Өзіңді тексер
Жаңа кезеңдегі тарих. Қазақстан Бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде (1914–1918)
1. Бірінші дүниежүзілік соғыс қашан басталды?
- а) 1914 ж. 19 шілде
- ә) 1915 ж. 15 ақпан
- б) 1916 ж. 25 шілде
- в) 1918 ж. 6 қаңтар
2. Мал шаруашылығының құлдырауына не себеп болды?
- а) егін аз шықты
- ә) ер адамдарды жаппай майданға алу
- б) шөп аз шықты
- в) малдарды тартып алу
3. Реквизиция неге әсер етті?
- а) азық-түліктің қымбаттауына
- ә) салық мөлшерінің көбеюіне
- б) мал санының азаюына
- в) астық бағасының өсуіне
4. Жетісу әскери-өнеркәсіп комитеті қашан құрылды?
- а) 1915 ж. желтоқсан
- ә) 1914 ж. наурыз
- б) 1916 ж. қазан
- в) 1915 ж. қыркүйек
5. Соғыс жылдарында қандай өнімге сұраныс ұлғайды?
- а) жүн өніміне
- ә) астыққа
- б) азық-түлікке
- в) дұрыс жауабы жоқ
6. Өлкедегі шұға өндіретін тұңғыш фабрика:
- а) Алматы фабрикасы
- ә) Қарғалы фабрикасы
- б) Шымкент фабрикасы
- в) Семей фабрикасы
7. Соғыс басталуына байланысты қандай салық салынды?
- а) зекет
- ә) ұшыр
- б) әскери салық
- в) сойырғал
8. «Бұратаналарды» тыл жұмыстарына алу туралы жарлықты кім шығарды?
- а) I Екатерина
- ә) II Елизаветта
- б) I Петр
- в) II Николай
9. Көтерілістерге қатысқаны үшін, ереуіл ұйымдастырғаны үшін қандай жаза енгізілді?
- а) өлім жазасы
- ә) 25 жыл бас бостандығынан айыру
- б) 15 жыл
- в) 10 жыл
10. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңі:
- а) 1914–1917 жж
- ә) 1914–1918 жж.
- б) 1916–1918 жж
- в) 1914–1916 жж.