Өзіңді тексер
Жаңа кезеңдегі тарих.
1. Этноцид деген не?
- а) Күштеп көшіру
- б) Халықты сан жағынан көбейту
- д) Ұлт аймақтарына көмек ұйымдастыру
- с) Халықты түгелге жуық қыру
2. Ф. Голощекиннің «ауылды кеңестендіру» ұраны арқылы көздеген бағыты:
- а) Тап күресін шиеленістіру
- б) Ауылды көркейту
- д) Кеңес үкіметін нығайту
- с) Әлеуметтік жағдайды жақсарту
3. 1926 жылы көктемде байлардан қанша егістік жер тартып алынды?
- а) 100 мың. га жер
- б) 500 мың. га жер
- д) 900 мың. га жер
- с) 1,25 млн. га жер
4. Жәнібек ауданында шаруашылықтың қанша пайызы ұжымдастырылды?
- а) 60%
- б) 98%
- д) 100%
- с) 95 %
5. Ұжымдастыру жылдары жекедегі малды қоғамдастыру нәтежесі:
- а) Колхоз малы көбейді
- б) Мал қоңданы, семірді
- д) Жем-шөптің жетпеуінен мал қырылды
- с) Ет, сүт өнімдері артты
6. Аштық салдарынан 1932 жылы қанша адам қайтыс болды?
- а) 769 мың
- б) 755 мың
- д) 313 мың
- с) 100 мың
7. Жаппай ұжымдастыру саясатына қарсы 5000 шаруа бірігіп, көтерліс жасаған аймақ:
- а) Батпаққара
- б) Қарақұм
- д) Созақ
- с) Семей
8. Көтерлісшілер қандай талаптар қойды?
- а) Заңсыз тәркіленген мал-мүлікті қайтару
- б) Ерікті ұстанымын сақтау
- д) Дін бостандығы
- с) Барлығы дұрыс
9. Күштеп ұжымдастыру саясатына кінәлі басшылардан кімді білесіз?
- а) Голощекин, Нұрмаков, Рысқұлов, Аюпов, Шатов
- б) Голощекин, Жандосов, Бокин, Мыңбаев, Андреев
- д) Голощекин Қуанышев, Омаров
- с) Голощекин, Исаев, Ерназаров, Құрамысов, Галюдов
10. 1929 жылы халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты енгізілген жағдай: а) Салғырт енгізілді
- б) Бай кулактарды қудалау
- д) Теңдей бөлу
- с) Азық-түлік отрядтары құрылды