|
Машани А. Таста түйілген тарих- Алматы: «Алатау», 2006, 288 бет. «Таста түйілген тарих» Ақжан Машанидің қауым алдындағы атқарған азаматтық борышын түгендей бастағанда ғұламаның қазақ әдебиетіндегі ғылыми көпшілік және фантастика жанрының алғашқы қадасы болып қағылған шығарма «Жер сыры» атауымен 1949 ж. шыққан. 1994 жылы "Таста түйілген тарих « тақырыбына сай өңделіп, толықтырылып оқушысына ұсынылып отыр. Жазушының әсіресе „Таңбалы тас хикаясы“,»Жер туралы хикаят" тағы басқа әңгімелері жер тарихы мен адам баласының жаратылысы мен тіршілігін өте тартымды етіп сүйреттеген. |
|
Салғараұлы Қ. Ұлы Дала. — Астана: Фолиант, 2013. — 520 бет. Көне дүние тарихының білгірі, жазушы- ғалым Қойшығара Салғараұлының «Ұлы дала» атты жаңа кітабы ежелгі және ортағасырлық далалық империялардың тартысы да талайлы тарихының жаңаша көзқараспен жазылуымен құнды. Есте жоқ ерте замандағы ата- баба тарихының қалтарыс- бұлтарыс тұстарын сүзе қараған автор еңбегінің тілі жеңіл, көркем. Кітап Ұлы Дала аталған ұлан- ғайыр кеңістікте өмір сүрген байырғы халықтардың тарихына қызығушы барша оқырманға арналған. |
|
Динозаврлар. Бастауыш мектеп оқушыларына арналған. «Балалар энциклопедиясы РОСМЭН» сериясы, Ред.: Мақпал Мыса. — Алматы: «Книжник» ЖШС, 2012. -95 бет. Ғалымдар жердің ұзақ-сонар тарихын миллиондаған жылдарға созылған- архей, протерозой, палезой, мезозой және кайнозой эралары деп, өте ауқымды уақыт бөліктеріне бөлген. Әрбір эра неғұрлым қысқалау уақыт кезеңдерінен-дәуірдерден тұрады. Әрбір эрада Жердің жаңа тұрғындары тіршілік сахнасына шықты. Сонымен, мезозой эрасын «бауырмен жорғалаушылар эрасы» деп дұрыс атаған, себебі сол кезде бауырмен жорғалаушылар құрлықта да, теңізде де ауа кеңістігін де жаулап алып, адам айтқысыз алуан түрлілікке жетті. Кітап кейіпкерлері- динозаврлар да дәл осы мезозой эрасында тіршілік еткен. Кітап өте қызықты, тартымды, түрлі-түсті суреттермен берілген. |
|
Тірі табиғат. Бастауыш мектеп оқушыларына арналған. "Балалар энциклопедиясы РОСМЭН " сериясы, Ред.: Мақпал Мыса. — Алматы: «Книжник» ЖШС, 2012. — 95 бет. Біздің ғаламшар қайдан пайда болдыдеген сұраққағалымдар нақты жауапбере алмай отыр. Ежелгі адамдарды бұл сұрақ аса қатты мазаламады: олыр барлық нәрсені тірі деп білді… Бір белгілісі: шамамен үш жарым миллиард жыл бұрын Жерде тіршілік пайда болғандығы және ежелде Жер атмосферасында ешқандай оттек болмағандығы. Бертін келе тіршілік атауы, заманауи бактериялар іспеттес, жарамды зат жасау үшін энергия көзін күн сәулесіненалып үйренді… Осындай қызықты ежелгі дүниелермен таныстыратын әдебиеттерді оқуларыңа болады. |
|
Тұңғыштар /Құрастырған Ш. Күмісбаев. — Алматы: «Алматыкітап», 2007. — 295 бет. «Тұңғыштар» кітабы – негізінен мектеп жасындағы балаларға арнап танымдық тұрғыдан жазылған еңбек. Көптеген жайда біз озық ойлы, білімдар, батыр, ғалым тағы басқа салалардағы ісімен алғашқы көрініп, аты шыққан ұлт өкілдерінің есімдерін біле бермейміз. Жас ұрпақ үшін алдыңғы ұрпақтың ісі –өнеге, мақтаныш, таусылмас қазына, алтын мұра. |