексер
Жаңа кезеңдегі тарих. Қазақстанның XX ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Отарлық қоныстандыру саясатының күшеюі. Столыпин аграрлық реформасы.
1. Үшінші мемлекетті Дума сайлауы туралы ережеге өзгерістер енгізілгені жөнінде патша жарлығы қашан шықты?
- а) 1907 жылы 3 маусымда
- ә) 1906 жылы 3 маусымда
- б) 1905 жылы 11 наурызда
- в) 1907 жылы 15 мамырды
2. П. А. Столыпиннің шаруаларды қауымнан хуторға бөлу туралы жер иелену заңы қашан шықты?
- а) 1905 жылы 10 шілде
- ә) 1906 жылы 9 қараша
- б) 1907 жылы 25 қыркүйек
- в) 1906 жылы 12 желтоқсан
3. Заң бойынша қазақтар мен өлкені мекендеген басқа халықтар қандай құқықтан айырылды?
- а) ешқандай құқықтан айырылған жоқ
- ә) басқа жерге көшу құқығынан
- б) сайлау құқығынан
- в) жер иелену құқығынан
4. Аграрлық реформаны кім әзірледі?
- а) Анна Иоанновна
- ә) А. И. Левшин
- б) С. Г. Рыбаков
- в) П. А. Столыпин
5. 1911 жылы 29 мамырда қандай заң қабылданды?
- а) «Жерге орналастыру туралы»
- ә) «Шаруалардың жер иеленуі жайлы кейбір қаулыларды өзгерту мен толықтырулар туралы»
- б) «Шаруалардың жер иеленуіне және жер пайдалануына қатысты қолданылып жүрген заңның кейбір қаулыларын толықтыру туралы»
- в) дұрыс жауабы жоқ
6. Жаңа революциялық өрлеу кезінде Қазақстанның жұмысшы табы неге қол жеткізді?
- а) жалақыны уақытында берілуіне
- ә) жалақыны арттыруға және айыптарды көбейтуден бас тартуына
- б) жұмыс уақытының қысқартылуына
- в) айып-пұлдарды алып тастауға
7. Столыпиннің бірінші шарты:
- а) шаруаға жер бөліп беру
- ә) жер ешкімнің меншігі емес
- б) шаруаны жердің иесі етіп бекіту
- в) жер мемлекет меншігі
8. П. А. Столыпин қай жылдары аграрлық реформаны әзірледі?
- а) 1907–1911 жж.
- ә) 1906–1910 жж.
- б) 1905–1906 жж.
- в) 1906–1911 жж.
9. П. А. Столыпиннің аграрлық саясатының мәні қайда көрсетілді?
- а) заң актісінде
- ә) жарлықта
- б) кодексте
- в) дұрыс жауабы жоқ
10. 1905–1907 жж. революция жеңгеннен кейін Ресейде қандай кезең басталды?
- а) өрлей кезеңі
- ә) реакция кезеңі
- б) қалпына келтіру
- в) қоныс аудару