Өзіңді тексер
Ежелгі Қазақстан. Тас дәуірі
1. Алғашқы адамдардың негізгі шаруашылығы қандай болған?
- а) аң аулау, балық аулау, терімшілік
- ә) мал шаруашылғы, қолөнер
- б) жер өңдеу
- в) қолөнер және сауда
2. Ерте палеолитке тағы қандай атау беруге болады?
- а) ежелгі
- ә) жоғарғы
- б) орталық
- в) төменгі
3. Ежелгі палеолит дәуірінің ескерткіштері қай ауданда табылған?
- а) Шығыс Қазақстан
- ә) Солтүстік Қазақстан
- б) Оңүстік Қазақстан
- в) Батыс Қазақстан
4. Соңғы палеолит қай кезеңді қамтиды?
- а) 150 мың – 30 мың жыл бұрын
- ә) 35 мың – 10 мың жыл бұрын
- б) 700 мың – 150 мың жыл бұрын
- в) б. з. 2 млн – б. з. 800 мың жыл бұрын
5. Мезолит дәуірі қандай аралықта орналасқан?
- а) төменгі және жоғарғы палеолит аралығында
- ә) неолит және қола ғасыр аралығында
- б) палеолит және неолит аралығында
- в) қола және темір ғасырлары аралығында
6. Қашан бумеранг, садақ пен жебе жасалынған?
- а) неолит
- ә) энеолит
- б) палеолит
- в) мезолит
7. Қола дәуіріне дейін адамдар қандай металды қолданды?
- а) мыс
- ә) темір
- б) алюминий
- в) жез
8. Неолит кезеңінің соңында (б. з. д. III мың жыл бұрын) адамдар немен шұғылдана бастады?
- а) аң аулау
- ә) тоқыма
- б) құрылыс
- в) бейнелеу
9. Неолит дәуірін қалай атайды?
- а) ескі тас ғасыры
- ә) қола ғасыры
- б) жаңа тас ғасыры
- в) мыс тас ғасыры
10. Қандай кезең неолиттен бұрын болған?
- а) палеолит
- ә) қола ғасыры
- б) темір ғасыры
- в) мезолит