Өзіңді тексер
Ежелгі Қазақстан. Қола дәуірі
1. Андронов тайпалары қашан өмір сүрген?
- а) темір дәуірі
- ә) қола ғасыры
- б) тас ғасыры
- в) тастан мысқа өтпелі кезеңде
2. Қоланың құрамы қандай?
- а) қалайы мен мыстың қортындысы
- ә) мыс пен алтынның қорытпасы
- б) табиғатта таза түрде кездеседі
- в) мыс пен темір қорытпасы
3. Қола ғасыры орталық Евразия континентінде қай мәдениетпен байланысты?
- а) түркі мәдениеті
- ә) сақ мәдениеті
- б) скиф мәдениеті
- в) андронов мәдениеті
4. Андронов мәдениетінің ескерткіштері алғаш қашан табылды?
- а) 1924 ж.
- ә) 1950 ж.
- б) 1914 ж.
- в) 1921 ж.
5. Андронов мәдениеті қай дәуірдің алдында қалыптасты?
- а) қола ғасыры
- ә) неолит
- б) темір ғасыры
- в) тас ғасыры
6. Андронов тайпалары тұрғылықты мекен-жай үшін (б. з. б. XVIII-VIII ғғ.) нені пайдаланған?
- а) үңгірлерді
- ә) ағаш үйлерді
- б) киіз үйлерді
- в) балшық үйлерді
7. Андроновтарға бағалы болған малдың түрі
- а) сиыр
- ә) жылқы
- б) қой
- в) ешкі
8. Қола дәуірінде қандай үй тұрақтары көбірек тараған?
- а) киіз үйлер
- ә) тастан және балшықтан жасалған үйлер
- б) үлкен жертөлелер
- в) үңгірлер
9. Андроновтықтар жерлеу рәсімінде адамды қалай қойған?
- а) ұзыннан созылған, қолы қусырылған түрде
- ә) бетін төмен қаратып
- б) жауаптардың ішінде дұрысы жоқ
- в) бүктелген түрде
10. Жерленген андроновтықтардың басы қай жаққа бағытталып қойылған?
- а) шығыс немесе солтүстік-батыс
- ә) солтүстік
- б) батыс немесе оңтүстік-батыс
- в) оңтүстік